Талдықорған: +7°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ІЛИЯС ОҚУЛАРЫ ӨТТІ

20 мамыр 2024
РУХАНИЯТ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ІЛИЯС ОҚУЛАРЫ ӨТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Ілияс Жансүгіров шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума таланттарын анықтау мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен Білім басқармасы мен «Жетісу дарыны» облыстық оқу-әдістемелік орталығы Талдықорған қаласында жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының қорытынды кезеңін өткізді. Республика бойынша байқауға 120 оқушы қатысты.


Биыл қазақ әдебиеті майданында түрлі жанрда қалам тербеп, өміршеңдігін өлмес туындыларымен байытқан талантты суреткер, қазақ поэзиясының құлагері – Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдық мерейтойы. Осыған байланысты биылғы жылы республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының ережесі өзгертіліп, жаңа форматта 5 номинация бойынша өткізілді.

-«Ілияс — эпик ақын» — шығарманы жалғастыру  номинациясы;

— «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап» — жас ақындар  номинациясы;

— «Ілияс – қарасөз шебері» — көркемсөз оқу номинациясы;

—  «Сұлу сөздің сүлейі» — шығарманың көркемдік құрылысын талдау номинациясы;

—  «Заманның заңғар тұлғасы» — буктрейлер номинациясы.

Қазылар алқасының құрамына Қазақстан жазушылар одағының мүшелері, ақындар және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті оқу орындарының білікті оқытушылары қазылық етті.

Конкурс бағдарламасы бойынша қатысушылар үшін Мұхамеджан Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, Ілияс Жансүгіров мұражайына және Жетісу университетіне танымдық экскурсиялар ұйымдастырылды. Ақынның ескерткішіне гүл шоғы қойылып, шығармашыл жас ақындар өз туындыларын паш етті.

Республикалық Ілияс Жансүгіров оқуларының жеңімпаздарына 5 (бес) бағытта «Бас жүлде», І, ІІ, ІІІ орындар бойынша жалпы қатысушылар санынан 45 %белгіленіп, ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бас жүлдеге — Smart теледидар, І орынға- планшет, ІІ орындарға – ақылды колонка, ІІІ орындарға – құлаққап. Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Өлді деуге сыя ма ойлаңдаршы, 

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған. – деп ұлы Абай Құнанбайұлы айтқандай осы байқау Ілияс Жансүгіровтің шығармаларының өміршеңдігінің бір дәлелі болды.

 

«Жетісу дарыны» оқу-әдістемелік орталығы

 

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

21 қараша 2026
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

21 қараша 2026
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

20 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.