Талдықорған: +10°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Құрбан шалудың құны белгіленді: Қасиетті мейрамға дайынсыз ба?

3 маусым 2025
РУХАНИЯТ
Құрбан шалудың құны белгіленді: Қасиетті мейрамға дайынсыз ба?
WhatsAppTelegramFacebook

Ибраһим пайғамбардың әулетінен басталатын ұлық мереке Құрбан айт биыл 6-8 маусымда болады. Тарих пен тағылымды ұштастырған, адам бойындағы мейірімділікті арттырып, араздасқандарды жақындастырып, мұқтаждарға қол ұшын беруді насихаттайтын игі істің бастауы саналатын Құрбан айттың маңызы зор. Бұл мерекені атап өтудің ережесі қалыптасқан, арнайы өкілдіктер арқылы нақты шешім қабылданған. Бұл жөнінде Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйіне арнайы келген облыс бойынша бас имам Керімбек Дәуітов пен облыстық дін істері басқармасының басшысы Сағыныш Жаңабай айтты.

Малдың жақсысын құрбандыққа шалып, тұрмысы төмен адамдарға таратып, болмаса қонақ күтіп, үлкеннің батасын алу Аллаға жақындау («Құрбан» сөзін арбаша аударсақ «жақындау») үшін жасалған қадам. Сайып келгенде шарттарды ұстана отырып, құлшылық ниетімен мал бауыздау (діни терминдік мағынасы). Биылғы мерекеге дайындық жөнінде бас имам Керімбек Сәрсембайұлы:

– Алла қаласа, биыл 5 маусымда Арафа күні басталып, Құрбан айт мерекесі 6-8 маусымда болады. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы және алыс-жақын мұсылман елдерінің ғұламаларымен пәтуа шығару орталықтарымен кеңесіп, осындай шешім қабылдады. Айт намазы облысымыз бойынша 6 маусым сағат таңғы 6.00-де оқылады. Ал мерекеге орай облысымызда 14 орын қасапхана ретінде белгіленген. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Раббыңның разылығы үшін намаз оқы және құрбандық шал» («Кәусар» сүресі, 2-аят) деп бұйырған, – деді өз сөзінде.

Құрбан айт мерекесінде www.qurban.muftyat.kz сайты жұмыс істеп, онлайн тіркеліп, ақша аудару арқылы құрбандық шала аласыз. Ал жіберген ақшаңыз жөнінде, малдың сойылып, берілгендігі жөнінде WhatsApp мессенджері арқылы хабарлама келеді. Сайтта қой 80 мың, ешкі 50 мың, ірі қара 500 мың, түйе миллион теңге деп көрсетілген. Бұл бағаға сою, жіліктеу, пакетке салу, мұқтаждарға жеткізу, қасапшының қызметі қосылған.

Ысырапшылдыққа жол бермеу мақсатында бірқатар іс жүргізіліп жатыр. Бұл жөнінде Сағыныш Асқарұлы:

«Мерекеге байланысты аудан, қала аумағында жалпы қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, резонанстық жағдайға жол бермеу және Құрбан айтты өткізу бойынша тиісті жоспар бекітіліп, жұмыс жүргізілуде. Белгіленген орындарда малдың сатылуы мен сойылуын анықтап және ол туралы тұрғындарды алдын ала хабардар етіп, мал сою орындарындағы санитарлық-ветеринарлық нормалардың, өрт қауіпсіздігі сияқты талаптардың сақталуын қадағалап, құрбан шалудың тәртібі бағытында ақпараттар әлеуметтік желілерге жариялануда, – деді.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Естібаев Марат Дәулетұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Естібаев Марат Дәулетұлы

Бүгін, 16:40
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Ежімбеков Асан Тоқайбекұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Ежімбеков Асан Тоқайбекұлы

Бүгін, 16:39
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Түндебаев Асхат Машенұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Түндебаев Асхат Машенұлы

Бүгін, 16:33
Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Баянова Сандуғаш Есенкелдіқызы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Баянова Сандуғаш Есенкелдіқызы

Бүгін, 16:31
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Ирмекеев Нұрлыхан Аяджанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Ирмекеев Нұрлыхан Аяджанұлы

Бүгін, 16:23

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.