Талдықорған: +7°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Орны бөлек қаламгер

11 ақпан 2025
РУХАНИЯТ
Орны бөлек қаламгер
WhatsAppTelegramFacebook

Қасиетті қаламын жанына серік етіп, қазақ әдебиетінде өзіндік өрнек салған жетісулық қаламгерлердің ішінде Нұрила Бектемірованың есімі көзге жылы ұшырайды. Өмірдің шұғыласы мен шуағын, ызғары мен суығын суреткерлікпен көркем кестелеп, талай тағдырлы кейіпкерін шырайлы шығармаларына арқау еткен жазушының әр кітабы – бір әлем.

Қарымды қаламгер, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар мен Журналистер одағының мүшесі Нұрила  Дәнтайқызы ақпан айының 6-жұлдызында 75 жасқа толды. Осыған орай, «жақсылықтың ерте-кеші жоқ» деген ниетпен, әдебиет әлемінде қолтаңбасы бар жерлес жазушымыз туралы тебіренуді жөн санап отырмыз.

Қаламгер атаулының дені ұлт руханиятының қазыналы қамбасына өміршең шығармалар ұсынып, елінің ертеңі мен кешегісін көркем түрде кестелейтін рухани қайраткерлер. Сол санаттан табылған Нұрила Дәнтайқызы қоғамдағы түрлі тақырыптар мен жан толғаныстарын қаламына арқау етіп, оқырманға олжа болған повесть, әңгіме, хикаяттар, әзіл әңгімелер жазды. Сол арқылы  ұлт мәдениеті мен әдебиетіне деген адалдығын танытты, елінің алқауына бөленді. 

Рас, жазушылық өнер – жауапкершілігі басым рухани сала. Әлемі әдемі, жазғандары жайнақ Нұрила Бектемірова сөз өнерінде өзіндік сүрлеу-сүрдек түзіп, шығармаларын мөлдірете жаза білді. Әлі де қаламын серік етіп, рухани шараларда мейман болып жүрген жерлесіміздің «Ұялған тек тұрмас…», «Нұрлы өмір – сырлы өмір», «Бақыттың білесің бе бағасын?», «Өмір бір басқа, көңіл бір басқа», «Сырлы ғұмырлар әлемі», «Өмірдің өзі жазған әңгімелер», «Күн түнекті сейілт еді» сынды шығармалары мен кітаптары оқырман қауымның сүйсіне оқыр туындысына айналғалы қашан?!

Дүниедегі жақсы мен жаман, ана мен бала, кісі баласының бақытқа жету жолында кездескен тағдыр тауқыметі мен өмірдің ащы шындығы,  тура жолдан адасқан кейіпкерлердің жан күйзелісі мен теріс қылықтары, жастар махаббатының өміршеңдігі тұрғысында кесек-кесек шығарма жазып, әрбір дүниесін түрлі жанрда көркем суреттеген жазушының ақындық қыры да ерекше. Жалынды жырларымен қатар  әнге айналған өлеңдері де оқырман есебінде бізді сүйсінтіп келе жатқаны шындық.

Оқырмандары мен әдебиет сүйер қауымды тағылымы мол туындыларымен сусындатып жүрген жазушының рухани әлемінен алар әсеріміз мол. Ендеше, өзім сүйіп оқитын автор есебінде Нұрила Дәнтайқызына мерейлі жасыңыз құтты болсын, қаламыңыздан ғажайып шығармалар туындасын дегіміз келеді. 

Гүлнар ШЕГЕНОВА, 
Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық орталық кітапханасының кітапханашысы

Қатысты жаңалықтар

Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Бүгін, 20:10
«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

Бүгін, 20:06

Елімізде 44 жаңа мектеп пен 37 балабақша пайдалануға берілді

Бүгін, 17:33
Қолжетімділік көтергіштен басталады

Қолжетімділік көтергіштен басталады

Бүгін, 15:46
Жетісуда бағаға бақылау күшейді

Жетісуда бағаға бақылау күшейді

Бүгін, 15:25

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.