Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЖАНАЙҚАЙ: ЖЕЛТОҚСАНШЫ ЛӘЗЗАТ АСАНОВАНЫҢ ЗИРАТЫН СУ БАСУ ҚАУПІ БАР

27 ақпан 2022
РУХАНИЯТ
ЖАНАЙҚАЙ: ЖЕЛТОҚСАНШЫ ЛӘЗЗАТ АСАНОВАНЫҢ ЗИРАТЫН СУ БАСУ ҚАУПІ БАР
WhatsAppTelegramFacebook

Желтоқсан көтерілісінің құрбаны Ләззат Асанова жерленген қорымды су шайып жатыр.

«Ақымы ішіне түсіп кеткен. Аталарымыздың сүйегі көрініп жатыр. Ауылдың халқы амалдап, бетін шифермен, ағашпен жауып қойған. Жазда сел келетін болса, тағы шаяды», — дейді Ақжазық ауылының тұрғыны Ердос Бердаев.

Бұл — Панфилов ауданына қарасты Ақжазық ауылындағы жағдай. Зираттардың көбі бүлініп, топырағы опырылып, ортасына түскен. Тіпті, кейбірінің ақымдары да үңірейіп ашық жатыр. Ал бейіт басында адамның жамбас сүйегіне ұқсас сүйектер шашылып жатыр. Ауыл тұрғындары мұны су шайған молалардан жер бетіне қалқып шыққан марқұмдардың сүйегі деп болжайды.

«Бейітке жақын жерде, 30 метрде канал бар. Сол каналға жазда су келеді. Су шетінен шайып, каналды құлатып бітті. Тауға жауын қатты жауғанда сел басады да, сел арнаға сыймай осы бейіттің ішін аралап кетіп жатыр», — дейді Ақжазық ауылының тұрғыны Ердос Бердаев. «Әруақтар қор болды» деген ауыл тұрғындары шама-шарқы келгенше мазарды қоршап, су арнасын басқа жерге бұрған. Бірақ одан жағдай түзелмепті. Ал ауыл әкімі тұрғындардың бұл айтқанын толық растап отыр. Алайда өз бетімізше қорымды сақтау қолымыздан келмейді деп мойындады.

«Үлкен қаражат керек. Үлкен бөгет жасамаса, келешекте бейітті алып кетеді. Мына жерде ата-бабамыз жатыр ғой. Енді біз облыстық төтенше жағдайлар департаментіне жібергенбіз. Облыстық әкімшілік соны қарап, ақша бөлсе дейміз», — деді Көктал ауылдық округінің әкімі Бақыт Нұрелов.

Бұл зиратта 1986 жылы желтоқсаншы Ләззат Асанова жерленген. Әзірге оның бейіті аман. Дегенмен, шұғыл түрде ауыл әкімі айтқан үлкен бөгетті жасамаса, Ақжазық ауылында зираттар түгел жойылу қаупі бар. Бұл мәселені Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев назарға алды.

«ҚАЗАҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59
Қаратал ауданында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Қаратал ауданында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Бүгін, 13:30
Асыл тұқымды мал шаруашылығы: Қазақстан мен Германия ынтымақтастықты нығайтады

Асыл тұқымды мал шаруашылығы: Қазақстан мен Германия ынтымақтастықты нығайтады

Бүгін, 13:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.