Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ПРЕЗИДЕНТ ЖАРЛЫҒЫМЕН ЖЕТІСУЛЫҚ БІР ТОП АЗАМАТ МАРАПАТТАЛДЫ

19 наурыз 2022
РУХАНИЯТ
ПРЕЗИДЕНТ ЖАРЛЫҒЫМЕН ЖЕТІСУЛЫҚ БІР ТОП АЗАМАТ МАРАПАТТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі Қанат БОЗЫМБАЕВ мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі, сондай-ақ, азаматтарды қорғау мен құтқаруда көрсеткен жанқиярлығы үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 17 наурыздағы №839 Жарлығымен марапатталған азаматтарды Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтап, салтанатты түрде наградаларын табыс етті.

– Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – еңсесі биік елдіктің, іргесі бекем бірліктің, сарқылмас ырыстың бастауы, – деді Қанат Алдабергенұлы. – Халқымыз қашанда береке-бірлікке, ырыс-ынтымаққа баса мән берген. Ел ішінде бейбіт күнде еңбегімен, қиын сәтте ерлігімен көзге түскен жандар аз емес. Кешегі дүрбелең кезінде қаншама азаматымыз жұртты сабырға шақырып, салиқалы сөз айтты. Олар өз басын қатерге тігіп, айналасындағы адамдарға көмектесті. Осындай отаншыл тұлғаларымыз – жас ұрпаққа өнеге. Сіздердің әрқайсыларыңыз ынтымақ пен бірлік құндылықтарына адал тұлғасыздар. Адал еңбектеріңізбен, көмек қолын созуға деген шынайы ниеттеріңізбен барша жерлестерімізге үлгі-өнеге көрсеттіңіздер.

Қаңтар оқиғасындағы қайғылы жайттарды сөз еткен облыс басшысы: «Өкінішке қарай, дүрбелеңде бірқатар азаматымыз ерлікпен қаза тапты. Бұл – нағыз қасірет. Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына барлық жағынан көмек берілді. Біз азаматтарымыздың орнын ешнәрсемен толтыра алмасымыз анық. Көңілге жұбаныш – артта қалған ұрпағы, солардың қуанышы. Мұндай қасірет елімізде ешқашан болмасын!» — деді.

Бұдан соң ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі облыстық департаментінің бастығы Әлібек Қаюповтің өңіріне І-дәрежелі «Айбын» орденін, еңбек ардагері Нағима Сейітбаталоваға «Құрмет» орденін, облыстық «Жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің» қазақ күресінен аға жаттықтырушысы Тимур Абыханов пен «Жетісу» телеарнасының директоры Серік Сарыбайға «Ерен еңбегі үшін» медалін, «Баракат жақсылыққа жол» ұйымының жетекшісі Әсем Нұртуғанға «Шапағат» медалін қадаған облыс әкімі салтанатты шара соңында марапат иелерімен естелік суретке түсті.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.