Талдықорған: +14°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Іскер басшы — елге құт

31 наурыз 2018
РУХАНИЯТ
WhatsAppTelegramFacebook

Чернобыль апаты кеңестік дәуірдегі үлкен қасірет еді. Сол апаттың зардабын жоюға қатысқан боздақтар мен ардагерлердің еңбегін елеген күреңбелдіктер Рухани жаңғыру аясында «Ұлы даланың Ұлы тұлғалары” саябағын ашып, ескерткіш тас орнатты. Осындай игілікті іске асырған Кербұлақ ауданының әкімі Бағдат Әлиевке «Чернобыль одағының» төсбелгісі табыс етілді. 

Мұндай құрмет осыған дейін бірде-бір аудан басшысына көрсетілмепті. Өткенде облыстық жергілікті кәсіби агроөнеркәсіптік кешені мен мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тастан Тоқсейітовтің қатысуымен өткен алқалы жиында Кербұлақ аудандық филиалы жеңімпаз деп танылып, кәсіподақтың төсбелгісін иеленді. Жиында аудан әкімі Бағдат Байшалұлының аудандық кәсіподақ филиалының жұмысына қолдау көрсеткені ерекше аталып өтті. 
Аудан басшысының бастауымен атқарылған өзге де жұмыстар жеткілікті. Айталық, аудан көлемінде 4152 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, Сарыөзек кентінің аумағындағы  сыртқы және ішкі жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.  Өңірде халық игілігі үшін атқарылған жұмыстар азаматтардың ауызбірлігі нәтижесінде жүзеге асырылуда. Ет комбинаты мен май шығаратын зауыт соның бірден-бір дәлелі. Сондай-ақ, аудан басшылығының қолдауы арқасында Марат Шөженов Қоғалы өңіріндегі 100 гектар жерге қант қызылшасын егіп, мол өнімге қол жеткізді. Жыл қорытындысы бойынша ауылшаруашылығы саласына зор үлес қосқаны және жаңашыл жетістіктері үшін аудан әкімі Бағдат Әлиев “Ауылшаруашылығын өркендетуге қосқан үлесі үшін” төсбелгімен марапатталды. Қазақтың бойтұмардай сақтап келген өнегелі қасиеттерінің бірегейі – аруағын қастерлеп, үлкенге құрмет көрсету. Осы орайда аудан орталығындағы көшелердің біріне Тезек төренің аты берілуі ұлы тұлғаның ел бірлігі мен тыныштығын қорғаудағы еңбегінің нәтижесі деп білеміз.

Еділхан ЕСКЕЛДІНОВ,
«Облыстық жергілікті кәсіби өнеркәсіптік кешені мен
мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің одағы»  қоғамдық бірлестігі
Кербұлақ аудандық филиалының төрағасы

 

Қатысты жаңалықтар

Илену мен үй болу

Илену мен үй болу

Бүгін, 14:18
Ел болашағына бағыт берген

Ел болашағына бағыт берген

Бүгін, 13:29
Рухани байлықтың кілті

Рухани байлықтың кілті

Бүгін, 12:03
Денсаулыққа салынған инвестиция

Денсаулыққа салынған инвестиция

Бүгін, 11:26
Мемлекеттік қызмет сапасы жаңа деңгейге көтеріледі

Мемлекеттік қызмет сапасы жаңа деңгейге көтеріледі

Бүгін, 10:56

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.