Талдықорған: +36°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТҮРКІЛЕРДІҢ БІРІГУІНЕН ӘЛЕМ НЕГЕ СЕСКЕНЕДІ? ТҰРАН ӘСКЕРІ ҚҰРЫЛА МА?

04.01.2022
РУХАНИЯТ
ТҮРКІЛЕРДІҢ БІРІГУІНЕН ӘЛЕМ НЕГЕ СЕСКЕНЕДІ? ТҰРАН ӘСКЕРІ ҚҰРЫЛА МА?
WhatsAppTelegramFacebook

Адамзат тарихына қарар болсақ, көптеген өркениеттердің ізін көреміз. Артынан аңыз ерген Атланта, Шумер, Гиперборей өркениеттері мен Месопатамия, Мысыр, Парсы, Рим, Сақ, Ғұн патшалықтары, Таң, Таңғұт, Үйсін, Қаңлы мемлекеттері, Ислам халифаты, Осман империясы, Шыңғысхан империясы, Моғолстан, Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орда, Хиуа хандығы, Қазақ хандығы, кешегі Кеңес Одағы сынды алпауыт мемлекеттердің дәуірі өтіп, астамсыған адами пиғылдың ізім-қайым жоғалғаны бұлтартпас шындық.

Осылардың арасында адамзатқа атқа мінуді, шалбар киюді үйретіп, арба шегіп, жануарларды жуасытуды меңгерген батыр бабаларымыздың кескін-келбеті жарқырай көрінеді. Афрасиаб, Алып Ер Тоңға, Күлтегін, Мөде қаған, Еділ патша, Ер Едіге, Абылай хан сынды қас батырлардың тартысқа толы өмірі Ұлы Даланы мекендеген түркі ұлысының алтын дәуірі болғанын айғақтай түседі.

Тіршілігін табиғатпен тікелей байланыстырған түркінің ұрпағы әрқилы кезеңдерде әлемдік өркениетке елеулі үлес қосқанымен ғылым-білім өркендеген соңғы 500 жылдың ішінде өзге ұлыстарға есе жіберіп, айдарынан ескен желден айырылғандай күй кешкені жасырын емес. Тіпті, басқыншылыққа түсіп, қолындағы бары мен байлығы тоналып, тапа-тал түсте пұшайман күйге тап болғаны да ақиқат. Азаттық жолында жан қиған батыр бабаларымыз ұрпағының амандығы үшін қанқасапқа түсіп, саяси қуғын-сүргіннің илеуінен шыға алмады.

Еркіндікті, азаттықты аңсап жүріп, ән мен күйге елтіген қамсыз көңілдерді өткен ғасырдағы Бірінші, Екінші дүниежүзілік соғыс дүрбелеңге түсірді. 1930-31-ші жылдардағы ашаршылық қынадай қырғынға ұшыратты, ұлттың сүт бетіне шығар қаймағы болған арыстай азаматтарды мылтықтың ұңғысына байлаған репрессия түркітілдес халықтарды айналып өтпеді. Арада жетпіс жыл өткен соң КСРО атты мемлекет күйреп, коммунистік режимнің құлауынан соң өз алдына ел атанған еліміз бүгінгі күннің межесіне жетті. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін алғашқы болып мойындаған Түркия Республикасы алыста жатса да бауырластығын білдіргені кеше ғана сияқты. Содан бері талай су ақты, талай өзен тартылды.

Әлемді басқан алапат топан судан кейін адам ұрпағының жалғасуына тікелей ықпал еткен Нұх пайғамбардың Сам, Шам, Яфас есімді үш баласы алты құрылыққа мекендеп, әрқайсысы әр тарапты еншілегені айтылады. Кіші баласы Яфастан тараған ұрпақ түркі атанып, жарты әлемді билеген. Бүгінде жер бетінде 200 миллион түркі тектес халық бар.

Олардың көпшілігі өзінің тегін, тілін, тарихын білмеуі мүмкін. Кеңестік идеологияның кесірінен шежіресін ұмытқандар жетіп артылады. Тіпті, аты-жөні, тегі түбегейлі орысша жазылып, ұлттық санасынан айырылғандар қаншама?! Соған қарамастан тарихына үңіліп, өзінің кім екенін анықтауға кіріскендер жоқ емес. Түп-тамырымен құрып кетуі мүмкін ұлттар мен ұлыстар осы күні ата шежіресін түгендеп, тарихтың ақтаңдақ тұстарын анықтауға ұмтылғаны шүкіршілігімізді арттырады.

Өткен жылға өкпе жоқ, жаңа жылымыз жарылқасын! Былтыр Түркітілдес мемлекеттер басшыларының Стамбул қаласында бас қосуы күллі әлемнің назарын аудартты. «Түркі кеңесінің VIII саммиті» деп аталған кездесуде Қазақ, Түрік, Қырғыз, Өзбек, Әзірбайжан, Мажар, Түркімен елдерінің басшылары өзара пікір алмасып, ғылыми технология қарқынды дамыған жаһандану кезеңінде селбесе өмір сүрудің тиімділігін еске салды.

Саммитте еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас елдерге ортақ 5 негізгі бағыт – жасыл экономикаға көшу, жаһандық жылыну үдерісі, су және азық-түлік қауіпсіздігі, трансшекаралық су ресурстарын тиімді әрі әділ пайдалану сынды түйткілді мәселелерді бірлесе шешу керектігін ұғындырып, туыстықты ту еткен түркі жұртын біріктіретін экономикалық, гуманитарлық, экологиялық ынтымақтастықтың жолын түсіндіріп өткені белгілі. Алқалы жиын қорытындысында «Түркі әлемі – 2040» бағдарламасы қабылданып, ортақ мәселелерді бірлесе шешудің жолдары қарастырылды.

Бірақ экономика, мәдениет, экология сынды салалардың жұмысына арналған саммит әлемдік алпауыт елдердің тынышын алып, түрлі болжамдар жасалуда. Тіпті, кейбір саясаткерлер түркітілдес халықтардың бірлесуі ортақ әскердің құрылуына апарады деген сыңайда ой айтып, жөнсіз байбалам салуға кіріскендей.

Мысалы, әйгілі тентек Жириновскийдің 160 миллиондық «Тұран әскерінің» құрылуы әлемдік саясатқа ықпал ететінін айтып, аттандауға айналғаны күдік ұялатады. Шындығында Кремльдің ойындағы нәрсе осылайша саясаткерлердің тілімен айтылатыны белгілі. Сондықтан ондай арандатулар, түртпектеулер, күдіктенулер болатынын ескерсек, Тұран әскерінің құрылуы қажеттігін ұғына түсеміз. Әйтпесе, қазіргідей геосаяси ойындардың асқынған тұсында айдаһар кейіпті Қытай, аю бейнелі Ресей, цилиндр қалпақ киген Сэм ағайды алға тартқан АҚШ сынды алпауыт мемлекеттер өзгелерге басымдық жасағысы келетіні анық. Сол себепті әскери саладағы бірігулерден сақтану сипатындағы сөздер айтыла береді деп білу керек.

Бір анығы, талай ғасыр бойы бодандықтың қамытын киген түркі жұртының ендігі жерде ешкімге есе жібермеуге ұмтылуы уақыты келген қадам. Әскери технология саласында «Байрактар» деп аталатын өздігінен ұшатын құрылғы шығарған Түркия әлемдік державалардың алдын орап, жымысқы әрекеті басым Израиль сияқты қару-жарақ саудасынан табыс тауып отырған мемлекеттерді тығырыққа тіреді. Себебі, алғашында Иерусалимнен өздігінен ұшатын құрылғы сатып алған Түркия ішкі құпия мәліметтер мен жағрафиялық белгілерінің еврейлерге беріліп жатқанын байқаған соң әскери сауданы күрт тоқтатқан. Міне, осындай жымысқы әрекеттен соң өзгеге сенуге болмайтынын ұғынған Анкара әскери құрылғы жасауды мықтап қолға алған. Ақырында күллі әлем мойындаған «Байрактар» безпилотнигін ұшырып, Сириядағы қара тулы халифат құрған лаңкестермен соғыста сынақтан өткізді. Осының өзі түркітектес халықтардың айбынын асырып, болашаққа деген сенімін нықтай түсті деуге болады.

Енді 2009 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Түркі кеңесіне» тоқталар болсақ, жаңа ұйымға кіргісі келетін елдердің қатары көп. Бір ғана Ресей Федерациясына қарайтын Татарстан, Башқұрстан, Бурятия, Саха сынды ауқымды территорияны еншілеп жатқан елдердің де арманы өз алдына жеке-дара мемлекет атану. Оған түркітілдес мемлекеттердің бірлесуі, ұжымдасуы ерекше серпін береді. Сондықтан да кешегі кеңестік идеологияның құрығы жеткен жерлерден айырылғысы келмейтін Ресей билігінің алаңдаушылығы арта түседі. Қазірдің өзінде Грузия, Украина секілді дос рәуішті мемлекеттерге жүргізер ықпалынан айырылып қалған Мәскеудің ендігісі құр қоқан-лоққы секілді көрінетіні тағы рас. Алайда «жыланды үш кессеңде кесірткелік қауқары бар» дегенді айтқан халықтық тәмсілге сенсек, әскери қуаты мықты болмаса да басқыншылық құлшынысынан арылмай отырған көршілес мемлекеттің амбициясы, өзіне деген сенімі түгесілмегенін ұғуға болар.

Халқымыз: «Алла жаққан шырақты шайтан үрлеп өшіре алмайды» – дейді. Ақиқатында Жер атты көгілдір ғаламшарға тіршілік берген Жаратқан Алланың түркі ұрқына тағы бір мүмкіндік береріне сенеміз. Ендеше, келешектің көрінісін анық тануды нәсіп етсін!

Мәди АЛЖАНБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Ақпаратқа сенім неге азайды?

Ақпаратқа сенім неге азайды?

27.06.2026
Арпа, бидай ас екен

Арпа, бидай ас екен

27.06.2026
TopIQ.kz: оқушылар неге бұл платформаны таңдап жүр?

TopIQ.kz: оқушылар неге бұл платформаны таңдап жүр?

26.06.2026
Журналистер құрмет төрінде

Журналистер құрмет төрінде

26.06.2026
Әке беделі – ұлт беріктігінің тұғыры

Әке беделі – ұлт беріктігінің тұғыры

26.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.