Талдықорған: +7°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Жарасым тапқан жүздесу

26 маусым 2018
РУХАНИЯТ
Жарасым тапқан жүздесу
WhatsAppTelegramFacebook

Газетіміздің 100 жылдық тойы жақындаған сайын әріптестеріміз сый-құрмет көрсетіп,  басылым жайлы жазып, айтып жатыр. Сондай бір жылы жүздесуді  облыстық  «Жетісу»  телеарнасының «Таңжарық» бағдарламасы ұйымдастырды. Таңғы бағдарламаға газеттің үш буыны келді.  Журналист  Диас Нұрлыбай  мерейтойлық сұхбатты құттықтаудан бастады. Жақсы сөз – жан семіртеді! Жылы басталған жүздесу тележурналист пен газет тілшілерінің арасында арнасын тапқан су ағысындай жарасым тапты.

Өткенін білмеген ұрпақ бүгінін қадірлей алмас.  Әңгіме 100 жылдықтың тарихынан бастау алды. «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Нүсіпбай Әбдірахым: – «Жетісу» газетінің бірінші саны «Жетісу ісші халық мұхбірі» яғни «Жетісу жұмысшыларының хабаршысы» деген атпен 1918 жылдың 21 маусымында жарыққа  шықты. Алматы өңірі жұртшылығын күнделікті жаңалықтардан құлағдар еткен газет алғашқы сандарынан-ақ сол кездегі қоғамдық-саяси жағдайларды түсіндіріп, таразылайтын мақалалар басты. Басылым әдепкіде қазақ, қырғыз, өзбек және татар тілдерінде аралас жарық көрді. Газеттің алғашқы редакторы – Сабыржан ШӘКІРЖАН деген азамат еді», – деп газеттің шығу тарихына шолу жасады. Нүсіпбай Додабайұлы одан ары қарай газетте кімдердің істегеніне тоқталды.  Ол басылымда Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ораз Жандосов, Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытұлы, Мағжан Жұмабаев сынды азаттықты аңсаған Алаш арыстарының өлең, әңгіме, публицистикалық мақалаларының жарық көргенін, бірақ,  сол кездегі саяси жағдайға байланысты олардың шығармалары көбінесе бүркеншік есіммен басылып отырғандығын айтты. 
«Таңжарық» бағдарламасында журналист Гүлжан Тұрсын «Жерұйық» газетінің тарихы жайлы да айтып өтті. Басылым 1968 жылы жарық көріп, кейіннен аты бірнеше рет өзгерген. Басылымның алғашқы редакторы Баянды Мәдиев.  Сұхбатқа қатысушылар облыстық газет журналистерінің қалада қазақ мектептері мен балабақшалардың ашылуына  ұйытқы болғанын  әңгімелеп берді. 
Газеттің орта буын журналисі Қажет Андас шетелден келген соң жұмыс іздеп көп жүргенін, бақытына орай бір күні  бүгінгі басылым редакторымен көпшілік ортада кездесіп, «Жетісуға» қызметке орналасқаны жайлы қызықты естелік айтты. Бүгінде журналистің дүниетанымы өсіп, бірнеше кітап шығарып, халықаралық жобаларға қатысып, елге танылып үлгерген. Қаламгер осы жетістігінің барлығына «Жетісуда» қызмет істегенінің арқасында жеткенін айтты. 
Студияға кірген жас буын «Жетісудың» қамқорлығына тоқталды.  Басылымның жас журналистері шығармашылықтарын шыңдап, дүбірлі додаларға өлең-әңгімелерін қосып, бәйгенің алдын бермей келеді. Сондай-ақ, келген жасты қанатының астына алып, әлеуметтік жағдайының шешуіне көмектесетін басылым соңғы жылдары бірнеше жас тілшінің пәтер алуына ықпал етті. 
Үш буынның ойы бір жерде тоғысты. Ол – ғасыр жасаған «Жетісудың» қадір-қасиеті. Елге сіңірген еңбегі. Табалдырығын аттаған жанның бағын ашатын басылым оқырмандарына тұшымды мақалалар ұсынуда үнемі ізденіс үстінде.  Алдағы уақытта да редакция ұжымы  көпшіліктің көкжиегін кеңейтер мақалаларды көптеп жазбақшы.

Гүлжан Мұқашқызы

Қатысты жаңалықтар

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

31 қазан 2026
Айтылмаған алғыс

Айтылмаған алғыс

31 қазан 2026
Илену мен үй болу

Илену мен үй болу

31 қазан 2026
Ел болашағына бағыт берген

Ел болашағына бағыт берген

31 қазан 2026
Рухани байлықтың кілті

Рухани байлықтың кілті

31 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.