Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ӘСКЕРИ САЛАДА ЗАҢ БҰЗҒАНДАР. АҒА ПРОКУРОР ОН АЙДЫҢ ЕСЕБІН ЖАРИЯЛАДЫ

7 желтоқсан 2021
РУХАНИЯТ
ӘСКЕРИ САЛАДА ЗАҢ БҰЗҒАНДАР. АҒА ПРОКУРОР ОН АЙДЫҢ ЕСЕБІН ЖАРИЯЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған гарнизонында «Тәртіпсіздікке нөлдік төзімділік» принципін іске асыру мақсатында жүргізіліп жатқан алдын алу шараларының нәтижиесінде әкімшілік құқық бұзушылықтар едәуір төмендеді деуге болады. Қазіргі таңда Талдықорған, Үштөбе және Үшарал гарнизондарының әскери бөлім командирлері мен мекеме басшылары әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жандандыруда.

Әкімшілік заңнамасының сақталуы, қылмыстық қудалау жұмыстары әскери басқару органдарының ведомствоаралық жиналыстарында бірінші басшылардың есебін тыңдау арқылы қаралады. Олардың нәтижесінде әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға және әскери қызметшілердің құқықтық сана-сезімін көтеруге бағытталған нақты шаралар қолдану туралы шешімдер қабылданады.

Әскери басқару және полиция органдары бірігіп, әскери қызметшілердің әкімшілік жауапкершілікке тартылуын анықтау мақсатында ай сайын тиісті базаны қолдану арқылы салыстыру жүргізеді. Атқарылған жұмыс нәтижесінде барлық әскери бөлімдер және мекемелермен төрт жақты салыстыру актілері жасалады (әскери прокурор, әскери басқарманың өкілі, әскери полиция органының бастығы, әскери бөлім командирлері арасында).

2021 жылдың өткен мерзімінде жүргізілген салыстыру бойынша, (2020 жылғы 10 айымен салыстырғанда) әкімшілік құқықбұзушылықтардың саны 6,3 пайызға өсті (778-ден 831-ге дейін).

Өз кезегінде, жасалған әкімшілік құқықбұзушылықтардың басым бөлігі жол ережесін бұзғаны үшін болғаны анықталды (831 әкімшілік құқықбұзушылықтың 739-ы жол ережесін бұзу фактілері). Әскери қызметтегі әкімшілік құқықбұзушылықтар 3-тен 7-ге дейін өсті.

Әкімшілік құқық бұзышылықтардың елеулі бөлігі қасақана жасалған болып табылатынын жүргізілген талдау көрсетті (жол қозғалысы ережелерін бұзу және басқа), бұл әскери қызметшілердің заң талаптарын елемеуін білдіреді. Осыған орай әскери қызметшілер арасында әкімшілік құқықбұзушылыққа қасақана жол бергені үшін (2 және одан да көп рет) әскери қызметтен теріс себептер негізінде шығарылатыны бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның 26-бабына сай әскери қызметшінің келісімшарттың талаптарын жүйелі түрде бұзуы әскери қызметтен теріс себептер бойынша шығаруға негіз болады. Одан бөлек, қадағалаудағы әкімшілік тәжірибе субъектілерімен 3 923 325 теңге айыппұлмен 627 тұлға жауапқа тартылып, айыппұл соммасы толық өндірілді.

Айта кетейік, «Әкімшілік құқықбұзушылықтарды есепке алу» әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша айыппұлдарды өңдеу және төлеу процесі автоматтандырылған. Бұл әкімшілік айыппұлдарды жергілікті жерде төлеуге (баптың санкциясында көрсетілген айыппұлдың 50 пайызы мөлшерінде төлеу құқығын қолдана отырып), сондай-ақ, ірі банктердің кассалары арқылы төлеу тәртібін едәуір жеңілдетті. Одан бөлек, онлайн режимінде банктердің www.kaspi.kz, www.post.kz және www.homebank.kz интернет-ресурстарында айыппұлды төлеуді, сонымен қатар, олардың төлем терминалдары немесе мобильді қосымшалар арқылы төлеу мүмкіндігі бар.

Азаматтардың қолайлығы үшін qamqor.gov.kz және www.egov.kz мемлекеттік ресурстары да жұмыс істейді. Айыппұлды төлегеннен кейін бұл ақпарат жүйеде 15-20 минут ішінде көрсетіледі. Бұл азаматтарды мемлекеттік органға барудан және төлемді түбіртек арқылы растау қажеттілігінен босатады.

Г.ДӘУРЕНБЕКОВА,

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Талдықорған және Сарыөзек гарнизоны бойынша әскери басқарманың аға прокуроры

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.