Талдықорған: +8°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Зерелер мен Ұлжандар қайда?

19 қаңтар 2018
РУХАНИЯТ
WhatsAppTelegramFacebook

Дүниенің жетегіне еріп, қыз қылығына салғырт қарағанның салдарынан ұлтымызға үлкен қауіп төніп  тұр. Қыз – ұрпақты тәрбиелеуші, отбасы, ошақ қасының берекесі. Ертеде оларды дүниеге келгеннен бастап, әр қадамын аңдап бастырып, шолпысының сыңғырына дейін қадағалайтын. Оны мәпелей отырып, өздерінің ғана емес, барша елдің келбеті екенін түйсінген. «Әйел – ырыс, қыз – өріс, келін – тыныс» деп құрмет тұтқан.

Қазіргі таңда сол заманғы Зере әжелеріміз бен Ұлжан аналарымыздың ізін басқан қыздарымыз бен келіндеріміздің түр-тұрпаты мен жүріс-тұрысы бізді алаңдатады. Етегіне ер сығалатпақ түгілі, бөтен адамның көзіне тіке қарауға ұялып, жанарын тайдыратын жібі түзу есті қазақ қыздарының қатары сиреп келеді. Айтпағым – гүлге балаған аруларымыздың мезгілінен ерте жұлынып, тазалықты білдіретін той көйлегін киіп, бөтен шаңырақты еш ұялмай аттай беретіні. Сосын кеп қарындары шермиген келіннің бетін киелі қазақтың қара домбырасымен ашатыны тағы бар.
Бір қызығы, келін боп түсе сала олардың көпшілігі ақ орамал тақпайды. Меніңше, ақ орамал ол келіннің бойтұмарына айналуы тиіс. Онымен қоймай беттен алып, төске шабатын келіндерді көзіміз көріп жүр. Күйеуіне мойынсұнып, өз ісін білетін келіндер аз. Жақсы әйел – бойұсынушы әйел. Хазіреті Пайғамбар бір хадисінде: «Үш нәрсе адамды бақытты қылады: салиқалы әйел, тамаша үй және жақсы көлік. Тағы бір үш нәрсе адамның бақытсыздығын білдіреді: жаман әйел, жаман үй, жаман көлік», – дейді. Яғни, салиқалы әйел деп арлы, тәрбиелі әрі ақылды әйелдерді айтамыз. Ер адамның қанша асып-тасыған байлығы болса да, ол үшін ең жақсысы – салиқалы әйелдің болғаны.
«Анасына қарап, қызын ал», – деген. Яғни, сүтпен сіңген тәрбиенің қаншалықты маңызды екенін білеміз. Үйдегі аналарымыз телефонға телміріп уақытын сарп етсе, олардың қазіргі жайы қалай түзелмек?! Бірде жақында ғана тұрмысқа шыққан бойжеткеннің әңгімесін құлағым шалды.       Ә дегеннен енесін жамандай түскен келіннің әңгімесі мынадай: айтуынша, енесі оны үй қызметшісі сияқты ұстайды-мыс. Төсекке таңылған күйеуінің анасын бағып-қағуын міндетсіне түсіп бірде оған: «Сені улаймын», – деп зәбірлегенін беті бүлк етпестен жария етіп отыр. Мына сұмдықты қараңыз. Өз міндетін білмейтін, адамгершіліктен жұрдай келіннің бұл ісі ақылға сыйымсыз. «Бір қызымнан бір қызым һәм сорақы!» – деген сөз еріксіз ойға оралды. Қазақ дәстүрі тек өз ата-анаңды ғана емес, бүкіл адамзатты сыйлауға баулиды. Ал мына менің мысалымдағы келіннің бетпердесі – бүгінгі күнгі сүйкімсіз келіндердің шырайы.
Ұмытпайық, сіз тәрбиелеп отырған бұрымдының халқымыздың келешегіне тікелей әсері бар. Ертеңгі күні қылықты қызыңыздың қылығы бетке шіркеу болмасын десеңіз, ай-күннің аманында оларға мойын бұрғаныңыз жөн.

Әмина ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА,
ЖМУ-дің  ІV курс студенті

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандық семсерлесушілер Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Қазақстандық семсерлесушілер Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Бүгін, 08:41
Еліміздің бірқатар аймағында үсік пен көктайғақ болады

Еліміздің бірқатар аймағында үсік пен көктайғақ болады

Бүгін, 07:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

30 қазан 2026
Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

30 қазан 2026
Кітапхана – рухани орта

Білім кілті – кітапта

29 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.