Талдықорған: +5°C
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ӨРКЕНДІ ӨҢІР ӨРНЕГІ

25 ақпан 2019
РУХАНИЯТ
ӨРКЕНДІ ӨҢІР ӨРНЕГІ
WhatsAppTelegramFacebook

Өткен жылдың еншісіне бұйырған «Өркенді өңір» деп аталатын бағалы туынды Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Жетісу» газетінің ардагер журналисі Мырзағали Нұрсейіттің толымды кітабы. Облыс әкімі Амандық Баталовтың тікелей қолдауымен 23,4 баспа табақ көлемінде жарық көрген бұл кітаптың оқырманға берер тағылымы мол.

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жетісу кітапханасы» сериясымен шығарылған бұл кітап қаламы жүрдек журналистің тұңғыш әрі толымды туындысы. Шығарма Жаркент өңірінің бүгінгі таңдағы жасампаз жылнамасы десек артық айтпағанымыз. 

«Жері байдың – елі бай» деген кіріспемен басталатын тағылымы мол туынды «Берекелі берендер», «Ағалар жолы айшықты», «Замандастар – заңғар жандар», «Қыздары біздің жақтың…», «Қаламдастар қасидасы» атты бес бөлімнен тұрады. Кіріспенің өзі-ақ ауданымыздың кешегісі мен бүгіні және нұрлы ертеңі туралы дәйекті деректер арқылы толымды мәлімет береді. Әр бөлімдегі алуан түрлі сыр толғайтын эсселік толғаулардың көтерер жүгі салмақты.

Айталық, «Берекелі берендер» тарауында Жаркент өңіріндегі дала академиктері атанған төрт алып – Николай Головацкий, Ыбырайымжан Қожахметов, Нүсіпбек Сауранбаев, Имәр Белалов жайлы сыр толғаса, «Ағалар жолы айшықты» тарауында Әбілхан Қастеев, Дәнеш Рақышев, Бексұлтан Нұржекеұлы сияқты біртуар тарландар қатарында Ғалым Тұрғанбаев, Әділшайық Ыбыраймолдаев, Сүлеймен Көшкінов сияқты еліне еңбегі сіңген елеулі азаматтар жайында әсерлі түрде әңгіме өрбітеді.

Кітаптың үшінші тарауы тұтасымен өзінің замандас қатарластарына арналған екен. Ал, «Қыздары біздің жақтың…» деген тарау Социалистік Еңбек Ері Күләш Айтжанова, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Күлғайша Бердіғұлова, кәсіпкер келіншектер Гүлнәр Ақсубаева мен Суриям Изимова бастаған нәзік жандылардың бүгінгі таңдағы ерен еңбектері жөнінде сыр толғайды. 

Сыр толғайды дегеніміз журналистік жоралғымыз бойынша қарадүрсінді пайымымыз ғана, болмаса осы кітаптағы қай эссе, қай толғам да Мырзағали сынды қаламгердің таудай талғамы мен орамды ойының, парасатты пайымы мен қанатты қиялының жемісі. Бұл толымды туындыдағы дүниелердің бәрі ой ашықтығымен, деректердің дәйектілігімен, жазу мәнеріндегі өзіндік үлпетті үлгісімен оқырманның жүрегіне жол таба білетін жарияланымдар санатында.
Жаңа кітаптың бесінші тарауы – жоғарыда жазғанымыздай, «Қаламдастар қасидасы» деп аталады. Қасида десе, қасида. Қаламдас достары кітап авторы Мырзакең жайында жарасымды әңгіме қозғайды: бірі толымды толғанысын білдірсе, енді бірі  жүректен шыққан шынайы өлеңін өрбітеді. Қай-қайсы да жампоз журналист Мырзағали Манапұлы туралы теңіздей тебіренісін білдіріп, көлдей көңілінің көкжиегін жайып салды.
Қаламы жүрдек құрдасым,
Тұғыры биік тұлғасың.
Туған жерін кім-кім де,  
Сен сияқты жырласын, –
деген жүректе жатқан жырды жариялай келе, қаламгерге ойлы оқырманың көп, оларға берер қазынаң телегей болсын деген ізгі ниетті де білдіре кеткіміз келеді.

Құдайберді ҚҰСАЙЫН,
Қазақстан Журналистер
одағының мүшесі
 Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

6 қараша 2026
Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

6 қараша 2026
Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

6 қараша 2026
Дін және қоғам

Дін және қоғам

5 қараша 2026
Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

5 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.