Талдықорған: +11°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ҮСТІМЕН ТУ ІЛГЕН БҮРКІТ ҰШТЫ — ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ

25 қазан 2022
РУХАНИЯТ
ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ҮСТІМЕН ТУ ІЛГЕН БҮРКІТ ҰШТЫ - ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Республика күні Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласының орталық алаңындағы жәрмеңкеде ұсынылған ауыл шаруашылығы өнімдері мен қолөнер шеберлерінің бұйымдарымен танысып, ұлттық мерекеге арналған концерттік бағдарламаны тамашалады.

Марат Елеусізұлы 9 аудан мен Қонаев қаласының ауыл шаруашылығы өнімдерін аралап көрді. Жәрмеңке облыс орталығында алғаш рет ұйымдастырылды. Тауар өндірушілер ет, сүт, көкөніс сияқты тауарлардың 48 түрін сатылымға шығарды. Барлығы 141 тоннаны құрайтын өнім 132 миллион теңгеге саудаланды. Бұл туралы Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Коюмчан Омаров мәлім етті.

Ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтық бағадан 10-15 пайызға төмен бағамен сатылды.

Мәселен, сиыр еті 2350 теңге, пияз 100 теңге, картоп пен сәбіз 120 теңгеден саудаланды. Облыс орталығының орталық алаңында мерекеге жиналған халық «Гүлдене бер, менің Қазақстаным» атты концерттік бағдарламаны тамашалап, Республика күнінің тарихымен танысты.

Онда 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-нің Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданып, 1995 жылы бұл күн ұлттық мереке – Республика күні болып жарияланғаны, оған 2001 жылы мемлекеттік мереке мәртебесі беріліп, ол 2009 жылға дейін сақталғаны, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы маусым айында Ұлттық құрылтай отырысында сөйлеген сөзінде Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынып, ҚР Парламенті биылғы қыркүйек айында «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға өзгерістер енгізілгеннен кейін Республика күнін ұлттық мереке ретінде белгіленгені туралы айтылды. Бұл Заңға ел Президенті қол қойды.

Мерекелік шарада, сондай-ақ, тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттілікті қалыптастыру, ұлт бірлігін нығайту, нарықтық экономика құру, оның қиындықтары жайында жан-жақты сөз етілді. Қапшағай қаласы Қонаев болып өзгертіліп, облыс орталығы мәртебесіне ие болды. Сол сияқты, көпшілік назарына биылғы жыл тарту еткен басқа да жақсылықтар ұсынылды.

Бұдан соң Қазақстанның рекордтар кітабына енгізілген рекорд орнатылды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы бекітілген 2 жасар бүркіт 18 метр биіктікте орналасқан әкімшілік ғимараттың төбесінен ұшып шығып, қала алаңына қонды.

Көрермендердің ерекше ықыласына бөленген бұл құс «Топжарған» этноөнер орталығына тиесілі. Жұртшылық батырлар туралы патриоттық қойылымды да ынта-ықыласпен қабылдады.

Қазақ эстрадасының жұлдызы Мейір Қайраттың шырқауындағы «Сен үшін», «Бөлексің, досым», «Бір досым бар» атты әндері орталық алаңды ән-думанға бөледі. Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Тастүлеков Қонаев қаласының тұрғындары мен қонақтарын Республика күнімен құттықтап, қазақстандық рекордтар кітабында еліміздің Мемлекеттік Туымен бүркіттің ұшу рекордын тіркеу туралы хабарлады. Көптеген республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты «Степсонс» тобы «Қорқыт», «Шабыт», «Көрұғлы» күйлерін ойнады.

Жас әнші Мұхтар Ханзада көрермендерді «Қазағым», «Шаршама», «Тойла, тойла» атты әндерімен қуантты. Республика күнін мерекелеу туралы әнші, композитор Нұрлан Еспановтың, жас талант Нұрмұхаммед Жақыптың, сондай-ақ, солист Асхат Тұрғынның, «Ағайындылар» тобының шығармашылығы көпшілікке ұмытылмас әсер қалдырды. Өнерсүйер қауым басқа да әндерді тыңдап, көңіл көтеріп, сахна төрінде өнер көрсеткен әнші-бишілерге қошемет көрсетті.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қонаев қаласы,

Алматы облысы

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

21 қараша 2026
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

21 қараша 2026
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

20 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.