Талдықорған: +14°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ҚЫСПАҚТЫ ДА КӨРГЕНБІЗ»: БҮГІН — ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВТЫҢ ТУҒАН КҮНІ

12 қаңтар 2020
РУХАНИЯТ
"ҚЫСПАҚТЫ ДА КӨРГЕНБІЗ": БҮГІН - ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВТЫҢ ТУҒАН КҮНІ
WhatsAppTelegramFacebook

Жиырмасыншы ғасырдың бел ортасынан бастап қырық жылдан астам үкімет басында жүріп, оның жиырма бес жылында Қазақстанға бірегей де білікті бірінші басшы болған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев есімі анықтауышсыз-ақ әлемге аян.

1987 жыл республиканың бұрынғы бірінші басшысын қаралаудан басталды. Мәскеу бастап беріп, Қазақстанымыз жаппай қоштап жатқан негізгі тақырып — республика тізгінін ширек ғасыр ұстаған Дінмұхамед Қонаевтың басқан ізінен кір іздеу. «Правда» мен «Известия» газеттерінің мақалаларына еліміздің тек көлеңкелі тұстары арқау болды: айнала түгел былық, аяқ бассаң әділетсіздікке кезігесің, миллиард пұт астық – көпірме сөз. Осының бәріне бірінші басшы кінәлі. Тіпті, Қонаевтың аңшылығы айыпталып, фотоайғақ беріліп жатты. Жоғарының нұсқауы бойынша сол біржақты материалдардың барлығының республикалық басылымдарда жарияланғаны айдан анық.

1992 жылғы тамыз айы, Бөрлітөбеде газет редакторымын. Кешкілік аудан әкімінің бірінші орынбасары хабарласып, Қонаев ақсақалдың келетінін, қадірменді мейманды қарсы алатындар құрамында екенімді хабарлады. Ертеңгілік айтылған жерден табылдық. Ауданның сол кездегі әкімі Амангелді Бекбосынов бас болып шекарадан қарсы алудың, Балқаш жағалауында қонақасы берудің қамы жасалды.

Жүрегін жүдетіп, жанын жаралаған 86-ның сергелдеңінен енді ғана сергіген кезі еді қартымыздың. Ұзақ жыл ел тұтқасын ұстаған абыз ақсақалдың қолын алғанда басқа жігіттер де мен сияқты толқыған шығар, ал араға 6 сағат салып шығарып салғанымызда бәрімізді бірдей алып құшағына қысқаны есімде.

Сол күні кермиық көл де әдеттегіден тыс өрекпіп жатты. Ақжал толқын Димекеңнің табаны тиген жағалауды сүйді, ал туған жерге адал перзенті бала кезден жанына жақын айдынға құлаш ұруға асықты. Тек дәрігерінің шектеуіне амалсыз мойынсұнды.

– Димаш аға, мына коттеджде демалыңыз, жағалаудағы мына киіз үй жантайып жатып, көл кереметін тамашалауға ыңғайлы, – дейміз біз.

– Жантаю қайда қашар дейсіңдер, одан да көкейлеріңде менен білсем, естісем деген сауалдарды ортаға салыңдар, жағалауда жүріп теңесейік, пікірлесейік.

Сол күні кемеңгер тұлға саясаттан басқа барлық әңгімеге араласты. Дастарқан тізгінін де өз қолына алды, әңгімені өзі бастап, өзі өрбітіп, еркін сұхбаттасуға жол ашты. Өткені туралы айтты, береке-бірлік болса ел ертеңі нұрлы деді, мақтанбады, аспады, таспады, қазақтың көркем кестелі бай тілімен ұйытып тастады. Сөз реті келгенде Желтоқсаннан кейінгі бірер жылдағы жаппай қаралаудың өзі Сізге деген қарапайым елдің көзқарасын өзгерте алмады деген рәуіште пікір білдірдім. Сонда Димаш аға:

– Қарағым, бұл ашық майдан ғой, нысанасы да белгілі, ал біз құрбандығы бүкіл халық бола жаздаған Хрущев тұсындағы қыспақты да көргенбіз, – деді де ел-жер тағдыры сынға түскен зымыстан заманнан сыр ағытты.

Сол күні Ұлыстың Ұлылығымен үндестім, Алаштың Ар-Иманымен амандастым, қазақтың Қасиетті де Қайсар рухымен кеңестім, Тәңіртаудай тұлғасымен тілдестім. 

Жомарт ИГІМАН

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 2026 жылғы 29 қарашада өтетін сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда

Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады

9 қараша 2026
Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

9 қараша 2026
Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

9 қараша 2026
«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

9 қараша 2026
«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

9 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.