Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ТЕХНОДОМ» ДҮКЕНІН ТОНАҒАН 31 ЖАСТАҒЫ ЖІГІТ ҚОЛҒА ТҮСТІ — ПОЛИЦИЯ

22 қаңтар 2022
РУХАНИЯТ
"ТЕХНОДОМ" ДҮКЕНІН ТОНАҒАН 31 ЖАСТАҒЫ ЖІГІТ ҚОЛҒА ТҮСТІ - ПОЛИЦИЯ
WhatsAppTelegramFacebook

Кербұлақ ауданының полицейлері жедел іздестіру шаралары барысында Талдықорғандағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен 1990 жылы туған тұрғынды ұстады. Бұлтартпас айғақтардан кейін ұсталған азамат өз қылмысын мойындап, заңсыз иемденген заттарды қайтарып берді. Бұл туралы «Жетісу» газеті Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Тергеу барысында күдікті 5 қаңтарда облыс орталығына келіп, заңсыз шеруге қатысқан. Түнде белгісіз біреулердің «Технодом» дүкенін тонап жатқанын көріп, қолына тиген телефондар мен басқа заттарды жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған. Қылмысын жасыру мақсатында ұрлаған заттарын өзгелерден жасырып қойған.

— Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған тұрғынның мекенжайынан 10 ұялы телефон, 2 дана планшет, 16 дана смарт сағат, 8 дана құлаққап, 1 роутер мен 1 антирадар құрылғысы табылып, тәркіленді. Сот шешімімен күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, — деді Кербұлақ аудандық полиция бастығының орынбасары, полиция майоры Алмас Бекиев.

Тергеу барысында күдіктінің ұрлаған заңсыз дүниелерін сатып, ақшасын өз пайдасына жаратуды жоспарлағаны белгілі болды. Дегенмен, тәртіп сақшыларының жүйелі жұмысы қылмыскерлердің жымысқы әрекеттерінің алдын алуда.

— Жауапкершілікті ескермей, ұрлап алған немесе тауып алған қарулар мен бағалы дүниелерді полиция органдарына өз еркімен әкеліп тапсыруды сұраймыз. Бұл әрекеттер сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде көмек болады. Әсіресе, қаруларды бірден құқық қорғау органдарына тапсырғандар жауапкершіліктен босатылатынын ерекше атап өткім келеді. Заңсыз табылған заттарды тасымалдау немесе сату кезінде ұсталған жағдайда қолданыстағы заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертемін, — деді полиция майоры Алмас Бекиев.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Бүгін, 14:20
Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Бүгін, 13:30
Шағын шаруаларға серпін берді

Шағын шаруаларға серпін берді

Бүгін, 12:18
Дүбірлі додада топ жарғандар

Дүбірлі додада топ жарғандар

Бүгін, 10:11
Тәуелсіздіктің төл белгісі

Тәуелсіздіктің төл белгісі

Бүгін, 08:08

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.