Талдықорған: +7°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЖАРАТЫЛЫСЫ НӘЗІК, ІСІНЕ — МЫҒЫМ

19 маусым 2018
РУХАНИЯТ
WhatsAppTelegramFacebook

    Облыстық дін істері басқармасы  «Қоғамның дамуы  мен рухани жаңғыруындағы әйелдердің рөлі» атты «дөңгелек үстел» өткізді. Мақсат – қоғамның дамуы мен рухани жаңғырудағы әйел-ананың орнын насихаттау, қазіргі діндар әйелдердің келбетін анықтау және діни фанатизмнен сақтандыру. Облыс аумағындағы әйелдер аудиториясына қатысты мәселенің оң шешімін табу, соның ішінде мектепке орамал тағып бару, студент қыздар арасында экстремизм идеологиясының алдын алу.

 

    Басқосудағы алғашқы сөзді  облыстық дін істері басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов алды. Ол ұлттың тәрбиешісі – әйел-аналардың қоғамдағы алатын орнына тоқталды. – Қоғам өмірінде тек әйелдер ғана қозғай алатын, бастама көтеріп, іс жүзінде жүзеге асыратын ерекше мәселелер бар. Бұл, әсіресе, ана мен балаға байланысты, сырт көзге байқала бермейтін шаралар. Осындай мәселелердің өз уақытында шешімін табуына әйел-аналардың әсері мол. Жаһандану жағдайында ұлттық болмысымызды сақтап қалу үшін ұлттық салт-дәстүрді сақтауымыз керек. Ұлтты ұлт еткен құндылықтарды қайта тірілту керек. Ұрпақ тәрбиесіне, адам тағдырына шынайы жанашырлықпен қарап, әйел-ана, отбасына қамқорлық жасаған дұрыс. Ең бастысы – рухани-адамгершілік, тәрбие саласында жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарсы бағытталған іс-әрекеттерге тосқауыл қойылуы қажет,– деді басқарма басшысы. Келесі сөзді «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің исламтану кафедрасының доценті, қауымдастырылған профессор Шамшат Әділбаева алды. Ол «Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әйелдің рөлі: кеше және бүгін» атты тақырыпта баяндама жасады. «Тәрбие дегеніміз отыра қалып насихат айту емес. Ол – ең алдымен өз болмысыңмен басқаға үлгі болу. Осыны жақсы түсінгендіктен қазақ әйелі рухани құндылықтарды өз бойына жинақтау арқылы өзгелерге үлгі болды», – деген ойды айтты баяндамашы. Бүгінде Қазақстан әйелдері еліміздің дамуына айрықша үлес қосуда. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қоғамның даму барысын өмірде – нәзік, көңілде – биік, ал істе – мығым әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес» деген болатын. Қазіргі таңда әйелдер саясатта, бизнесте, экономиканың барлық саласында ер-азаматтармен қатар еңбекке  араласып, өздерінің біліктілігі, қабілет-дарыны, іскерлігімен көзге түсіп жүр. 
   Қазақ әйелі өзгені құрметтеді, сол арқылы өзі де құрметке ие болды. Қазақ қызы дәстүрге бас игендіктен, дәстүрдің даналығын мойындағандықтан бұрынғы ата-баба жолын қуды. Қазақ қыздарының арқасында ұлан-байтақ қазақ даласында бір ғана тіл,  бір ғана дін, бір ғана дәстүр, бірдей дүниетаным қалыптасты. Әйел-аналар осылайша елдікті сақтады, рухты көтерді. Міне, бұл күнгі басқосуда баяндамашылар осы ойды айтты. Ұлттың анасы – қыз-келіншектердің болмысы қай кезде де ерекше..

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

31 қазан 2026
Айтылмаған алғыс

Айтылмаған алғыс

31 қазан 2026
Илену мен үй болу

Илену мен үй болу

31 қазан 2026
Ел болашағына бағыт берген

Ел болашағына бағыт берген

31 қазан 2026
Рухани байлықтың кілті

Рухани байлықтың кілті

31 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.