Талдықорған: +19°C
$ 467.58
€ 543.66
₽ 6.44
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Талдықорғандықтар «Музей түнін» тойлады

19.05.2026
РУХАНИЯТ
Талдықорғандықтар «Музей түнін» тойлады

Қанат Өмірәлинов

WhatsAppTelegramFacebook

Мәдениет пен тарихтың, өткен мен бүгіннің арасын жалғайтын музейдің қоғамдағы орны ерекше. Халықаралық музейлер күніне орай М. Тынышбайұлы атындағы Жетісу облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Өткеннің ізі – болашақтың тілі» деп аталған кеш өтіп, мұражай есігі түн жарымына дейін келушілер үшін айқара ашық болды. Жаңа форматта ұйымдастырылған рухани мереке тарихқа тағзым етіп, мәдениетті ұлықтаған мыңға жуық талдықорғандықтар мен қала қонақтарының басын қосты.

Мәдениет мәйегін іріктеп, тарихтың шаң басқан парақтарын бүгінгі ұрпаққа аманаттап жүрген музей қызметкерлерінің еңбегі ерен. Шараның ресми бөлігінде Жетісу облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов сөз сөйлеп, жиналған қауымды кәсіби мерекемен құттықтады. Өз сөзінде музейлердің ұлттық кодты сақтаудағы маңыздылығына тоқталып, сала үздіктерін арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапаттады.

Мәдениет майталмандарының еңбегі еленіп, төмендегідей номинациялар бойынша үздіктер анықталды:

  • «Үздік музейлік қор жинағы» номинациясы бойынша Қаратал аудандық тарихи-өлкетану музейі арнайы диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталды.
  • «Үздік ғылыми қызметкер» аталымы Ілияс Жансүгіров әдеби музейінің аға ғылыми қызметкері Назерке Шеңгелбаеваға бұйырды.
  • «Үздік экскурсовод» иегері Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Назерке Төлеген танылды.
  • «Үздік музейлік экспозициялаушы» жүлдесін Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Қалқаман Әбдірахманұлы иеленді
  • «Үздік қор сақтаушы» және «Музей ісін үздік насихаттаушы» номинациялары Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы музейдің қызметкерлері Мақсат Олжыбек пен Альфара Нұрданалыға берілді.

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған «Мәңгілік тұлғалар» халықаралық мемориалдық музейлер фестивалінде жүлделі ІІ орыннан көрінген І. Жансүгіров атындағы әдеби музейіне ірі көлемдегі ақшалай сертификат табыс етілді. Ал мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы облыстық филиалының «Еңбек Даңқы» төсбелгісімен М. Тынышбайұлы атындағы музей қызметкері Айжамал Димесинова марапатталды.

Ресми бөлімнен кейін көрермен қауымы музейдің экспозициялық залдарына саяхат жасады. Бұл түні музей қоры келушілерді өзінің байлығымен және сирек кездесетін жәдігерлерімен таңғалдырды. Экспозициядан қазақтың біртуар композиторы Мұқан Төлебаевтың роялі, күміс көмей әнші Дәнеш Рақышевтың дауысы жазылған патефон пластинкалары ерекше орын алды. Әсіресе, өмірден ерте озған талдықорғандық белгілі коллекционер, археолог Марат Қасеновтың жеке коллекциясынан алынған көне үтіктер мен фотоаппараттар көрмесіне халық көп жиналды. Бұл жәдігерлер өткен ғасырлардың тұрмысы мен тыныс-тіршілігінен сыр шертіп тұрғандай әсер қалдырды.

«Музей түнінің» ең үлкен жаңалығы әрі қызықты бөлімі – робототехника көрмесі. Бұл жерде заманауи технология мен терең тарих үндестік тапты. Көрмеге Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің, «TKR_obotics» жекеменшік мектебінің және Жоғары политехникалық колледждің оқушылары мен ұстаздары өздері құрастырған инновациялық жұмыстарын ұсынды. Көпшілікке ұнаған кейбір роботтарды жасаушы авторлардан тікелей сатып алу мүмкіндігі де болды.

Музей залында заманауи құрылғыларды таныстырып тұрған жас бағдарламашылардың бірі, «TKR_obotics» мектебінің оқушысы Нұрасыл Шәріпов өз әсерімен бөлісті:

Музей жәдігерлерінің қасында біздің роботтарымыз өте инновациялық көрінеді. Ретро дүниелердің ортасындағы жаңашылдық ерекше әсер береді екен. Осы арқылы біз өткен шақ пен болашақтың арасында алтын көпір орнатып, замандастарымыздың, жастардың музейге деген қызығушылығын арттырғымыз келеді, – дейді ол.

Мәдени іс-шараға келген әрбір адам ерекше әсер алып, рухани азықтанғанын жасырмады.

Музей – өткен күн, бүгінгі уақыт және болашақ арасындағы байланысты көрсететін қасиетті орын. Мен үшін бұл жай ғана сирек заттардың жиынтығы емес, бұл – ұрпақтар кездесетін, немерелер өздерінің ата-бабаларының қалай өмір сүргенін мақтанышпен танитын киелі мекен, – дейді музейдің қор сақтаушысы Мақсат Олжыбек.

Расымен де, бұл сөздердің жаны бар. Археология залында тас ғасырының жәдігерлерін тамашалап тұрған алты жасар Әлижан Батырғали есімді кішкентай бүлдіршін «бұғы тастары» мен қола дәуірінің петроглифтеріне қарап: «Маған мына суреті бар тас қатты ұнады! Мен де даладан осындай тас тауып алғым келеді!» – деп балалық пәк көңілімен қуанышын жасыра алмады. Ал оның анасы Ардақ Қалижановаға музейдің үстіңгі қабатындағы қару-жарақ экспозициясы ерекше ұнапты.

Кішкентай Әлижан мен оның анасының, қарт майталмандар мен жас сарбаздардың бір шаңырақ астында тарихқа үңілуі – музейдің шын мәнінде ұрпақтар тоғысатын алтын бесік екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Мақпал Әділханқызы

Қатысты жаңалықтар

AI SANA – ғылым мен цифрлық білім беруді ұштастыратын маңызды бастама

AI SANA – ғылым мен цифрлық білім беруді ұштастыратын маңызды бастама

19.05.2026
Талдықорғандықтар «Музей түнін» тойлады

Талдықорғандықтар «Музей түнін» тойлады

19.05.2026
Базардағы бағаны тізгіндеу қажет

Базардағы бағаны тізгіндеу қажет

19.05.2026
Жол жөндеу – желге ұшқан ақша ма?

Жол жөндеу – желге ұшқан ақша ма?

19.05.2026
Жетісудың шұжығы

Жетісудың шұжығы

19.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.