Талдықорған: +34°C
$ 487.01
€ 557.87
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ЖАДЫМЫЗДАН ӨШПЕЙДІ»: АУДАНҒА ЕСКЕЛДІ БИДІҢ ЕСІМІ БЕРІЛГЕНІНЕ — 20 ЖЫЛ

09.09.2020
РУХАНИЯТ
"ЖАДЫМЫЗДАН ӨШПЕЙДІ": АУДАНҒА ЕСКЕЛДІ БИДІҢ ЕСІМІ БЕРІЛГЕНІНЕ - 20 ЖЫЛ
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл ауданымызға Ескелді би Жылкелді ұлының есімі берілгеніне 20 жыл толды. Кеңестік дәуірдің 1928 жылына дейін Қаратал, Көксу, Қоғалы, (Гавриловка) Қапал ауданының бірер елді мекендері Ескелді болысына біріктірілген болатын. Кейіннен ауданның орталығы Қарабұлақ кенті деп ауыстырылды.

Сол тұста өңірімізді басқарған ел ағалары ауданымызға батыр бабамыздың есімін қайта қоюды жөн көреді. Олар Төле бидің қызы Ұланбикеден туған Ескелді бидің тарихта алған салмақты орнын бағалап, Жоңғар шапқыншылығы жылдарындағы елі үшін сіңірген еңбегін ескеріп, аудан жұртшылығымен ақылдасып, Тұңғыш Президентіміз Н. Назарбаевқа ұсыныс хат жолдап, баба есімінің ауданға қайта берілуін сұраған болатын. Елбасы бұл ұсынысты қолдап, 2000 жылдың 10 наурызында Жарлық шығарып, ауданға Ескелді би есімі қайта берілді.

Кеңес идеологиясы ыдырағаннан кейін В. Лениннің ескерткіштері құлатылған кезең орын алды. Аудан орталығының алаңында орналасқан көсем ескерткіші де сондай халге душар болды. Сол жылдары аудан басшысы болған Керімтай Абдрахманов ел ағаларымен ақылдасып, орны ортайған ескерткіштің орнына Ескелді Жылкелдіұлының мүсінін орнату жайында ұсыныс енгізді. Бұл ұсыныс көпшіліктің қолдауын тапты.

Көп ұзамай аудан азаматтары  құлшыныс танытып, жұмыс бастап кетті. Сол жылдары аудан жұртшылығының әл-ауқаты төмен, мүмкіндіктері мен тұрмыс жағдайлары  қуантарлықтай емес еді. Соған қарамастан аудан халқы бірлігін бір арнаға тоғыстырып, қолдарында барын аямай, арнайы қорға қаржылай, басқалай үлестерін қосты.

Ескерткішке қажетті гранит тасын бұрын комсомол ұйымында қызмет еткен Александр Беляев Қапал өңіріндегі мәрмәр өндіретін Баянжүрек деген карьерден керекті формада ойып алып, аудан орталығына жеткізді. Ол мұндай игі ісіне ешқандай қаражат талап еткен жоқ.

Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі, Көксу ауданындағы Куйбышев ауылының түлегі Нұрбақыт Қойшыбеков пен мүсінші Жеңіс Молдабаев Ескелді бабамыздың бейнесін жасауды қолға алды. Мүсінді қашау жұмыстары «Хильниченко и К» шаруа қожалығының шеберханасында атқарылды. Мүсін 4 айдың ішінде дайын болып, көпшіліктің көңілінен шықты. 2000 жылы қоңыр күздің қараша айында баба мүсіні аудан орталығында  бой көтеріп, елдің көзқуанышына айналды.

2001 жылы жер аяғы ашылған мезгілде ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылу рәсіміне сол кезде Алматы облысының әкімі болған Заманбек Нұрқаділов пен бірталай қоғам қайраткерлері қатысқан болатын. Мүсіннің ашылу салтанатының сәнін де, мәнін де келтірген баба ұрпағы, академик, әлемге белгілі ғалым Еділ Ерғожин іссапардан келісімен ауданға ат басын бұрып, жиналған қауымға ақ батасын беріп, жүрекжарды тілектерін арнаған. Сонымен қатар, өнер иелерінінің бірі, Ескелді ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сайлаубай Тойлыбаев пен белгілі сырнайшы, 250-ден астам әннің авторы Ағайша Исағұлова  ескерткіштің ашылу салтанатына ән арнады.

Салтанатты жиынның соңы баба рухына арналып бағышталған ас мәзірімен жалғасты. Міне, бүгінде баба есімімен аталып отырған ауданымыз Тәуелсіздіктің көк туының астында көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Ауданымыздың еңбеккерлері осы уақыт ішінде бірнеше белестерді бағындырды. Көптеген әлеуметтік бағдарламалар оңтайлы іске асып келеді. Өңір экономикасының негізі – ауылшаруашылығы қарқынды даму үстінде. Шаруалар егіс алқаптарын күтіп-баптап, еңбектерінің тәтті жемісін татып отыр. Сонымен қатар, салық түсімі ұлғайды. 2000 жылы жергілікті салық түсімі 203 млн.теңге болса, 2019 жылдың қорытындысымен түсім 1 млрд.251 млн.теңгені құрап отыр. Сондай-ақ, көптеген әлеуметтік нысандар іске қосылуда. Бірнеше балабақшалар, спорт алаңдары ашылып, мектептер мен мәдени нысандар күрделі жөндеуден өтіп, жолдар жасалып, елді мекендер жаңа кейіпке енуде. 

Алдағы уақытта ел экономикасын көтеру мақсатында атқарылатын берекелі істер көп. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың сындарлы саясатын іске асыру үшін барша аудан жұртшылығы бірігіп еңбек етеріне сенім мол. Ескелді бабамыздың есімі берілген киелі өңіріміздің қойнауына құт дарып, баурайы төрт түлік малға толып, қамбалар астыққа кенеліп, ауданымыздың өркендеп тұрғаны баба аруағының қолдауынан деп білемін. Ал, төрімізде бой көтерген батыр бабамыздың ескерткіші ауданның әрбір тұрғынына күш-қуат беріп, алға ұмтылуға, ержүрек болуға бағыт беріп тұрғандай. 

Қанша ғасыр өтсе де Ескелді би, Балпық би секілді еңселі ерлердің есімдері жадымыздан өшпейді. Жетісу өңірінде алып ағаштай тамыр жайған ұлы баба ұрпақтары олардың есімін әрдайым тек биікке көтере бермек. Ескелді бабамыздың «Берекені көктен тілеме, бірлігі мол көптен тіле» деген сөзін жадына сақтаған ұрпақтары әлі де үлкен белестерден көрінеді.

Қ.ТАСТАНБАЕВ,

Ескелді ауданының Құрметті азаматы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 3 млн теңгелік гранттар беріледі

Жетісуда 3 млн теңгелік гранттар беріледі

23.06.2026
Әуезді әнмен тербеген

Әуезді әнмен тербеген

23.06.2026
Шегірткемен күрес күшейді

Шегірткемен күрес күшейді

23.06.2026
Қапалдан қала табылды

Қапалдан қала табылды

23.06.2026
Аида Балаева қазақстандықтарды Әкелер күнімен құттықтады

Аида Балаева: Мемлекеттік қызмет жауапкершілік пен кәсібилікті талап етеді

23.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.