Талдықорған: +6°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Зеңгі баба тұқымын көбейтуде

2 ақпан 2018
РУХАНИЯТ
Зеңгі баба тұқымын көбейтуде
WhatsAppTelegramFacebook

Биылғы қыс жайлы басталды. Бірақ, ортасына қарай қаһарына мініп, күн аязданды. Десек те қар қалың емес. Мал жайылымдары да ашық. Сондықтан болса керек, мал қыстату науқаны өңірлерде ойдағыдай өтуде.

Балқаш ауданында да мал қыстату науқаны өз деңгейінде жүріп жатыр. Аймақтағы ауылшаруашылығы саласына жауапты мамандар қыс қаһарына қарсы тұра білген жұртшылықтың мал-жанды аман сақтап, бағып-қағып жатқанын айтады. Төрт түліктің қыстан қысылмай шығуы үшін де қажетті жағдайлар жасалып, жемшөп қоры молынан әзірленіпті. Мәселен, отыз үш мың тоннаға жуық пішендеме, жиырма екі мың тоннадан аса сүрлемдік жүгері бастырылып, жүз алпыс мың тонна табиғи шөп пен жоңышқа әзірленген. Нәтижесінде жоспар асыра орындалып, мал азығы артығымен дайындалған. Яғни, мал қыстату науқанында еш кедергі жоқ. 
Аймақта қазір барлық мал басы көбеюде. Соның ішінде мүйізді ірі қара саны сексен сегіз мыңнан асады. Оның тұқымын асылдандырып, көбейтуге де айрықша көңіл бөлініп отыр. Осыған байланысты жүріп жатқан жұмыстар аз емес. Мәселен, «Қазақтың ақ бас сиыры», «Сантагертруда», «Герефорд», «Әуликөл», «Абердин», «Ангус» ірі қаралары, ұсақ малдан «Дегерес», жылқыдан Қазақтың «Жабы тұқымдарын өсіру қолға алынып, бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жалғасуда. 
Жалпы, Балқаш ауданы мал ұстауға қолайлы аймақтың бірі. Бай өлкенің осындай мүмкіндігін тиімді пайдаланып отырғандар аз емес. Сондықтан да жергілікті жұртшылық негізінен осы саламен айналысуды қолға алған. Солардың бірі «Темірлан» шаруа қожалығы. Іргелі істің иесі Сұлтан Ирсаев. Қожалықты басқарып отырған ол атакәсіпті өркендетіп, өрісті малға толтыруды көздейді және сол жұмыстың жандануына күш жұмсауда. Жас та болса мал шаруашылығының қыры мен сырын жете меңгеріп, оны өрістетуге шама-шарқынша үлес қосып отыр. Қожалықта негізінен мүйізді ірі қара бағылады. 
Зеңгібаба тұқымын асылдандырып, санын өсіруге ден қойып отырған шаруашылық жетекшісінің тіршілігін көзбен көру үшін арнайы барып, мал бағылып жатқан орынға келдік. Ірі қара малы дала төсінде жайылып жүр. Сұлтан бізге шаруашылықтың жай-күйі мен алдағы арман-мақсаттары туралы сол жерде әңгімелеп берді. Оның сөзіне қарағанда, мал қыстату науқаны қалыпты өтуде. Жемшөп қоры да жеткілікті. Аталмыш шаруа қожалығының құрылғанына небары екі жыл ғана болыпты. Соған қарамастан малын көбейтіп, жетпіске жеткізген. Оған мемлекет тарапынан жасалған қолдау айтарлықтай оң әсерін тигізіпті. Тұқымын асылдандыру бағытында «Қазақтың ақ бас сиыры», «Ангус» малы бағылады. Басым бөлігі аналық бас. 
Олар қазір бұзаулап жатыр. Жас төлге арналған қоражай да жылы. Етті бағытында бағылып жатқан ірі қара арнайы орында сойылып, етке өткізіледі. Жер де бар. Малға қажет азық сол жерден дайындалады. Шаруашылықты өркендетуде ойға алынған жоба-жоспарлар да аз емес. Алдағы уақытта бордақылау алаңын салып, қолға алған ісін одан әрі жандандырмақ. Мал басына демеуқаржы беріліп отыр. Шаруашылық жетекшісінің осындай іргелі істерді өрістеуіне жеңілдіктер жасап, көмек көрсетіп отырған Үкіметке деген алғысы шексіз. 

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Балқаш ауданы

Қатысты жаңалықтар

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

Бүгін, 17:31
Айтылмаған алғыс

Айтылмаған алғыс

Бүгін, 16:24
Илену мен үй болу

Илену мен үй болу

Бүгін, 14:18
Ел болашағына бағыт берген

Ел болашағына бағыт берген

Бүгін, 13:29
Рухани байлықтың кілті

Рухани байлықтың кілті

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.