Талдықорған: +20°C
$ 467.63
€ 547.69
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Қанжар ақыннан» қалған мұра

14.05.2026
КҮНДЕРЕК, РУХАНИЯТ
«Қанжар ақыннан» қалған мұра
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу – жыр мен күйдің, айтыс пен терменің киелі мекені. Бұл өңірден шыққан ақындар тек сөз өнерін ғана емес, халықтың тұрмыс-тіршілігін, мінезі мен дүниетанымын да айна-қатесіз жеткізе білді. Солардың қатарында Қалқа Жапсарбаевтың есімін ерекше атап өткен жөн, өйткені биыл ақынның туғанына 140 жыл толады.

Бүгінде Жетісу облыстық М. Тынышбай-ұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі қорында ақынның көзі тірісінде ұстаған домбырасы сақтаулы. Бұл құнды жәдігерді музейге ұлы Әбдібек Жапсарбаев табыстаған. Қалқа ақын домбыраны өткен ғасырдың алпысыншы жылдары Алматыға сапары кезінде сатып алып, өмірінің соңына дейін серік еткен екен. Сол бір қарапайым ғана аспапта тұтас дәуірдің үні, ақын жүрегінің дүрсілі, халық мұңының сарыны жатыр.

Қалқаның өмір жолы жеңіл болған жоқ. Сарықұм ішіндегі Қонысбай байдың есігінде жүріп, ішер асқа, киер киімге жарымай күндері өтіп жүргенде, Сүнбай жалшының айтқан ақылын тыңдап Мұқыры ауылынан шыққан 13 жасар бала Қалқа жаяу жүріп отырып, Талғардағы бір орыс көпесіне барып жалданады. Орыс көпестің жұмысын істеп жүргенде бір етікшімен танысқан екен. Сол қарапайым етікшінің үйінде Қалқа алғаш рет жарапазанның зарлы да мұңлы әуенін тыңдапты. Үй иесі етікші жарапазан айтқан жігітке 20 тиын күміс ақша ұстатқан. Қалқаның ақындық сезімінің оянуына, қолына домбыра алып, кеудесіне жиналған мұңды өлең қылып айтуына сол бір жарапазанның әуені себеп болған. Көңіліне белгісіз бір шумақ жолдары еріксіз келіп, Қалқа домбыраны қолына алыпты. Алғашқыда бойындағы бұл құбылысқа аса мән бермеген көрінеді. Бірақ жатса да, тұрса да ойына өлең жолдары оралып, мазасыз бір күй кешкен. Өлеңге деген құштарлығы сол кезде басталған. Етікшіге жалданып жүріп ағаштан шағын домбыра ойып алыпты.

Жасынан зерек Қалқа ел аузындағы қисса-дастандарды жаттап, жиын-тойларда айтып, халықтың ықыласына бөлене бастайды. Оның ақындық жолы халық тағдырымен тамырласып, бірге өрілді. Ақын жырларында әділдік пен адалдықты ту етіп, зұлымдық пен қайырымсыздықты батыл әшкереледі.

Қалқаның өнерін жоғары бағалаған алып тұлға – Жамбыл Жабаев. Жамбыл ақын оны «қанжар ақын» деп атап, өткірлігі мен тапқырлығына ерекше тәнті болған. Қалқаның суырыпсалмалық қабілеті, ұшқыр ойы, дәл де әсерлі теңеулері оны өзгелерден даралап тұрды. Ел аузында сақталған деректерге сүйенсек, Жамбыл бірде ризашылық белгісі ретінде өз домбырасын Қалқаға сыйға тартқан деседі.

Қалқа Жапсарбаев үшін домбыра жай ғана аспап емес. Ол сырлас та мұңдас, халық үнін жеткізер қасиетті құрал, рухтың тірегі іспетті.

Домбыраның қоңыр үнімен ол халықтың жан дүниесін сөйлетті, елдің мұңын жеткізді, әділдіктің сөзін айтты. Айтыс сахнасында шындықты ту етіп, тайсалмай сөйлеген ақынның үні уақыт өткен сайын асқақтай түсті.

Бүгінде Қалқа мұрасы қазақ руханиятының алтын қорына енген асыл қазына. Оның жырлары бүгін мен болашақты жалғайтын рухани көпір. Домбыра үнімен өрілген сол жырлар халық жадында мәңгі жаңғырып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп келеді.

Айгүл ӘЛІМБАЕВА,
М. Тынышбайұлы атындағы
тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері

 

Қатысты жаңалықтар

Технологиялық серпіліс: Саммит қауіпсіздігін Tesla Cybertruck қамтамасыз етеді

Технологиялық серпіліс: Саммит қауіпсіздігін Tesla Cybertruck қамтамасыз етеді

14.05.2026
Астанада Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Астанада Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

14.05.2026
Жолдағы жауапкершілік: Сарқанда балалар қауіпсіздігін нығайту шаралары өтті

Жолдағы жауапкершілік: Сарқанда балалар қауіпсіздігін нығайту шаралары өтті

14.05.2026
Жол салу мен жөндеуді отандық өндім толық қамтып отыр

Жол салу мен жөндеуді отандық өндім толық қамтып отыр

14.05.2026
Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың қамау мерзімі ұзартылды

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың қамау мерзімі ұзартылды

14.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.