Талдықорған: +33°C
$ 485.82
€ 554.03
₽ 6.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ТОҚАЕВТЫҢ ӨМІРІ ТУРАЛЫ ЖАҢА КІТАП ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

20.10.2021
РУХАНИЯТ
ТАЛДЫҚОРҒАНДА ТОҚАЕВТЫҢ ӨМІРІ ТУРАЛЫ ЖАҢА КІТАП ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында кемелтанушы, зерттеуші Бақтығали Айжігітовтің «Кемел ағаның аманаты» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Шараны ашқан Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Көлбаев Кемел Тоқаевтың шығармашылығын өскелең ұрпаққа насихаттау керектігін атап өтіп, жазушының өмір жолына шолу жасады. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі мәлімдеді.

– Есімі иісі қазаққа мәшһүр жазушы, драматург, Отан соғысының ардагері, екі дүркін «Ерлігі үшін» медалінің иегері, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаған көрнекті қаламгер Кемел Тоқаев Қаратал ауданының Кәлпе ауылында дүниеге келген. Жазушы жиырмаға толар-толмастан соғысқа аттанып, 26-шы атқыштар дивизиясында, сосын 7-ші гвардиялық танк полкінің құрамында Украина мен Белоруссияны азат етуге қатысқан. 1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген соң «Лениншіл жас», «Қазақстан пионері», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде жауапты қызметтер атқарған. Сондай-ақ, Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінде, Қазақстан Жазушылар одағында жұмыс істеген, – деді ол.

Кемелтанушы, Талдықорған қаласындағы Мағжан Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының мұғалімі Светлана Исаева сөз алып, аталмыш білім ошағында «Кемелтану» факультатив сабағын жүргізіп, жазушының шығармаларын жас ұрпаққа насихаттап келе жатқандығын жеткізді. Соның дәлелі ретінде шәкірттері жазушының өмір жолынан сыр шертіп, шығармаларын шабыттана оқып, қалың көпшілікке жеткізді.

Келесі кезекте сөз сөйлеген облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Нүсіпбай Әбдірахым Кемел Тоқаев шығармаларымен жастайынан таныс екендігін, өзі қатарлы замандастарының кезінде жата-жастана оқығанын айтып, бүгінгі жас ұрпақтың кітап оқуға деген құлшынысының төмендеп кеткендігін де жеткізді.

— Детектив – өте күрделі жанр. Оған кез-келген жазушы қалам тарта бермейді. Ал осыған терең бойлаған жазушы, еліміздегі детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаев болды. Бүгінгі таңда дабұл жанрға қалам тербейтіндер сирек. Сондықтан да детектив жанры, оның ішінде, Кемел Тоқаевтың жазушылық, журналистік қыры әлі де зерттеуді қажет ететін тақырып, – деді ол.

Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлсара Исағұлова да сөз алып, ұстаздардың зерттеу жүмыстарының нәтижесінде, «Өлкетану», «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында Талдықорған қаласындағы Мағжан Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясындажәне Қаратал ауданының орта білім ошақтарында «Кемелтану» сабақтары оқытылып жатқандығын жеткізіп, бұл жас ұрпақтың  әдебиетке деген ынтасын арттыруға жасалып жатқан қадам екендігін ортаға салды. Сондай-ақ, осы мақсатта еліміз көлемінде «Оқуға құштар мектеп» жобасының жүзеге асып жатқандығына, ол облысымызда сәтті жалғасын тауып отырғанына тоқталды.

Шара соңында «Кемел ағаның аманаты» кітабының тұсауы кесіліп, оның авторы Бақтығали Айжігітов қорытынды сөз сөйледі.

— Ең бастысы, осы кітапты жазу барысында «Кемел Тоқаев кім?» деген сұраққа жауап таптым. Ол кісіні мен ес білгеннен білемін. Әңгімелерін тыңдап өстім. Бірақ өмірі мен шығармашылығына терең бойлай отырып, жазушыны жете тани түстім. Ол кісі қонақ болып келгенде үйімізде той болатын. Туыс ағамыз болғандықтан туысқандыққа аса мән беретін. «Бауыр деген сөз қазаққа ғана тән, өйткені, біз ерекше бауырмал халықпыз» деп отыратын. Шежірені жақсы білетін. Сол кісінің айтқан, жадыма тоқыған сөздерін бүгінде қағазға түсіріп, шежіре жасаудамын, – деді автор.

Шараны қорытындылаған облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Көлбаев кемелтанушы, зерттеушіге шабытының еселеніп, кітабының әлем тілдеріне аударылуына тілектестігін білдірді.

Алма ЕСЕНБАЙ

Талдықорған қаласы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Орталық Азия елдері гендерлік теңдік пен инклюзивті көшбасшылықты қолдайды

Орталық Азия елдері гендерлік теңдік пен инклюзивті көшбасшылықты қолдайды

30.06.2026
Қазақстанда 1 шілдеден бастап не өзгереді?

Қазақстанда 1 шілдеден бастап не өзгереді?

30.06.2026
Астанада Президент атынан жаңа Конституцияның арнайы басылымы табысталды

Астанада Президент атынан жаңа Конституцияның арнайы басылымы табысталды

29.06.2026
Жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті

Жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті

29.06.2026
QYZYLJAR MUSIC FEST – V фестивалі бастау алады

QYZYLJAR MUSIC FEST – V фестивалі бастау алады

29.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.