Талдықорған: +41°C
$ 469.83
€ 536.83
₽ 5.97
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Толстой тағылымы

19.07.2026
РУХАНИЯТ
WhatsAppTelegramFacebook

Балауыз шамның жарығымен жан нілін сарқып жазған парақтарын тарақтап отырған ойшылдың ақырғы күндердегі мазасыз хәлін өзінен басқа жан адам сезсеші. «Ақылының есігін аттай бере жығылған» (М. Мақатаев) ашуы бас көтеріп, бойын буған сабыр салқынының да осы мезетте алапат ыстыққа ұрынғандай, денесі ұяттан өртене түскен. Неге өртенеді? Не түртті бұл ақ селеу сақалды орыс данышпанын? Тірісінде өзін пір тұтқан қаншама қаламгердің, қарапайым халықтың махаббат пен шапағатына қатар шомғанын жан жүрегімен сезінді ғой. Әлде, түу алыста қалған балалық шақтағы бойын кернеген ұялшақтық синдромы қайта бас көтерді ме екен?

Ясная Полянаның түкпірінен, әлде қалың орыстың үйеңкімен өрнектелген ну орманынан шапқан ағаштан жонып, сүріп жасаған арқалығы бар орындықта отырып толғанған текті қарттың бейопа тірлікте қанағат тұтарлық түгі жоқтай. Әрбір дүниені мұқият жазатын, кей заттар туралы жылы естелік қалдыратын Лев Толстой кемеліне келген шақта кей дүниеге мойын бұрмайтын болған. Тіпті ол 1871 жылы Фетке жазған хатында былай деген: «Соғыс» секілді түкке тұрғысыз көп сөзді дүниелерді енді жазбайтындығыма бақыттымын…». Құлашын кере сонау адамзат тарихындағы ауыр кезеңді «Соғыс және Бейбітшілік» атты төрт томдыққа сыйғызған дегдардың өз толғамынан осылай сырт бергені таңдандырарлық. Бұлай деген оның арқалығы бар орындықтың мәнін, түпкі тарихын тарамдап отыруға ниеті жоқ. Әйтпесе, сонау 1351 жылдардан бастау алар әулиетінің тарихындағы бұл дүниелерің қашан пайда болғанын 165 мың парақтан тұратын, 90 томды құрайтын еңбегінде бірауыз сөзбен болсын сипаттап кетер еді. Алты ғасыр өткелегіндегі отбасы шежіресінде Лев Николаевичтің атасы Петр Андреевич Толстой Бірінші Петрдің билігі кезінде құпия канцелярияның басшысы болған. Ол Ресей империясында жақсы қызметі үшін граф лауазымын алғандардың алғашқысы екен. Түпкі тарихынан тектілік жалғасқан, дәулет қонған жазушының сондағы өмірдегі арзу-арманы, мұрадым мұраттың мұрты бұзылғандай пұшайман күйге түскені неден?

Рас, балалық шағында Лев Толстой ұялшақ болған. Табиғи мінез төркіні бұл. Әйтпегенде, дүниеге 1828 жылы 9 қыркүйекте от жүрегін тулата келген Лев намысқой және мақсаткер болудың сүрдегін сол балалық шақта бастаған. Өз қоғамының алдыңғы қатарында жүруді қаламады дейсіз бе? Қалады, бірақ оның табиғи ұялшақтығы кедергі жасаған.

Жан нілі бұзылып өткен-кеткенін санамалап отырған селеу сақалды қаламгер сол балалық шағына данышпандық тұғырдан көз тастаса, адамзатқа ортақ, жастыққа тән албырттықты бастан кешіпті. Қарапайым жандардай. Дәл орыс қоғамындағы кеудесіне жел біткен «көк шыбықтардай». Анасынан 2 жасында айырылды. «Мама» деген қасиетті ұғымның қаншалықты терең екенін кейін білсе де, аналық мейірімге әлі де шөліркейді. Тандыры кебеді. Тауаны шағылады.

Лев сонау жастық шағында жіберген албырттықтың ең сорақысы – құмар ойынға әуестік таныту деп білетіндей. Рас, ол жас кезінде құмар ойындарға әуестенді.Тіпті бір күні өзінің көршісі Гороховпен карта ойнап, иелігіндегі үйден ұтылып қалады. Бұл үйде Лев туып-өскен.

Жастықтың сергелдең мен сейдін шағын қатар көрген ол парасат пен білімнің түйіскен нүктесінен табыла да алды. Болашақ жазушы Қазан университетінің әуелі шығыстану, кейін заң факультеттерінде оқыды. Университет берген білім мен дарқан дала дарытқан шексіз ілімге де қанағаттанбады. Сондықтан «Бір тіл білсең, бір адамсың» дегендей, тіл меңгеруді де басты қағида етті. Полиглот болды. Бастапқыда ағылшын, француз, неміс тілдерін еркін меңгеріп, чех, поляк, серб, итальян, грек, латын, украин, татар тілдерін тереңдетті. Қосымша ежелгі еврей, түрік, голланд, болгар тілдерін білген.

Жиырмаға жуық тіл арқылы адамзатқа ортақ құндылықтарды бойына дарыта алған қарт данышпан осылайша өмірбаяндық-хамсасына сана жетелете отырып Кавказ соғысына қатысқанын, ерлігі үшін бірнеше ордень, медальмен марапатталғанын, талай сын-сынақта шыңдалғанының арқасында тарау-тарау шығарма түзгенін бәдіздеп, оларға күрсініспен зер салып отыр. Қанын қыздырған ой да соның бәрін ойлап, қуаттап, кей сәтте мансұқтаудың, яки, көрмеген, білмегендей жоққа шығарудың салдары.

Оның отты қаламынан туындаған «Кешегі күннің тарихы», «Помещиктің таңғы тірлігі» әңгімелері, «Балалық», «Ересектік», «Севастополь әңгімелері» автобиографиялық трилогия, «Казактар», «Альберт», «Тәубаға келу», «Мен дінге қалай сенемін?», «Иван Ильичтің өлімі», «Крейцер сонатасы», «Пері», «Қажымұрат», «Жалған қағаз», «Балдан кейін» повестері, «Отбасы бақыты», «Орыс помещигінің таңғы тірлігі», «Арылу» романдары, «Соғыс және бейбітшілік», «Мың сегіз жүз бесінші жыл» роман-эпопеялары, «Анна Каренина» психологиялық романы, «Қараңғылықтың өкімі», «Тірі өлік» драмасы, «Тәрбие жемістері» комедиясы қатталып тұр. Бәріне жанар қадаған адамзат алыбы «Әліппе», «Жаңа әліппе» еңбектерін де жазыпты-ау. Осының біразына қабақ тырыстырған ол кейбір мұраны жалындаған отқа да тастады. Алайда, адамзат қауымына тарап кеткен асыл еңбектер жалындаған оттан да аман өтіп оқырманмен қауышарын ол сол сәтте білген де, сезген де жоқ.
Шыны керек, құнды дүниенің өзіндік бағасын бағамдай алатын зейінді оқырман арасында күні бүгінге дейін толастамай келе жатқан үлкен бір рухани талас бар. Бұл – классик жазушының екі бірдей алып туындысы: «Соғыс және бейбітшілік» және «Анна Каренина» романының қайсысы рухани өремізді кеңейткен биік шығарма екендігі хақында. Екеуін де маңдай терін шүмектете терсіңді еңбекпен, телегей күшпен бедерлеген жазушының мүжілген, қамыққан тұсы кемеліне келгендегі немкетті байлам. Ел ырысына айналар шығармалардың «адамзат өміріне бәлендей керегі бар ма?» деп ой тастауынан туындаған. Әрі әлемдік құндылықтың ең асылы болған ислам дініне бет бұруы салдарынан ұшқындаса керек. Мәселен, Лев Толстой Кавказдағы Терек өзеніне іргелес тұрған казак стансысында 1851 жылдан бастап үш жыл тұрған. Осы аралықта ол өз еркімен әскери міндетін өтей жүріп Кавказдағы әскери қимылдарға қатысады. Тау халқының ерекшелігімен жақын танысып, кейіннен «Казактар», «Шапқыншылық», «Орманды кесу» повестері мен шығармашылығының соңғы шағында жазылған «Қажымұрат» повесінде мұсылмандар өмірін суреттейді. Осылайша ислам хақында терең ойға беріледі. Кейіннен, абзал дінге ықыласы күшейген шағында Мысыр мүфтиі, белгілі ислам реформаторы Мұхаммад Абдоның өзімен хат алысады. Бұл санатта татар, башқұрт діндарлары мен ғалымдары, қазақтың асыл перзенті Шәкәрім Құдайбердіұлы да барын тарих дәлелдеген.
Иә, біз бұл орайда Толстой шығармаларының қай-қайсысын алсақ та, оқырманды бейжай қалдырмайтынын айта келе олардың бірқатарына тоқталғымыз келеді. Жазушы кейіпкердің тән сұлулығынан бұрын оның жан сұлулығы мен ішкі тазару (эволюция) жолын бірінші орынға қояды. Әрі өзі қай шығармасында болса да бейтараптықты жақсы көрген. Біз тебіренген Толстой толғамы мен оның өмірге, шығармаға күрсініспен сана жетелеткенін Ромен Ролланның «Толстойдың өмірі» атты кітабынан алып, рухани синтезден өткізгеннен екенін де айрықша айшықтағымыз бар.

Әуелі Толстой шығармасында әлем оқырмандарының таңдайында қалғаны – «Соғыс және бейбітшілік». Мұны жоғарыда атап өттік. Одан кейінгі шынайы махаббат пен өз рухының қалауы жолында ақиқатын іздеген арудың күресті кезеңін сипаттайтын «Анна Каренина» туындысы. Қос кітаптан тұратын роман әлі күнге дейін адамзаттың сезім, махаббат тақырыбында басты мысалы ретінде айтылып, қолдан-қолға көшіп келеді. Ал Толстой сөресіндегі інжу-маржан секілді асыл шығарма – «Крейцер сонатасы». Бұл неке мен құштарлықтың қайшылығы.

Егер сізге «Анна Каренинадағы» отбасылық дағдарыс пен сезім арпалысы жақын болса, бұл повесть сол тақырыпты бұдан да өткір, бұдан да аяусыз сипатта талдаған жазушы шеберлігіне еріксіз сүйсінесіз. Шығарма жолаушылар пойызындағы неке, махаббат және әйел мен еркек арасындағы қарым-қатынас туралы қызу пікірталастан басталады. Басты кейіпкер Позднышев өзінің сергелдеңге толы некелік өмірін және қызғаныштың уымен әйелін қалай өлтіргенін баяндайды. Ал шығарманың тағылымы – Толстой бұл туындыда нәпсі мен шынайы рухани жақындықтың аражігін ашып көрсетеді. Ол қоғамның некеге тек сыртқы форма (сән, абырой) ретінде қарайтынын, ал оның ішкі рухани негізі ұмыт қалғанын ашына сынайды.

Өмірдің жалған құндылықтарынан арылу негіз болған туынды «Иван Ильичтің өлімі» (Смерть Ивана Ильича). Бұл – әлем әдебиетіндегі ең үздік психологиялық повесть ретінде танылған туынды. Онда адамның өлім алдындағы жалғыздығы мен өмірді қайта бағамдауы суреттеледі. Сюжет желісі: Иван Ильич – жоғары лауазымды сот шенеунігі. Ол өмірін басқалар сияқты «дұрыс», «сыпайы» және «сәнді» өткізуге тырысады. Алайда, кенеттен пайда болған айықпас дерт оны төсекке таңып, өліммен бетпе-бет қалдырады.

Шығармадағы ішкі сілкініс – төсекте жатқан Иван Ильич айналасындағы адамдардың (тіпті әйелі мен балаларының) өзіне деген жанашырлығының жалған екенін, оның өлімін тек мансап пен ақша үшін күтіп жүргенін түсінеді. Ол бүкіл өмірінің жалған құндылықтарға («жұрттан қалмау», «мансап қуу») арналғанын сезініп, жан азабын кешеді. Тек өлім алдында ғана ол шынайы кешірімділік пен махаббатты сезініп, рухани «тіріледі».

Тәкаппарлық пен шынайы тақуалықты ашып көрсеткен туынды – «Сергий әкей» (Отец Сергий). Бұл шығарма «Анна Каренинадағы» Китидің тәкаппарлығы мен рухани ізденістерін, сондай-ақ, Левиннің өмір мәнін іздеу жолын толықтыра түседі. Сюжет желі-сі – сымбатты, болашағынан үлкен үміт күттірген жас офицер, князь Степан Касатский өзінің қалыңдығы императордың көңілдесі болғанын біліп қояды. Тәкаппарлығынан соққы алған ол әскери мансабынан бас тартып, монастырға кетіп, «Сергий әкей» деген атпен монах болады.

Рухани арпалыс – ол тақуалық өмірде де өзінің ішкі тәкаппарлығы мен нәпсісін жеңу үшін үлкен күрес жүргізеді. Тіпті, елге «әулие» ретінде танылып, адамдар оның батасын алуға ағылған кезде де ол Құдайды емес, өз даңқын іздеп жүргенін түсініп, мазасызданады. Кейіннен монастырдан қашып, қарапайым қайыршы ретінде ел кезіп кеткенде ғана ол шынайы қарапайымдылық пен тыныштықты табады.

Өмірді кезе жүріп, қиыр мен селеулі текшелерді, тамырлы шатқалдар мен су табаны өрнек салған сілемдерді аралай жүріп өмір мәнін ұғынып, тау халқының өрлігі мен шынайылығын, адам баласының еркіндігі үшін күресін басты тақырып еткен шығарма – «Қажымұрат» (Хаджи-Мурат). Бұл – Толстойдың қартайған шағында жазған, оның жазушылық шеберлігінің шыңы саналатын тарихи-психологиялық повесть. Мұнда Кавказ соғысы тұсындағы тау халықтарының көсемі Қажымұраттың тағдыры суреттеледі. Екі оттың (бір жағынан Шамильдің қудалауы, екінші жағынан орыс патшасының сенімсіздігі) арасында қалған батыр өз отбасын құтқару және еркіндігін сақтау үшін жан аямай күреседі. Шығарма философиясына келсек, жазушы Қажымұратты «түйе тікенмен» салыстырады. Ол қанша тапталса да сынып кетпей, тіршілік үшін аяғына дейін күресетін қайсар рухтың бейнесі. Бұл шығарма арқылы Толстой мемлекеттік машина мен империялық саясаттың жеке адам өмірін қалай талқандайтынын көрсетеді.

Қалай десек те Лев Толстой қарттың сан жылын сарыққан 90 томдық еңбектің негізгілерін қазақ жастары ретінде әрі әдебиетке құштар болу үшін оқуымыз қажет-ақ. Жазушы өз туындыларында «Анна Каренина» секілді адамзаттың мәңгілік сұрақтарына жауап іздеуді үндейді. Ол сұрақтар: «Біз қалай өмір сүруіміз керек?», «Жалған абырой мен шынайы бақыттың айырмашылығы неде?», «Адам өз қателігін түсініп, қалай тазара алады?» деген. Бұлардың бәрін «Толстой өзін шығармаларына кіріктіруді, ақыл айтуды ұнатпайды» деп Ромен Роллан айтқандай, данышпан қаламгер бейтарап күйде адамзатқа үлгі қылып тастап кетті. Ендеше, өнегелі жазбадан рухани өріс алудан ғапыл қалып жүрмейік. Толстой тағылымынан тамыр тартар рухымыз берік болғай!

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Тарихи тұлғалар жаңғыруы: Жетісу мақтанышы – Тәттібай, Қарымбай және Назар билер

Тарихи тұлғалар жаңғыруы: Жетісу мақтанышы – Тәттібай, Қарымбай және Назар билер

19.07.2026
Жаттығуды бастады

Жаттығуды бастады

19.07.2026
Жалған коуч жар жағалатар

Жалған коуч жар жағалатар

19.07.2026
Үкіметте балалардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды

Үкіметте балалардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды

19.07.2026
Көрсеткіш төмендеп барады

Көрсеткіш төмендеп барады

19.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.