Талдықорған: +23°C
$ 479.26
€ 546.21
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТАЛДЫҚОРҒАНДАҒЫ КОЛЛЕДЖ ЗАМАНАУИ ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ

26.03.2021
РУХАНИЯТ
ТАЛДЫҚОРҒАНДАҒЫ КОЛЛЕДЖ ЗАМАНАУИ ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Жас маман» жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 2019 жылғы 23 қаңтардағы Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде берген тапсырмасына сәйкес әзірленді.

«Жас маман» жобасының мақсаты 180 колледжді 100-ден аса қажетті мамандықтар бойынша жаңғырту және білікті мамандарды даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылады.

Талдықорған жоғары политехникалық колледжі 2020 жылы республика бойынша кадрларды дайындауда үздіктер қатарынан танылып, «Жас маман» жобасына ІТ, құрылыс және комуналдық шаруашылық саласы бойынша енді. «Жас маман» жобасы шеңберінде Талдықорған жоғары политехникалық колледжі негізгі 7 бағытты жүзеге асыруды жоспарлауда:

  • Құзіретті бағалау орталығы;
  • Worldskills оқу-жаттығу жиыны;
  • Стартап жобаларды әзірлеу;
  • Халықаралық салалық аккредиттеу;
  • Ірі кәсіпорындармен тығыз байланыс;
  • Жұмыссыз халықты оқыту және қайта даярлау;
  • Үздіксіз білім берудің экожүйесін құру.

«Жас маман» жобасын жүзеге асыру нәтижесінде Талдықорған жоғары политехникалық колледжі ІТ-технологиялар мен құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мамандарды даярлауға қажетті заманауи құрылғылармен жабдықталды. Бұл құрылғылар Еуропалық сапа кепілдігін бағалау жүйесіне (EQAVET) толығымен сәйкес келеді, ол әрі қарай халықаралық салалық аккредиттеуден өтуге негіз болады. Бұдан басқа, «желілік және жүйелік әкімшілендіру», «Графикалық дизайн», «Бизнеске арналған IT-шешімдер», «Web-дизайн және әзірлеу», «3D Модельдеу және прототиптеу», «Ақпараттық кабельдік желілер», «Тас қалау», «Сырлау және сәндік жұмыстар», «Тақтайшалармен қаптау», «Бетон жұмыстары», «Ағаш ұста ісі», «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары», «Инженерлік графика CAD» құзыреттіліктері бойынша World Skills жаттығу лагері құрылды, бұл бізге әртүрлі деңгейдегі World Skills чемпионаттарына қатысушыларды дайындауға және сертификаттауға мүмкіндік беріп отыр.

Жаттығу лагерінің жұмысының нәтижесінде колледжіміздің студенттері аймақтық World Skills 2020 чемпионатында жүлделі орындарға ие болды. Жабдықтарты өндіріс бағытында пайдалану бизнес-инкубатордың дамуына әкеледі, оның негізінде ақпараттық технологиялар саласында өзекті стартап жобаларды құруға болады. Сондай-ақ, білімгерлердің өндірістік оқыту арқылы келесі бағыттар бойынша: баспа технологиялары, пластикалық бұйымдарды жасау, сплитерлік блоктарды, кеспе тастарды, жиектерді өндіру, сандық бағдарламалық басқару (СББ) станоктарында ағаштан бұйымдар жасау — бизнес дағдыларын қалыптастыруда. Бұдан басқа, баспа технологиялары, желілік әкімшілендіру, дизайн және модельдеу саласында мамандарды даярлау және қайта даярлау орталығы құрылатын болады. Халықты жұмыспен қамту орталықтарымен байланыс орнатылып, республика бойынша азаматтарды қысқа мерзімді курстармен қамтамасыз етіп оқыту жүзеге асырылуда.

Жоба аясында сатып алынған жабдықтардың барлығы еуростандарттарға сәйкес жасалған және аталған мамандықтар бойынша құзыреттілік орталығы болуға мүмкіндік беріп, білім берудің экожүйесін құруға, өндіріс орындарын тікелей байланыс орната отырып, бизнес орта құруға бірден бір мүмкіндік болып табылады.

Қазіргі уақытта жоба шеңберінде колледжімізбен тапсырыс берілген  барлық құрал-жабдықтар уақытылы және сапалы түрде оқу корпусының зертханаларына және оқу-өндірістік шеберханаларға орнатылды. Сондай-ақ, оқу барысында заманауи құрылғылармен жұмыс жасайтын колледжіміздің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арнайы білікті мамандардан дәріс алып, сертификатталды. Бұл сертификаттар мен құрал жабдықтар туралы ақпарат апта сайын жаңартылып, «Холдинг «TALAP» КЕАҚ сайтында және колледжіміздің ресми сайтында «ЖАС МАМАН» бөлімінде жарияланған.

«Жас маман» жобасы аясында 2020 жылдың 7-29 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Сингапур Наньян технологиялық университеті (Сингапурдың NTU) бірлесіп «Оқыту мен оқудағы инновация STEM» курстарын өткізді. Курстың негізгі мақсаты — Темасек-Наньян политехникалық қорының халықаралық бағдарламасы аясында Адами ресурстарды дамыту және білім беру мен кадрларды даярлау, білім мен озық тәжірибе алмасу.

STEM курстарын қорытыңдылау кезеңінде әр аймақ 2 жоба ұсыну қажет болды. Бұл жобаларды іске асыру мерзімі 2021 жыл, және іске асыру кезінде STEM әдістерін мүмкіндігінше қолдану маңызды.

Алматы облысының атынан жобаны Талдықорған жоғары политехникалық колледжі ұсынды. Жобалар ағылшын тілінде қорғалып, барлық қатысушылардан, Сингапур елінің мамандары мен Талап холдингінің ұйымдастырушыларының оң бағасына ие болып, жоғары деңгейде қабылданды. Ұсынылған жобалар 2021 жылдың қаңтар айынан іске асырыла бастады және колледж тарапынынан барынша қолдау тауып жылдың аяғына дейін өзінің нәтижесін көрсетеді.

Білім сапасын қамтамасыздандыру агенттігінің растауымен колледжіміз Қазақстандағы техникалық колледждердің 2019 жылғы Ұлттық рейтингінде үздік үштіктер қатарында, 2018 жылы — Алматы облысы бойынша 74 колледж арасында «Холдинг «TALAP» КЕАҚ рейтингінің қорытындысы бойынша ең үздік колледж ретінде танылды. Талдықорған жоғары политехникалық колледжі Қазақстандағы техникалық колледждердің 2019 жылғы Ұлттық рейтингінде 2-ші орынға ие болды.

Өткен жылы колледж өзінің мерейлі 85 жылдығын атап өтті. 85 жылдық аясында Білім беру саласындағы мамандардың, жетекші сарапшылардың қатысуымен озық идеяларды іздестіру, инновациялық тәжірибені және ТжКБ-нің өзекті міндеттерін іске асыру перспективаларын талқылау үшін диалог алаңын құру мақсатында  «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың жаңа серпіні» атты халықаралық практикалық конференция өткізілді. Сонымен қоса, 2020 жылы мерейтоймен қатар — студенттерге арналған 200 орынды жатақхана құрылысы аяқталып қолданысқа берілді.

Еліміздің үздік колледждері қатарындағы оқу орны жахандық өркениетке сай дәстүрлі іс-тәжірибесі қалыптасқан, игілікті істердің нәтижесінде жоғары дәрежеге ие болуда!

Талдықорған жоғары политехникалық колледжі – армандарға қанат бітіретін кұтты білім ордасы. Талантты, дарынды жастардың басын біріктіріп отырған мекен. Колледж ұжымы  жасөспірімдерді тәрбиелеуде, олардың жан-жақты қабілетін ашып көрсету үшін аянбай еңбек етуге әрқашан дайын. Олай болса, Жетісу жерінің беделді оқу орындарының бірі саналатын Талдықорған жоғары политехникалық колледжі жан-жақты мұқият жоспарланған ісімен және шығармашылық ізденісімен әрі қарай талай белестерді бағындыруда көптеген жұмыстар атқаратынына кәміл сенеміз!

Гүлжан ТҰРСЫН

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Әділетті Қазақстанның басты құжаты

Әділетті Қазақстанның басты құжаты

01.07.2026
«Әділет» партиясында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының күшіне енуі талқыланды

«Әділет» партиясында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының күшіне енуі талқыланды

01.07.2026
Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

01.07.2026
Жаңа Конституция жеке бас бостандығы мен әділ сот төрелігінің кепілдіктерін күшейтті

Құқықтық мемлекет тірегі

01.07.2026
Кең ауқымды ізгілік актісі – Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

Кең ауқымды ізгілік актісі – Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

01.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.