Талдықорған: +1°C
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Сайынның мөлдір бастауы

14.10.2025
РУХАНИЯТ
Сайынның мөлдір бастауы
WhatsAppTelegramFacebook

Классик жазушы Сайын Мұратбеков хақында бас-аяғын жинастырса көлемі 5 баспа табақ болатын мақала жазыппыз. Бірде «Жабайы алма», ендігіде «Жусан иісі», одан қалды шағын әңгімелеріне тоқталып, суреткерлігін, көрегендігін, өмір толғамын, қырағылығын баяндай келе жазушының мұраты, арманы, ел алдындағы абыройы тұрғысында біртарау ой қозғаптық. Ауыз толтырып айтқанымызбен ол да – жеткілікті емес. Жарым жолдық сапар секілді – жартыкеш ой екен. Өйткені Сайынның рухани күші, задында болатын тұмса табиғат тектес мөлдір бастауы барын, ол адамзатқа ортақ сүйіспеншіліктен шып-шып етіп сыртқа тепсіп, арна құрап ағатындығын айтпаған екенбіз.

Расында, Сайын Мұратбеков шығармашылығына жіті зер салған жазушылар мен ғалымдар оның рухани күшін қарапайым да ғажайып жазылған сыршыл шығармаларынан аңдаса керек еді. Оның өмірді, қоғамды саралай-салмақтай отырып қарапайым кейіпкерлерді сүйгенін, олардың болмысынан, танымынан, ауыл тірлігінің қоңырқай ырғағынан бойына бұла күш дарытқанын пайымдар едік. Және оған иланбасқа шарамыз қалмас.

Немістің ұлы ақыны Гёте, орыс ғұламасы Пушкин, күллі түркі жұрағатының бағына туған өзіміздің Абай хақында ойланып-толғансаңыз, олардың биік шынары адамзатқа ортақ махаббат пен жан әлемінің тұнықтығынан деп бағалар едіңіз. Және осы үш алып тұлға жайлы жазылған мың сан зерттеу, талдау, роман, ғұмырбаяндық хамса іспеттес дүниенің бәрі оларды тануға негіз болмақ. Бұл тұрғыдан алғанда олардың ұлы мұраты, парасаты, діттеген ойы адамзатқа ортақ құндылыққа негізделгенін көресіз. Алайда, шынайы зерделеген, зерттеген адам бұлардың танымында да өз ұлтына, табиғатына қарай алшақтық барын байқар еді.

Хош, тірлігінде сұлулыққа сұқтанса да өзінің жан қалауын қарапайымдылықтан іздеген, салмақты, байыпты адамдар мен парасат майданында жер болып жеңілсе де болмысына тән салқамдықпен жүрісінен жаңылмас аруларды биік қойған Гёте, дүниенің ең кіршіксіз жаратылысына ғана ынтыққандай хас сұлулықты бәрінен биік қойып, «бес жүзден астам аруға ғашық болған шығармын» дейтін Пушкин, «Махаббат пен ғадауат майдандасқан» жүрегімен ару сүюден ешкімге есе жібермеген алып Абай хақында бір ортақ тұжырым жоқ. Өйткені олардың танымы, тірлік кешкен жері, елінің ахуалы, заман ағысы әркелкі болған. Бірақ рухани кеңістігінде өткерген хәлдері, күйзелісі, жазушылық жолдағы тоқырауға шалдығуы, қайғы жұтуы, шадымен күй кешуі өте ұқсас, айырғысыз. Мәселен, неміс халқының зәу биігіне шыққанымен алпыстан асқан уағында тоқырауға ұшырап «Фаусттың», «Вильгельм Майстердің», тіпті ғажайып «Әсіре мен ақиқаттың» жалғасын жаза алмай 8 жыл сандалыспен уақыт өткерген Гёте секілді «Евгений Онегинді» тудырар алдында Пушкин де табаннан таусылған. Абай да қара сөздерін жазар алдында кемелдік кілтін сары даласына, жапан түзіне сұқтанған сарқынды хал өткеріп барып қолына қондырған-ды. Алайда осынау адамзатқа ортақ үш тұлғаның танымындағы адамзатқа ортақ махаббат әркелкі емес пе? Гёте мен Пушкин Абай айтқан «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген тұжырымға бара алды ма? Белгісіз, кесіп айта алмайтын күңгірт дүние. Олар христиан дініндегі – «Люби ближнего своего» дегенді оқымаған, танымына қондырмаған жан емес деп кім айта алмақ?

Сайын Мұратбековтың жан сезімі тұрғысынан да біз осыны аңдадық. Оның өмірді қарапайым қалпында сүйіп, адам баласының пендешілігі мен ізгі қасиеттерін сол қалпында бейнелеуінен ұлтқа тән ерекшелік аса мөлдір қалпында бедерленгенін байқаймыз.

Рас, ауыл тірлігі, деревня тұрғындарының қарапайым өмірі мен ондағы сан түрлі тағдырды жыр етуден, жазудан жалықпаған классик жазушылар өте көп. Олардың ішінде орыс жазушысы В. Распутиннің, ағылшын жазушысы С. Моэмнің шығармаларын ерекше бөліп алып толғауға да негіз бар. Көп классиктен осынау қалам иелерін айрықша сүюдің жалғыз артықшылығы – қарапайымдылыққа қызығуы, ауыл тірлігіндегі ерекшелікті жалықпай әр нүкте, үтіріне дейін суреткерлікпен бедерлеуде дер едік.

Иә, Валентин Распутин өзінің «Қош, материк» романынан тартып, шағын әңгімелеріне дейін деревня тірлігін, қарапайым адамдардың өмірін, олардың жан сезімін жыр ету арқылы жазушылық мұратына жете білді. Сомерсет Моэм де «Сары», «Қарасу» секілді көптеген шығармаларында ауыл, жағалау елінің қарапайым адамдары тұрғысында ой тербеп, кіршіксіз, мөлдір әлемнің мөлт еткен таңбасын қаз-қалпында бейнелеуі арқылы оқылды. Сол секілді қарапайым өмірді жыр еткен, шығармаларының денінде ауыл адамдарын кейіпкер ретінде кесек туындылары мен «Менің қарындасым», «Қылау», «Басында Үшқараның» секілді шағын жазбаларына арқау қылған Сайын Мұратбековтың рухани үндестігі соғұрлым жақын көрінеді.

Жоғарыда сөз еткен үш алып тұлға секілді әлем әдебиетінде қарапайым ауыл адамдарының өмірін жазуда ерекшеленген Распутин, Моэм және Мұратбековтің де өзгешеліктері, бір-біріне тели алмайтын танымдары бар.

Мәселен, Распутин шығармашылығын терең зерттеген жан өз халқының биік танымына қайшы келген ауыл адамдарын кейде мұқататын, жаны ашитын көзқарасты жазушы туындыларынан аңдаса, орыс елін аса биікке қондырған өр мінезін, талантқа тән тәкаппарлығын да қалт жібермесе керек. Моэм де қарапайым адамның танымын, тағдырын сөз ете отырып нәсілдік бөлінушілікке басып, ақ адамдар мен қара нәсілділердің парасат биігінде тоқайласа алмайтынын ашық көрсетіп алады. Алайда, екі жазушы да осы арқылы үлкен кемшілік арқалады деп айта алмаймыз. Айып тақпаймыз. Ұлттық ген, ұлттық мінез атойлап алға шығуы, адамның өз танымына сай ой түюі – заңдылық. Десе де «сайын даланың Сайыны» атанған біздің Мұратбеков шығармашылығында мұндай дүниеге мүлдем жол жоқ. Сайын Мұратбеков шағын әңгімелері мен кесек-кесек туындыларында қазақтың танымына сына қағып, өз ұлтын жәбірлеп-жазғырмайды. Өзінің кіршіксіз тазалығы секілді туындыларын да мөлт еткен мөлдір қалпында таңғы шықтай сиясына ұялатады. Алып империя саясындағы отар ел болып тұрсақ да сайын далаға сай кең рухымызды, бостан хәлімізді, сол хәлде күн кешкен аңғал да кіршіксіз дүниетанымымызды, қарапайым кейіпкерлерімізді шынайы қалыбында, нақ бейнесінде суреттеп жазады.

«Алыста қалған балалық шағым… Көзімді сәл жұмсам-ақ: шуылдаған балалардың ең соңында сол аяғын жер сыпырғандай көлденең сүйретіп, есі қалмай далбақтап жүгіріп келе жатқан Аянды көргендей болам. Сондайда оның алқына шыққан әлсіз, жіңішке дауыспен: «Ей, тоқтаңдаршы, мен сендерге бүгін кешегіден де қызық ертегі айтамын» деген жалынышты үнін естимін» деп басталушы еді «Жусан иiсі» деген повесть. Авторы – Сайын Мұратбеков. Шығарманы оқи отырып, күрсінбеген, көзіне жас алмаған оқырман кемде-кем-ау?! Шағын жанрдың шебері атанған жазушы Сайын Мұратбековтiң мықтылығы да сол, оқырманын самарқау қалдырмайтын. Бірге жетелейді, күрсіндіреді, күйіндіреді, қуандырады», – деп жазыпты бір естелігінде замандасы, классик жазушы Қалихан Ысқақ. Жазушының жазушыға берген осындай бағасы, алғаусыз сүйіспеншілігі тұрғанда біз сөз еткен мөлдірлік пен Сайын Мұратбековтің тұмсадан да тұнық табиғаты жайлы асырып айта алмаспыз. Біз Гёте мен Пушкинді сүйе тұра Абайды ерекше қадірлеп-қастерлейтініміз секілді, қарапайым өмірді қаз-қалпында бейнелейтін мың сан жазушыдан Сайын Мұратбековті артық сүйеді екенбіз. Өйткені, ұлттық таным, ұлттық табиғат деген дүниеміз тамырласып жатқан жоқ па?…

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

5 наурыз – Алаштың ұлы қайраткері Әлихан Бөкейхан туған күн

5 наурыз – Алаштың ұлы қайраткері Әлихан Бөкейхан туған күн

05.03.2026
Қазақстанда стоматологияға қатысты тағы бір ірі алаяқтықтың беті ашылды

Қазақстанда стоматологияға қатысты тағы бір ірі алаяқтықтың беті ашылды

05.03.2026
Президент Сауд Арабиясының тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Президент Сауд Арабиясының тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

05.03.2026
Әлеуметтік дүкен саны артты

Әлеуметтік дүкен саны артты

05.03.2026
Сенімді жеңіс. «Жетісу» төртінші турды сәтті бастады

Сенімді жеңіс. «Жетісу» төртінші турды сәтті бастады

04.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.