Талдықорған: +6°C
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«СЫБАҒА» СЕРПІН БЕРДІ

21 қаңтар 2019
РУХАНИЯТ
"СЫБАҒА" СЕРПІН БЕРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінде Алакөл ауданында 64904 мүйізді ірі қара басы тіркелсе, оның 15100-і, яғни 23 пайызы асыл тұқымдылар санатына жатады. Әсіресе «ангус», «герефорд», «қалмақ» тұқымды мүйізді малдың санын еселеу бойынша көптеген жұмыс атқарылып жатыр. «Арқарлы – Майбүйрек» ЖШС мен «Шынжылы» шаруа қожалығы алғашқы аталған екі асыл тұқымды мал басына басымдық берсе, «Орынбеков Нағашбек» ШҚ «қалмақ» тұқымын өрбітіп, өсіруде.

2003 жылы құрылған «Орынбеков Нағашбек» шаруа қожалығының төрағасы Дидар Нағаш-    бекұлының айтуынша, ол алғашында жергілікті «ақ бас» және «Алатау» тұқымды ірі қараны өсіре бастайды. Кейін «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 180 бас «герефорд» тұқымды Зеңгібаба төлін алады. Бірақ бағып-қағудағы қиындық пен төл алу науқанындағы жоспардың ойдағыдай орындалмауына байланысты ғалымдар, ветеринар мамандар, сондай-ақ, алматылық «Асыл тұяқ» фирмасымен ақылдаса келіп «қалмақ» тұқымды ірі қара бағуға тоқталады. 
Өмір сүру ұзақтығы, дене тұрқының ірілігі, төзімділігі мен әртүрлі табиғат жағдайына тез бейімделу қабілеті оларға Алакөл топырағына тез сіңісуге мүмкіндік берді. Бір айта кетерлігі, «қалмақ» тұқымды сиырлар 58 пайызға дейін ет беріп, тез май жинайды, аз уақытта семіреді. Оған алғашында алынған 20 бас малдың 98 пайызының төлдеп, өсім беруі дәлел. Сондықтан да «Сыбаға» бағдарламасы негізінде «Орынбеков Нағашбек» ШҚ мен өзге де 3 шаруа қожалығы «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 170 млн. теңгеге Ресей Федерациясының Ростов облысынан 268 бас «қалмақ» тұқымды ірі қараны сатып алды. Қазіргі уақытта аталған түліктер карантинде ветеринарлық тыңғылықты тексеруден өтуде. Жоспар бойынша жұмыстың қарқынды жалғасуы үшін қажетті мал санын алып қалып, қалғанын қызығушылық танытып отырған көршілес аудан шаруаларына сатуды көздеуде. 
Одан бөлек, шаруа қожалығының иелігінде 250 гектар қоршалған жайылымдық жер бар. Жылдың көктем, жаз, күз мезгілдерінде ірі қаралар осы аумақта ет жинаса, қысты егін даласында арнайы өсірілген азықпен өткермек. Өткен жылы 150 гектар қара бидай, 72 гектар арпа, 200 гектар жаздық және 67 гектар күздік бидай егіліп, орташа есеппен әр гектардан 14-16 центнерден өнім жиналған. Сондай-ақ, әрқайсысы 250-300 келі салмақ тартатын 3 мың шөп орамдары дайындалған. Бұл қысты қиындықсыз еңсеруге толықтай жетеді. 

Алмат ЕСЕНБЕКОВ
Алакөл ауданы

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

Бүгін, 19:28
Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Бүгін, 19:25
Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Бүгін, 19:20
Дін және қоғам

Дін және қоғам

Бүгін, 17:06
Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

Бүгін, 16:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.