Талдықорған: +20°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ЕСЕНҚҰЛ ЖАҚЫПБЕКОВ АТЫНДАҒЫ БАЙҚАУ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

11.03.2022
РУХАНИЯТ
ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ЕСЕНҚҰЛ ЖАҚЫПБЕКОВ АТЫНДАҒЫ БАЙҚАУ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Жамбыл аудандық Мəдениет үйінде Есенқұл Жақыпбековты еске алу кеші өтті. Əуелі шайырдың «Қара сырнай» өлеңіне жазылған əн шырқалып, сахналық қойылым көрсетілді.

«Сүйінбай» театрының өнерпаздары жан тебірентерлік поэзияны нақышына келтіріп, көпшіліктің көңілін босатты. Ақын өлеңдерін негізге ала отырып ұйымдастырылған сахналық қойылымнан кейін алғашқы болып аудан əкімі Нұрлан Ертас сөз алды. Ол:

– Иə, бүгінгі қойылым ерекше əсер етті. Көңіліміз босап, ағамызбен бірге өткен күндер еске түсті. Шайыр рухына қаншалықты құрмет-қошемет көрсетсек те артық емес. Алдағы уақытта Есенқұлдың атына мəдени орталық, болмаса саябақты беру сынды игі бастамаларды қолға алсақ деген ниеттеміз. Ол енді уақыт еншісінде. Біз Сүйінбай мен Жамбылдың ізін жалғаған Есенқұл Жақыпбековтың көзін көрген бақытты жандармыз. Есенқұл ақын ешқашан өлмейді, – деп дара тұлғаның зайыбы Меңсұлу Нағашыбекованың иығына камзол жапты.

Өз кезегінде Халықаралық «Алаш» əдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Жұмабай Шаштайұлы мен ақынның досы Кеңес Керімбаев сөз алып, шайыр туралы тебірентерлік естеліктерін айтты.

Жиын соңында аудандық «Сүйінбай сазы» ансамблі Есенқұл Жақыпбековтың сөзіне жазылған əндерді орындап, кеш көркін қыздырды.

Есенқұл Жақыпбековты еске алу кеші мұнымен шектелмеді. Түстен кейін аудандық білім бөлімі жəне «Жас Ұлан» оқушылар үйінің ұйымдастыруымен аудандық Мəдениет үйінде «Есенқұл оқулары» өтті.

Биыл «Есенқұл оқуларына» бақ сынауға келген оқушылардың қарасы көп. Жылдағы дəстүрге сай бұл байқауға келген өрендер мейлінше ақынның өлеңін көп жаттағаны көрініп тұрды. Аталмыш байқау өзгеше форматта өрнек тапты. Байқауға келген оқушылар жылдағыдай тек поэзия оқып қана қоймай, ақынның сөзіне жазылған əндерін орындап, өлеңдеріне арнап сурет салды.

Ақынның поэзиясын мəнерлеп оқуда 22 оқушы бақ сынады. Жас өнерпаздардың өнерін бағалау үшін аудандық білім бөлімінің əдіскері Əлия Зейноллаева, ҚР Мəдениет саласының үздігі, ақын, композитор Жылбек Тоқтасынов, ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Роза Сейілхан мен «Үмбетəлі» əдеби-мемориалды музейінің директоры, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Əуелбек Ысқақов қазылық етті.

Көп ішінен Саурық батыр атындағы орта мектеп оқушысы Аружан Дүйсен оқ бойы озып, жүлделі бірінші орынға ие болды. Аружан Есенқұл Жақыпбековтың 70-ке тарта өлеңін мүдірмей, мəнерлеп оқып, қазылар алқасын тəнтті етті.

Ал жүлделі ІІ орын Қарасай негізгі орта мектебінің оқушысы Айтұмар Нұрлан мен Беріктас орта мектебінің оқушысы Жансая Дəулетханға бұйырды. ІІІ орынды С.Бигелдиев атындағы орта мектеп оқушысы Айша Бейсенбай, Қарғалы №4 орта мектебінің оқушысы Айсері Тəңірберді мен Сүйінбай атындағы орта мектептің оқушысы Ақмарал Жексенбай иеленді.

Байқаудың екінші кезеңі бойынша қолына қылқалам ұстаған жас суретшілер өздерінің салған суреттерінен көрме ұйымдастырды. Көрмеге қойылған суреттерді бағалаған қазылар алқасы Үмбетəлі Кəрібаев атындағы орта мектептің оқушысы Мəрлен Дəулетханның еңбегін бірінші орынға лайық деп таныды. ІІ орын Құдыс Əбсеметов атындағы орта мектептің оқушысы Анеля Наурызбай мен Сұраншы батыр атындағы орта мектептің оқушысы Жанерке Бейсекеге бұйырды. Ал жүлделі ІІІ орынды Қарғалы №4 орта мектебінің оқушысы Назлыжан Келеш, Мыңбаев ауылындағы орта мектебінің оқушысы Аян Аленова мен Ə.Мəмиев атындағы орта мектебінің оқушысы Еңлік Жахан иеленді.

Байқаудың үшінші кезеңі бойынша өнер көрсеткен мектеп оқушыларын қазылар алқасы арнайы Алғыс хатпен марапаттады.

Елдар ЖАҚЫПБЕК

Жамбыл ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

TopIQ.kz: оқушылар неге бұл платформаны таңдап жүр?

TopIQ.kz: оқушылар неге бұл платформаны таңдап жүр?

26.06.2026
Журналистер құрмет төрінде

Журналистер құрмет төрінде

26.06.2026
Әке беделі – ұлт беріктігінің тұғыры

Әке беделі – ұлт беріктігінің тұғыры

26.06.2026
7-сыныпқа дейін смартфонға шектеу қойылмақ

7-сыныпқа дейін смартфонға шектеу қойылмақ

26.06.2026
AI Opportunity Partnership: Еліміздің технологиялық дамуына жаңа серпін

AI Opportunity Partnership: Еліміздің технологиялық дамуына жаңа серпін

26.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.