Талдықорған: +15°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Қырық түп жеміс ағашы егілді

23 сәуір 2026
РУХАНИЯТ
Қырық түп жеміс ағашы егілді
WhatsAppTelegramFacebook

Желтоқсан көтерілісінің 40 жылдығына орай кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы аумағында 40 түп жеміс ағашы отырғызылды. Бастама елдік рухты көтеру мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың жарқын үлгісіне айналды. Салтанатты жиын патриоттық әндермен басталып, жиналған көпшілікке рух сыйлады. Шараға қоғам қайраткерлері, Желтоқсан көтерілісінің куәгерлері, зиялы қауым өкілдері мен мекеме қызметкерлері қатысты. 

Басқосу «Адал азамат» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Бұл жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеумен қатар туған жерді, табиғатты аялауға үндейтін игі қадам. Салтанатты сөз алғандар бастаманың маңыздылығын айтып, Желтоқсан көтерілісінің Тәуелсіздік алудағы маңызына тоқталды.

Шара барысында белгілі публицист-жазушы Көлбай Адырбек-ұлы сөз сөйлеп, Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын тілге тиек етті. Ол өз еңбектерінде көтерілістің ақиқатын ашуға мән бергенін атап өтті. Сонымен қатар, Желтоқсан көтерілісіне қатысушы Түгелбай Тәшенов, «Желтоқсан – 1986» көптомдық еңбектің авторы Талғат Айтбайұлы да Желтоқсан оқиғасы кезінде бастан өткізген жайттармен бөлісті. Олар ел тәуелсіздігі жолында құрбан болған ерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын, бүгінгі ұрпақ солардай ержүрек болу керегін жеткізді.

Жиында орталық директоры Ерлан Сансызбаев сөз алып, тәрбиелік шаралардың жасөспірімдер үшін маңызы зор екенін атап өтті. Ол ел мүддесі үшін ұйымшылдық пен бірліктің үлгісін көрсеткен Желтоқсаншыларға алғыс білдірді.

Шара аясында көтеріліске қатысқан Түгелбай Тәшенов, Жамбылбек Тайжұмаев, Қайыргелді Күзембаев, Талғат Айтбайұлы, Көлбай Адырбекұлы, Ақбөпе Балғымбекова, Ыдырыс Аяп және Ақкүміс Ихласовалар Талдықорған қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Салтанатты бөлімнен кейін қатысушылар мекеме ауласына 40 түп жеміс ағашын отырғызды. Бұл игі іс табиғатты көркейту ғана емес, өткен тарихқа тағзым жасап, болашақ ұрпаққа өнеге көрсетудің көрінісі. Мұндай тағылымды шаралар жастардың бойына отансүйгіштік сезім қалыптастырып, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыра түсері сөзсіз. Желтоқсан рухы – ел жадында мәңгі сақталып, ұрпақтан ұрпаққа жалғаса бермек.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облысына — 3 жыл: шамамен 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, кезекте тұрған 5735 адам үйлі болды

Он айда 14,9 млн шаршы метр тұрғын үй салынды

Бүгін, 14:52
Талдықорғанда қала әкімі тұрғындарды қабылдады

Талдықорғанда қала әкімі тұрғындарды қабылдады

Бүгін, 14:01
Текеліде оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің зияны түсіндірілді

Текеліде оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің зияны түсіндірілді

Бүгін, 13:30
Еліміз цифрлық қоғамдық игіліктерді дамытуға үлес қосады

Еліміз цифрлық қоғамдық игіліктерді дамытуға үлес қосады

Бүгін, 13:06
Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 18,3 млрд долларға жетті

Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 18,3 млрд долларға жетті

Бүгін, 12:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.