Талдықорған: +29°C
$ 462.31
€ 536.09
₽ 5.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

СҰРАНШЫ БАТЫР МЕН САРЫБАЙ БИ

26.02.2021
РУХАНИЯТ
СҰРАНШЫ БАТЫР МЕН САРЫБАЙ БИ
WhatsAppTelegramFacebook

Сұраншы Ақынбекұлы мен Сарыбай Айдосұлы ХІХ ғасырда өмір сүрген, қол бастаған батырлығы мен ел бастаған билігі тең түсіп, Алатау өңірінің ақылы асқан алыбына айналған халық қайраткерлері. Бір заманда, бір елде, бір ауылда туып-өскен екі ұлы адамдықтың, ерліктің, батырлықтың, әділетті биліктің, ақындық айтыс пен шешендік сайыстың дәстүрлі ортасында тәлім-тәрбие алды. Үлкендерге еріп жүріп елдің тұрмыс-тіршілігін,  мұң-мұқтажын, арман-мұратын танып-біліп, бойларына сіңіріп өсті, аңшылық, мергеншілік, ереуіл атқа ер салу, егеулі найза қолға алу сияқты өнер түрлерін үйренді, ойдың мәніне, сөздің мәнісіне, даудың жүйесіне жүйрік, қара қылды қақ жарғандай әділ, халыққа қайырымды, жауға қатты болып қалыптасты. Алдарында өткен батырлардың, билер мен шешендердің үлгісімен еңку-еңку жер шалды, егеулі найза қолға алды, ел қорғаған ерлердің, ел бастаған билердің ісін жалғастырды.

Сұраншы батыр мен Сарыбай бидің заманында елдің ынтымағы мен бірлігіне іріткі салған, малы мен жанына шапқан тынымсыз жау Қоқан еді. Қоқанның ел ішіндегі бекіністері, қамалдары, қарулы күштері, елден алым-салық жинаушы шеріктері момын елдің ішінде ойына келгенін істеп, ойран салды. Бастары бірікпеген, жауға қарсы қайрат қылуға жарамаған аз ауыл, шағын жұрт бас сауғалап, қоныс аударуға мәжбүр болды. Елдің жайын, жаудың жан аямас жаулығын көрген батырлар шығып, қол жиды, сарбаз жасақтады, бытырап жүрген жұрттың басын біріктіріп, біртұтас күшке айналдыруды, ынтымағы жарасқан берекелі елге айналдыруды мұрат етті. Сарыбай Айдосұлы ат жалын тартып мінгеннен бастап ел қорғаған Сұраншы батырдың қасында осындай мұрат үшін күресті.
Ел аузындағы аңыздарда, Сүйінбайдың, Жамбылдың дастандарында, толғауларында Сұраншы батыр мен Сарыбай бидің атажұртын біріктіру жолындағы билік істері, атамекенін жаудың шапқыншылығынан қорғаған ерлігі соғыс өнерінің түрлі амал-айлаларына жетік, стратагеммалық деңгейде ойлайтын саралығымен қатар ашылады. Осындай ерен ерлік істердің бірі Сүйінбай мен Жамбылдың дастандарында, толғауларында көрініс тапқан. Оның көркемдік нәрі тарихи мәнімен маңызды. Онда бейбіт елге қаптаған қалың қол болып шапқан қоқандықтардың зорлығы мен қорлығы туралы хабар алғанда, Сұраншы батыр жауды шабуға ыңғайланады. Ел адамдары жаудың 20 мың қолына 3 мың қолмен қарсы шабу қауіпті екенін айтып қамығады. Сұраншы батыр жау көп екен деп тоқтап қалмайды. Жаудың 20 мың қолына 3 мың қолмен қарсы шабудың және жеңіп шығудың амалын табады.
Батырдың ойлап тапқан стратагеммасы бойынша, ел қорғаушылар қараңғы түсе қалың жаудың әр жағынан от жағады. Жаудың көзіне есепсіз көп қосын болып көрінеді. Алдымен жаудың бектер жатқан ордасына шабады. Жауға шапқан кезде 3 мың қолдың бір бөлігі Алатаудан Қаройға жеткізе от жағады. Бір бөлігі от қарудан оқ жаудырып, орысша керней тарттырып, көнектер мен шелектердің түбін ұрғылап, барабан қақтырады, анда-санда мылтықты құр дәрілеп аттырады. Жауға орыс әскері келіп қалғандай әсер етеді. Бір бүйірден Сұраншы батырдың өзі қиқу салып тиіседі.
Қоқандықтарға қарсы соғыс жоспары Сұраншының стратагеммасына сәйкес жүзеге асады.
Жаудың шатырда жатқан билері мен бектері, пансадтары, мансаптылары қараңғыны жарып шыққан тарсыл мен гүрсілден, жер қозғалғандай дүбірден, ұран салған айқай мен қиқудан үрейі ұшып, үй ішінде ұйлығады. Киімін тауып киюге, киімін тауып кисе қару-жарағын тауып қолына алуға жарамай қалады. Сұраншы батыр 3 мың қолмен жер қайысқан қол болып келген жаудың басын алады да, қалған әскерінің  тоз-тозын шығарады. Сарыбай Айдосұлы үшін Сұраншының осы ерлігінің, соғыс салудағы осы амал-айласының әсері ерекше болды.
Сұраншы батыр мен Сарыбай би Алатау аймағындағы Қоқан бекіністерін шапты, қоқандықтардың зорлығы мен қорлығына қарсы аянбай күресті. Сарбаздарын бастап, Қоқан бекіністерінің жай-күйін, Қоқан әскерінің орналасқан жерлерін, бас қоспақ болған мақсаттарын алдын ала біліп, шолғыншылар жіберіп анықтап, оларды қай жерде қалай шабудың амалдары мен тәсілдерін ойлап тапты. Қоқанға қарсы соғыста қоқандықтардың жекелеген қарулы топтарын әскери айламен тұтқиылдан шауып алып отырды.
Сұраншы батыр мен Сарыбай би қоқандықтардың езіп-жаншуына, зорлығы мен қорлығына қарсы күресте өзіне қолдау көрсететін күшті Жетісуға келіп, орныға бастаған орыс әскери билігінен күтті. Жау шапқыншылығынан әр жаққа ауып, қоныс аударып кеткен атажұртының басын қосып, атамекенде ұйысып, ынтымақты, бірлікті ел болу туралы ұлы мұратқа берік болды, қазақ жеріне келіп қамал соғып, елге шапқан қоқандықтардан ел мен жерді толық азат етуге бел буды. Осы мақсат жолында қаны мен терін төкті.
Алатауға орыс отарлаушы әскерлерінің келуімен байланысты Сұраншы батыр мен Сарыбай Айдосұлының өз жұртын қоқандықтардың езгісінен құтқарып, береке-бірлікті ел қылып ұйыстыру жолындағы күресінің жаңа кезеңі басталды. Орыс әскерінің Алматыдан Пішкекке қарай шыққан жолын бас штаб капитаны    М. Венюков өзінің «Ресей Азиясының аймақтары бойынша жолсапар және олар туралы жазбалар» (СПб., 1868) кітабында 1859 жылғы 12 мамырда Алматыдан шығып, Қастекке жеткенін, Суықтөбеден асып, Қарақонысқа келгенін сипаттап жазады. Қастек гарнизонының бастығы штаб капитан Васильев Сұраншының көріп-білгендері негізінде Колпаковскийді мына жайдан хабардар етеді: «1860 жылдың июнь айының 25 күні сарттар 8 мың қол болып Шудан өтіп, Қарақонысқа тоқтады.
Олар 30, 40 адамнан жортуылшылар жасақтап, әр жаққа жіберуде. Олардың бірі осы айдың 24-нен 25-не қараған түні Қастек жайлауына шауып, Сұраншы батырға қарайтын ауылдың 2 қазағын, Саурық пен Шынасылды, ұстап алып кеткен. Бұл екеуінің бірі Саурық Сұраншының немере ағасы, ал Шынасыл Саурықтың інісі еді.
М. Венюковтің кітабында Қарақоныстағы орыс әскерінің тобындағы қазақтар қазақ ауылдарына жортуылдан қайтып келе жатқан қоқан-қырғыз барымташыларын көреді. Олардың жалпы саны 500 шамасында екен. Қазақтар оларды қоқандықтарға арқа сүйеген барымташылар деп біліп, шауып алу туралы шешімге келеді. Олар орыс әскерінің бір бөлігінің дайындалып, жорыққа өздерімен бірге шыққанын тоспай, асыға аттанады. Шайқас барысында қазақ жауынгерлерінің бірі жараланады: оның жотасынан тиген найза өкпесін тесіп өтіп, қабырғасын сындырып кеудесінен шығады, сынған қабырғасы кеудесінде салбырап тұрады.
Жаралы сарбаз жорықтағы әскермен бірге екі жетідей болып, күтіну үшін 80 верст қашықтықтағы үйіне кетеді. Бір айдан кейін осы сарбаз жарақатынан айығып, қайта оралады, аттың құлағында ойнап шауып жүреді. 
М. Венюков бейнесін жасаған осы жігіттің болмысы Сарыбай Айдосұлы мен Сұраншы батырдың жауынгерлерінің ерлік, жауынгерлік рухының биіктігін аңғартады.
М. Венюков қоқан-қырғыз барымташылары қазақтарға жортуылға шыққанда нағыз ұрылар сияқты іс жасайтынын, қазақтардың оларға тосқауыл жасап, оларды аң аулағандай аулайтынын суреттей келіп, Сұраншы батырдың оларға қарсы қолданған амалын сипаттайды.
Сұраншы батырдың өз жігіттерін әр түні тауға шығарып, қазақтарды барымталап келе жатқан қоқан-қырғыздардың тобын торуылдайтынын, қолға түскен тонаушыларды көгендеп қойып, іздеп келген туысқандары айып төлеген соң босататынын суреттейді. Бір жолы Сұраншы батыр осындай жортуылда қолға түскен бір тұтқынды отряд бастығының қарауына береді.
Отряд бастығы тұтқынға орыстардың ешкімді орынсыз тұтқындамайтынын ұқтырып, оны босатқысы келетінін білдіреді. Тұтқын үндемейді. Сонда Сұраншы батыр тұтқынға былай деп жол нұсқайды:
– Ит неме, құлдық де!
Мемлекеттік мұрағатта сақталған құжаттардың бірінде 1860-1862 жылдар шамасында қоқан-қырғыз барымташылары Сұраншының еліне шауып, елдің жылқыларын айдап кеткені баяндалған. Онда сонымен қатар барымташылар артынан қуып шыққанда, барымташылардың күші басым болып, екі қуғыншының қапылыста олардың қолына түсіп қалғаны көрсетілген. Барымташылардың басында сарыбағыш Әділ тұрғаны белгілі болады. Сұраншы батыр болған жайды приставқа мәлімдеп, одан барымташылар тұтып алып кеткен екі кісіні босатуға ықпал етуді сұрайды. Сұраншы өзінің хатында сарыбағыш Әділге мынадай сәлем жолдайды: «Біз сені босатып жібергенде, сен бұдан былай біздің қазақтарды барымталамаймын деп сөз берген едің, бірақ сен сөзіңде тұрмадың. Енді барымталап алғандарыңды, сондай-ақ, тұтқындап алып кеткен екі кісіні тап қазір қайтаруыңды сұраймын.
Мұны істемейтін болсаң, есіңде болсын, сен де біздің қолымызға түсетін күн бар, сонда сенімен толық есеп айырысамын. Әзірге жақсы кеңеске құлақ ас». 
Сұраншы батыр орыс әскерімен бірге болғанда оның ел-жұртының жайы қауіпсіз болмайды. Орыс әскерлеріне қарсы, қоқандарға бодан қырғыздардың жақын маңдағы Сұраншы батырдың ауылын, ел-жұртын шауып, малын алып кетуі жиілей түсті. Сұраншы батыр мен Сарыбай би ел-жұртын, ауыл-аймағын кең жайлаудан орыс әскери бекінісіне, Қастекке жақын апарып қондыруға мәжбүр болады.
М. Венюковтің еңбегінде баяндалған жайларға қарағанда, орыс әскерінің тобындағы қазақ сарбаздарының басы Сұраншы батыр екені аңғарылады. М. Венюков 18.10.1859 – 05.01.1860 жылдары бас штабтың капитаны лауазымында Алатау округының бастығы Г. А. Колпаковскийге жолдаған рапорттарында Сұраншы батыр бастаған бірнеше құрметті кісілерді атап көрсетеді. Сарыбай Айдосов мейлінше батыл, тындырымды, жігерлі азамат ретінде сипатталады, Алатау округы аға сұлтандары мен билерінің, старшындары мен болыстарының, құрметті қазақтарының тізімінде көрсетілді.
1860 жылы 26 тамызда полковник Циммермен қоқандардың қамалы Тоқмақты алады. 27-28 тамызда қамал қиратылады. Циммерманның тобына подполковник Г. А. Колпаковвский казактардың жүздігімен, сұлтан Тезек 150 қолмен қосылады. Бұлар 30 тамызда қоқандарға қараған Пішпек қамалына келеді. Қамал үш күн бойы қатты қарсыласады. 4 қыркүйекте қамал құлайды. Қоқандықтардың екі бірдей қамалының бірінен соң бірінің орыс әскері алдында тізе бүгіп, жеңілуі сол уақыттың соғыс ісіндегі үлкен оқиға еді. Қоқан билігіндегілер қарсы қайрат қылуға құлшынып, аласұрды.
1860 жылдың қазаны Сұраншы батыр мен Сарыбай бидің өздері үшін де, ел-жұрты үшін де, батырлары мен билері үшін де үлкен сын болды. Қоқандықтар орыс отарлаушы әскерінің Қопалда, одан беріде Алматыда, Қастекте бекініс жасауын, онымен қоймай, қоқанның қырғыз жеріндегі қамалдарын қиратуын өздеріне төнген қауіп-қатер деп білді. Қанат-Ша сардар бастаған Қоқан әскері Әулиеата, Меркі қамалдарын нығайтып, Пішпек, Тоқмақ қамалдарын қайта көтерді де, Қастекке дейінгі жердегі қазақ ауылдарын, қырғыздарды басып өтіп, Ұзынағаштан шыққанда, бұл екі арадағы қазақтардың билігі Қоқанға қарап қалды. Қанат-Ша орыс әскерін Іледен өткізе қуып, Шудан Ілеге дейінгі кең-байтақ жерді елімен бірге Қоқанның құрамына қайтарып алуды ойлады. Г. А. Колпаковский қоқандықтардың қозғалысын байқап, бағалап отырып, өлкенің болыстары мен билеріне, батырларына арнайы хат жазды, олардың ел-жұртына басие болуларына, дұшпандық ниеттегі топтарға қосылмауына жауапты екенін ескертті, болыстар мен билерді, батырларды Алматыға шақырды. Олардың ешқайсысы приставтың шақыруына келмеді, батырлар, билер мен болыстар ел-жұрттарын қоқандықтардың қаупінен сақтау ісімен айналысуға мәжбүр болғандарын хабарлады.
Сұраншы мен Сарыбай би де келмеді. Колпаковский Сұраншы батырды шеру тартып келе жатқан қоқандық әскердің беталысын бақылауға арнайы тапсырмамен жіберген еді. Қанат-Ша сардардың әскері Сұраншы мен Сарыбайдың ел-жұртының тұсымен өтіп, Ұзынағаштың түбіне келгенде, Қастек бекінісі Ұзынағаштан бөлініп қалды,  Ұзынағаштан Шуға дейінгі қалың ел Қанат-Шаның қарақұрым әскеріне қарап қалды. Қалыптасқан соғыс жағдайында Сұраншы да, Сарыбай да, Қастек болысы Андас, ботпай болысы Диқамбай Г. А. Колпаковскийдің шақыруына үн қоспады, оның алдына бармады. Г. А. Колпаковский корпус командиріне Сұраншы батыр шапыраштылардың бір бөлігімен қарсы жақта тұрғанын мәлімдеді. Алматыдағы әскермен Г. А. Колпаковский соғыс шебіне кетті. Алматыдағы орыстар соғыс барысы туралы еш хабар ала алмады. Қолға түскен қоқандықтардың бірі 1000 қолмен Алматыны шабуға Сұраншы батыр келе жатыр дегенде, Алматыдағы орыстардың үрейі ұшты.
Қоқан қолы Ұзынағаш шайқасында жеңілді, тоз-тозы шығып, әр тобы әр жерден, әр бағытта қайтты. Ұзынағаштан кері қайтып бара жатқан бір топ Қоқан қолы Қордайда Қарабура асуынан өтіп бара жатып, қарлы боранға ұрынды. Жазғы үлгіде киінген қоқандықтар (300 адам) сол боранда қатып өлді.
Орыс әскері қоқандық қарулы күшті жеңіп, желпінді. Олар үшін қоқандықтардың қалың қолын қуып, Ұзынағаштан Шуға дейінгі кеңістікті өз құзыретіне алуы үлкен жетістік еді. Фон Кауфман: «Ұзынағаш соғысындағы жеңісіміз біздің орыстың бүтін Орта Азияны жаулағандағы жеңісінің анасы болды», – деді. Осы соғыстағы ерлігі үшін Г. А. Колпаковский кезекті полковник шенін алды, ІV дәрежелі Әулие Георгий белгісімен марапатталды.
Сұраншы батыр мен Сарыбай бидің ел ішінде қамал салып бекініп жатқан қоқандықтарды шабуы түрлі дереккөздерінде айтылады. С. Садырбаевтың,              М. Жолдасбековтің, Н. Төреқұловтың, Н. Қапалбековтің, М. Үмбетаевтың еңбектерінде олар туралы маңызды дереккөздері ашылған. Осындай дереккөздерінің бірінде қоқан-қырғыз жортуылшылары 1864 жылдың басында Сұраншы батырдың ауылын шауып, 5 мың жылқыны айдап кетеді. Сұраншы батыр оларды 40 жігітпен қуып шығады. Барымташылар көптігіне сүйеніп, бой бермей кетеді.
Қуғыншылардың біразын түсіріп, өздерімен бірге ала кетеді. Сарыбай бидің сұрау салып, ізденуімен Алатау округының приставы қолдау көрсетіп, қоқан-қырғыз жортуылшыларында кеткен мал мен жан қайтарылады.
Сұраншы батыр мен Сарыбай бидің жау қамалына шапқан ерліктерінің соңғыларының бірі Шымкент маңында, Сайрамда болған. Сайрамдағы қоқандық билеуші топ Алатау өлкесінің ел-жұртқа белгілі кісілерін айламен қолға түсіріп, пенде қылып ұстаған. Сонда оларды қоқандықтардың тұтқынынан босатып алу үшін Сұраншы батыр Сайрамға шапқан. Батыр қамалдың түбінде жаудың әскерін жеңіп, бетін қайтарады. Cұраншы батырдан жосып қашқан қоқанның әскері қаланың қақпасынан ішіне кіреді. Жауды өкшелей қуған Сұраншы да айқай салып қамалға шабады. Батыр қамалдың қақпасын бұзып, ішіне кіріп, қанмайдан соғыс салады, жау жасақтарын жайпап соғады. Қоқандықтардың қапасында қамауда отырған кәрі-жасты босатып, енді қамалдан шықпақ болғанда, жаудың тың әскері келеді. Осы жайдың кейбір қырларын Сүйінбай Аронұлы «Сұраншы батыр» жырында толғады. Ақынның:
Жасы менен кәрісін
Жау қолынан босатып,
Қамалдан шығам дегенде,
Тыңнан келген көп күшпен
Жаулар тағы қамалап,
Ақтұяқ атын тебініп,
Сұраншы кірді емініп..,
– дегені батырдың өмірінің ақырғы сәтінің шындықтарын аңғартады. Көп күшпен келген жау Сұраншы батырға алдырмайтындай болған. Сонда Сұраншы батыр соғыстың ақыры қалай болатынын болжап, жанындағы жас батыр Сарыбайға жаудың қоршауын бұзып шығып, елге жетуді, мына жаудан кек қайтаруды тапсырады. Сарыбай Сұраншы батырды жауда қалдырып, өзі аман құтылып кетуді бойына лайық көрмейді. Сонда Сұраншы батыр Сарыбайды көтеріп алып, қамалдың қабырғасынан асыра сыртқа лақтырған екен. Сарыбай жаудан осылай аман қалады. Сонда Сарыбайдың жамбасы шыққан екен деген әңгіме ел есінде сақталған.
Құлмамбет Жамбылмен айтысқанда, осыны Жамбылдың бетіне салық қылғандай етіп айтады.
Жамбылдың Құлмамбетке:
Оның рас – Сұраншы Саурықпенен жаудан өлген, 
Халық үшін шәйіт болып, жанын берген.
Елді қорғап өлгеннің арманы не, 
Қалың қазақ құрметтеп соңына ерген
, – деуінің мәнісі осында.
Сұраншы батыр мен Сарыбай бидің ел қорғау ісіндегі батырлығы, елдің ынтымағы мен бірлігін қалыптастырып, сақтаудағы адамдығы, теңіздей терең ақылдылығы кейінгі ұрпақ үшін адастырмас басты бағдар, баянды бағытқа айналды. Осы бағыт-бағдар негізінде ұлттық рухани құндылықтар жаңғырды.
Жамбылдың Құлмамбетке:
Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, ел бірлігін сақтаған татулықты айт! Қарымбайдай сараңдар толып жатыр, оны мақтап, әуре болмай, жөніңе қайт! – деген ұстанымы Сұраншы батыр мен Сарыбай бидің, Сүйінбайдың өмірінің үлгісі, өнегесі негізінде қалыптасқан ұлттық рухани құндылықтардың өзегінен өнген еді.
Сарыбай би 1890 жылы 13 сәуірде дүние салды. Сарыбай биге жоқтау арналды. Онда бидің елді қоқандықтардың езгісінен құтқару жолындағы істері мына үлгіде айтылды:
Арғы жағын айтайын –
Ташкент пенен Шымкентті,
Бергі жағын айтайын –
Пішпек пенен Тоқмақты
Сарыекем барып қаратты…

Жоқтауда Сарыбай бидің өміріне қатысты тарихи мәні бар мәліметтер айтылған. Бидің ғылыми өмірбаянын жасауда осы жоқтауда берілген әр мәліметтің тарихи негізінің, деректерінің жаңа көзін анықтаудың маңызы зор.
Сұраншы батыр мен Сарыбай би өмірінің өнегесі, елге сіңірген еңбегі, істеген ісі, азаматтық биік тұрғысы, ұстанған қағидалары, адамдық асыл қасиеттері қазіргі заманның, қазіргі қоғамның рухани жаңғыруы мен жаңаруына қызмет етеді.

Жанғара Дәдебаев,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы
Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры,
филология ғ.д., профессор,
Халықаралық жоғары мектеп

ғылым академиясының академигі

Қатысты жаңалықтар

Мүгедектікті анықтаудың жаңа мүмкіндіктері

Мүгедектікті анықтаудың жаңа мүмкіндіктері

04.09.2026
Елімізде «Кітап оқитын ұлт» жалпыұлттық марафоны басталды

Елімізде «Кітап оқитын ұлт» жалпыұлттық марафоны басталды

04.09.2026
«Балаңызға дуаланған» – алаяқтықтың жаңа тәсілі

«Балаңызға дуаланған» – алаяқтықтың жаңа тәсілі

04.09.2026
Қазақстанда базалық лицензиясы бар банктерге жаңа талаптар белгіленді

Қазақстанда базалық лицензиясы бар банктерге жаңа талаптар белгіленді

04.09.2026
Президент Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады

Президент Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады

04.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.