Талдықорған: +10°C
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ

4 наурыз 2019
РУХАНИЯТ
ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматыда Тұрғанбай Тайшанұлы жазған «Жел­тораңғы» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Алғашында зейнетке шыққан қарт адамның қолы бостағы ермегі болар деген ойдың қылаң бергенін жасырмаймыз. Алайда аталған шараға қатысып, автордың қолтаңбасы қойылған кітапты оқып шыққаннан кейін бұл пікірді түбегейлі өзгерттік…

Алдымен тұсаукесер рәсімі жайлы айта кетейік. Оған әдеттегідей, танымал қаламгерлер мен қоғам қайраткерлері шақырылмапты.  Тұрғанбай ағаның балалары бір әулеттің басынан кешкен соқтықпалы-соқпақты өмір жолдары, Балқаш көлінің баурайындағы шағын ғана қазақы ауыл тұрғындарының тұрмысы баяндалатын шығар­ма әдеби қауым үшін аса қызық бола қоймас деп шешсе керек. Салтанатты шараға ту­ған-туыс пен осы кітаптың шы­ғуына өз үлестерін қосқан су­рет өнерінің шеберлері жи­налды. Атап айтқанда, Тұрғанбай ағаның ұлы Талғат Тайшановпен бірге Мәскеудегі         С. Герасимов атындағы Бүкілодақтық Мемлекеттік кинематография институтында оқыған, бүгіндері «Ұлы Жібек жолы» бағдарламасы аясында қытайлық шеберлермен бірге ұлттық анимацияны халықаралық дәрежеде танытып жүрген суретші –  Ғали Мырзашев, «Қазақфильм» киностудиясында режиссер әрі киноактер  Сәбит Құрманбеков, дубляж департаментінің директоры, кинорежиссер әрі актер Болат Қалымбетовтер арнайы келіпті. Осылардың алғашқы екеуі кітаптағы суреттерді өздері салып шыққанын айтты. Расында, 320 беттен тұратын кітап 44 жеке туындыны біріктірген.  Әр  жаңа әңгіменің басында тақырыпты ашатын қолмен салынған суреттер басылымның бағасын айшықтап, мазмұнын тереңдете түсетіндей.
Енді кітаптың өзі жайлы ойымызды ортаға салайық. Алдында айтқанымыздай, мұнда жер жаннаты Жетісудың шұрайлы бір пұшпағы, қасиетті Іле өзенінің Балқаш көліне құяр тұсында орналасқан Желтораңғы атты өлкені ата-бабаларынан бері мекендеп келе жатқан әулеттің басынан кешкендері баяндалады. Бір қарағанда отбасылық тіршілік төңірегіндегі түйткілдер болып көрінгенімен, шығармада ауыл қазақтарының тұрмысы салт-дәстүрі, наным-сенімдері, халқымыздың басынан кешкен ауыр да азапты тарихы, зұлматты жылдардың ел басына салған ауыртпалығы, соның бәріне төзе жүріп, ұрпағын өсірген қайсар жандардың қайыспас ерлігі көз алдыңнан көлбеңдеп өтіп жатады.  Мысалы, «Бозторғай», «Құйынды мекен», «Асық ойыны», «Өгіз үйрету», «Ақ теке», «Торғай мен жылан», «Қара қасқыр», «Соңғы жолбарыс», «Апамның күміс ожауы», «Үш көрші», «Сұлу тораңғы» деген әңгімелер, атының өзі айтып тұрғандай, жердің тарихы мен сол бір кезеңдегі ауыл тірлігінен мол мағлұмат беретіні сөзсіз. Ал «Балалық шақ», «Алғашқы арманым», «Көсем Сталиннің өлімі», «Алғашқы махаббат», «Тоғысқан тағдырлар», «Түйеші баланың әңгімесі», «Әкенің айтқан естелігі» сынды шығармалар автордың басынан кешкен, өзі куәсі болған оқиғаларды баяндайды. Оларды оқып отырып өткен ғасырдағы кез келген қазақ ауылындағы ауыр тірлікті көз алдыңа елестетесің, көңіл терезесінен өткізесің. Күрделі әдеби сөз иірімдеріне бармай, қарапайым тілмен кез келген адамға ұғынықты етіп жазылған шығарма оқуға жеңіл, көңілге қонымды.
«Желтораңғы» кітабының авторы – сексеннің сеңгіріне аяқ артқан Тұрғанбай Тайшанұлы саналы ғұмырын өзі туып-өскен өңірдің мал шаруашылығын өркендетуге арнаған білікті маман. Алайда тумысынан зерек жаралған, көргені мен түйгені мол,  өнегелі ұрпақ өсіріп, бүгіндері немере-шөберелерінің ортасында жұбайы Райханмен бірге бақуатты тірлік кешіп келе жатқан қария ғұмырлық тәжірибесі мен көрген-түйгенін кейінгі ұрпаққа ұлағат етіп қалдыруды мақсат етіпті. Автор сол мақсатына жетті деуге негіз бар.

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ
Алматы қаласы

 

Қатысты жаңалықтар

Доллар, еуро және рубль: Бүгінгі валюта бағамы

Доллар, еуро және рубль: Бүгінгі валюта бағамы

Бүгін, 08:51
6 қарашада еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейіп, тұман түседі

6 қарашада еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейіп, тұман түседі

Бүгін, 07:46
Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

6 қараша 2026
Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

6 қараша 2026
Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

6 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.