Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТАТУЛЫҚ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

4 ақпан 2022
РУХАНИЯТ
ТАТУЛЫҚ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
WhatsAppTelegramFacebook

Кең-байтақ Қазақстан құшағына көп ұлтты сыйдырып, олармен бірлік пен теңдікте, татулық пен ынтымақта өмір сүріп келеді. Атам заманнан бері осы ынтымақ пен бірліктің арқасында талай тарихи белестерден өтіп, қиындықты еңсеріп, іргесі бүтін ел болдық. Бір ғана Талғар ауданында 30-ға жуық этнос өкілдері тұрады. Ауданда 2 грек, 2 ұйғыр, 22 славян, беларусь, басқа да этномәдени орталығы жұмыс істейді.

Тәуелсіздік алғалы бері барлық ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тіршілік етудеміз. Олардың қазақ халқын туған бауырындай көріп, балаларын қазақ мектептеріне беріп, судай сіңіп, құда-жекжат болып, салт-дәстүрімізге де құрметпен қарайтыны қуантады. 
Еліміздің татулығы – басты құндылығымыз. Сондықтан «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген тәмсіл бекерден-бекер айтылмаса керек. Алайда, жыл басында орын алған жағдай, яғни, қаңтар оқиғасы осы елдігімізге, тыныштығымызға сызат түсіріп қана қоймай, сан жүздеген отбасына қара жамылдырды. Елдің берекесін қашырып, тынышын кетірді. Осы бір қиын-қыстау шақта ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шұғыл Үндеу жасауы, халықпен бірге екенін жария етуі қобалжыған көңілге демеу болды. Одан кейінгі «Қасіретті қаңтар» сабағы: қоғам тұтастығы – Тәуелсіздік кепілі» атты мәлімдемесінде де алдағы атқарылар жоспарлар мен іс-шараларды шегелеп берді. Жаңа Үкіметке нақты тапсырмалар беруі ел ертеңінің жарқын болуына, халықтың әл-ауқатының жақсаруына бағытталғанын бағамдадық. Мемлекет басшысының әр сөзінен халыққа деген қамқорлығын сезіндік.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде халық игілігі үшін билік пен бизнестің өзара ықпалдастығы керектігі айтылды. Жасыратыны жоқ, билікті жекелеген адамдардың қарабастың қамына пайдалануының салдарынан билік пен халықтың аражігі ажырады. Сенімсіздік күшейді, әлеуметтік толқулар пайда болды. 
– Қағаз жүзіндегі әлеуметтік-экономикалық мәселе мен оның қазіргі шынайы жағдайының арасындағы алшақтық сын көтермейді. Сондықтан, шұғыл түрде экономикалық саясатты қайта қарау жұмысына бірлесе кірісу керек. Таза, ашық және әділ іс-әрекеттердің жаңа тәртібін анықтаған жөн, – деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес-қауымдастықты осыдан сабақ алып, жаңа Қазақстанның негізі болуға тиіс жаңа экономикалық саясатты қалыптастыру үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. 
Жаңа Қазақстанды құруға атсалысатын кәсіпкерлердің, шағын және орта бизнес өкілдерінің күшін жұмылдыруға арналған бұл бастамалардың оң нәтижесі болары анық. «Қазақстан халқына» қорының құрылуы соның бір көрінісі. Қандай істі қолға алсақ та әлеуметтік теңсіздіктен арылып, әділдік орын алса елдің ауызбіршілігі артып, ертеңгі күніне сенімі нығая түсері сөзсіз.
Өзім ұрпақ тәрбиелеп, бала өсіріп отырған ұстаз-ана ретінде еліміздің іргесі аман, босағасы бүтін болса екен деп тілеймін! Тыныштыққа, бейбіт өмірге жетер бақыт бар ма?! 

Жұмағыз Бұтабаева, 
аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы,
Талғар ауданының Құрметті азаматы
Талғар ауданы

Қатысты жаңалықтар

Базардан мұнай өңдеу зауытына дейін: Қазақстанда көлеңкелі сектор тарихи минимумға дейін қысқарды

Базардан мұнай өңдеу зауытына дейін: Қазақстанда көлеңкелі сектор тарихи минимумға дейін қысқарды

Бүгін, 11:35
Текеліде күйеуін өлтірді деп айыпталған көпбалалы ана бостандыққа шықты

Текеліде күйеуін өлтірді деп айыпталған көпбалалы ана бостандыққа шықты

Бүгін, 11:30
Еңбек министрлігі 2027 жылы жаңа пилоттық жобаны бастайды

Еңбек министрлігі 2027 жылы жаңа пилоттық жобаны бастайды

Бүгін, 11:01
Футбол: «Алтай» клубы «Жетісу» қорғаушысы Асхат Балтабековке көз тікті

Футбол: «Алтай» клубы «Жетісу» қорғаушысы Асхат Балтабековке көз тікті

Бүгін, 10:30
Президент Жолдауы – мәдениеттің дамуына жаңа серпін

Президент Жолдауы – мәдениеттің дамуына жаңа серпін

Бүгін, 10:21

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.