Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ШЫҒЫН АЗ, ЖҰМЫС ТОҚТАМАЙДЫ. ҚАМЫСТАН ҚАНТ ӨНДІРУДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

23 сәуір 2022
РУХАНИЯТ
ШЫҒЫН АЗ, ЖҰМЫС ТОҚТАМАЙДЫ. ҚАМЫСТАН ҚАНТ ӨНДІРУДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Көксу қант зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі наурыз айынан бастап тәтті түбірден бөлек, қамыстан қант шығару жұмыстарымен айналысуда. Бұл туралы арнайы ұйымдастырылған баспасөз туры барысында белгілі болды.

Қант шығаратын кәсіпорынның бүгінгі тыныс-тіршілігі жайында аталған зауыт басшысы Алтынбек Абатов әңгімелеп берді. Кәсіпорын жетекшісі тілшілерге жұмысы қызу жүріп жатқан өндірісті аралатып, құрақтан дайын қант алу жұмыс үрдісін көрсетті. Байқағанымыздай, мұндағы жұмыс автоматты түрде жүріп жатыр. Жұмысшылар да өздеріне жүктелен міндетті мінсіз атқаруға тырысуда.

– Қант құрағы Бразилия мен Мексикадан әкелінеді. Ал қазіргі шикізат Бразилиядан жеткізілген. Қамыстан тәулігіне 300 тонна өнім өндіріледі. Дайын болғандары елдің түкпір-түкпіріне таралады. Қант құрағынан өнім өндіру зауыттың тоқтаусыз жұмыс істеуіне де септігін тигізіп отыр. Яғни, бұл адамдардың жұмыспен қамтылуына мүмкіндік туғызады. Зауытта қазір үш жүзден аса адам еңбек етуде. Маусым кезінде олардың саны көбейіп, бес жүзге дейін жетеді. Өткен жылы қамыстан 42 мың тонна қант шығарылса, биыл бұл көрсеткішті 50 мың тоннаға дейін жеткізу көзделуде, – дейді Алтынбек Абатов.

Белгілі болғандай, бүгінде Бразилиядан 7 мың тонна қант құрағы жеткізілген. Оның жартысы өңделген. Күзге дейін тағы 43 мың тонна шикізат әкелінеді деп күтіліп отыр. Өткен күзде жетісулық шаруалар 84 мың тонна қант қызылшасын өткізген. Бүгінде оның басым бөлігі өңдеуден өтіпті. Өндіріс ошағы осы маусымда жалпы алғанда 11 мың тонна қант шығарған.

Өткен жылы Австрия, Жапония, Ресей, Украина және Германия елдерінен заманауи жабдықтар сатып алынған. Жаңғырту жұмыстарына да қомақты қаражат жұмсалыпты. Жаңғыртудан өткен кәсіпорын енді маусымаралық кезеңді де тиімді пайдалануға көшті. Құрақ қантын өндіру шығын аздығымен ерекшеленеді.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Көксу ауданы,

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.