Талдықорған: +14°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ӨҢІРДІҢ ТРАНЗИТТІК ӘЛЕУЕТІ АРТАДЫ

31 наурыз 2018
РУХАНИЯТ
WhatsAppTelegramFacebook

Ғылым мен техника ұшқан құстай дамып, дүние күн сайын жаңарып, жаңаланған қазіргі сәтте заман талабының тым шапшаң жоғарылап келе жатқаны рас. Бұл тәуелсіздіктің ширек ғасырын тойлап, дамудың жаңа кезеңіне өткен Қазақстан үшін бәсекеге толы тың мүмкіндіктер алаңы екені даусыз. Осы тұста жаһандық үрдісті дұрыс бағамдай білген Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ  Қазақстан халқына өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жолдаған болатын. 

Онда Мемлекет басшысы: «Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді», – деп атап көрсетті. Бұл – тәуелсіз Қазақстанның жаңғырудың келесі бір кезеңіне өткенін, яғни, жаңа технологиялық мүмкіндіктерге жол ашқан қарыштап даму кезеңіне аяқ басқанын көрсететін маңызды құжат болып отыр. 
Елбасы аталған құжатта көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру қажеттігін баса айтып, бүгінде Қазақстан аумағы арқылы бірнеше трансконтинентальды коридор өтетінін атап өтті. Сол арқылы транзиттен түсетін жыл сайынғы табысты 2020 жылы 5 миллиард долларға жеткізу міндеті тұрғандығын көрсетіп берді. 
Трансконтинентальды коридор демекші, өңірімізде «Нұрлы жол» бағдарламасының арқасында әлемдік заманауи стандарттарға сәйкес «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Алматы – Талдықорған» автокөлік жолдары жасалды. Былтырдың өзінде ғана көлік қызметінің көлемі 10% өсіп, түсім мөлшері 500 млрд. теңгеге жеткен. Бұдан бөлек, биыл  «Талдықорған – Өскемен», «Үшарал –Достық», «Ұзынағаш – Отар», «Күрті – Бурылбайтал» автокөлік жолдарының құрылысы басталып, соның нәтижесінде өңірдің транзиттік әлеуеті бұрынғыдан да арта түспек. Өз кезегінде бұл, Жолдауда атап көрсетілгендей, инфрақұрылымға жұмсалған мемлекет қаражатын тез арада қайтаруға мүмкіндік береді деп күтілуде. 
Нұрсұлтан Әбішұлы өз Жолдауында жүк қозғалысын онлайн режімінде бақылаудың, яғни цифрлық технологияларды ауқымды түрде енгізудің маңыздылығын,  осы мақсаттар үшін интеллектуалды көлік жүйесін енгізудің қажеттілігін нақтылап өтеді. Сонымен қатар, ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салуға арналған қаржы көлемін көбейту керектігін тапсырған болатын. 
Жалпы өңірдегі автокөлік жолдарының ұзындығы 9334 шақырым болса, соның 6788 шақырымы – жергілікті маңыздағы жолдар. Аймақта облыстық және ауылішілік жолдарды жөндеуге жергілікті бюджеттен жыл сайын 25 млрд. теңгеден астам қаржы бөлініп, жергілікті жолдардың 78%-ының жағдайы біршама жақсарды. Міне, бұл фактор да киелі Жетісу топырағындағы жетістіктердің еселеніп, аймақ экономиканың қарқынды дамуына өз септігін тигізетін болады.
Тағы бір айта кетерлігі, 2017-2018 жылдар аралығында облыстағы көпірлерге күрделі жөндеу жүргізу мәселесі де көтерілген. Жобаларды талдау барысында бірнеше нысанды күрделі жөндеу және түбегейлі қайта тұрғызу қажеттігі анықталған болатын. Бұл ретте көпір тұрғызу үшін жаңа технологияларды пайдалану көзделген. Соның нәтижесінде, аталған міндетті мінсіз атқару үшін уақыт талабына сай жақсы материалдар таңдалды. Бұл осы барыста көпірге арналып қабылданған барлық жобалардың қауіпсіз әрі ұзақ жылдарға қызмет етуге бағытталғанының айқын көрінісі. 
Президент көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру жөніндегі осы бір парасатты пайымында жауапкершілігі мол міндеттің өңір әкімдіктерінің белсене атсалысуымен іске асатынын да тілге тиек еткен еді. Бұл – біз үшін үлкен жауапкершілік арқалаған аса маңызды міндет! Біз әрдайым өзімізге артылған сенімнің үдесінен шығуға тырысамыз.
 
Ержан ЖАСЫБАЕВ,
жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

Қатысты жаңалықтар

Илену мен үй болу

Илену мен үй болу

Бүгін, 14:18
Ел болашағына бағыт берген

Ел болашағына бағыт берген

Бүгін, 13:29
Рухани байлықтың кілті

Рухани байлықтың кілті

Бүгін, 12:03
Денсаулыққа салынған инвестиция

Денсаулыққа салынған инвестиция

Бүгін, 11:26
Мемлекеттік қызмет сапасы жаңа деңгейге көтеріледі

Мемлекеттік қызмет сапасы жаңа деңгейге көтеріледі

Бүгін, 10:56

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.