Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЖҰДЫРЫҚПЕН ҮСТЕЛДІ ҰРҒАН БАС ДӘРІГЕРДІҢ ІСІН КОМИССИЯ ҚАРАЙДЫ

18 қараша 2020
РУХАНИЯТ
ЖҰДЫРЫҚПЕН ҮСТЕЛДІ ҰРҒАН БАС ДӘРІГЕРДІҢ ІСІН КОМИССИЯ ҚАРАЙДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Желіде Талғар аудандық ауруханасының бас дәрігері Н.Күлсейітовтің тұрғындармен кездесуде үстелді жұдырығымен түйіп қалып, сұрақ қоюшыға жекігені жайлы бейнематериал кеңінен тарады. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Көптің талқысына түскен бейнежазбада Алматы түбіндегі іргелі ауданның бас дәрігері ашуға беріліп, орнынан тұрып кетеді, онымен қоймай, сұрақ жолдаған азаматқа ұмтылып, соңынан дәлізге шығады да, тағы жанжалдаспақшы болады. Ары қарап, кетіп бара жатқан бас дәрігерге соңынан біреу «арамтамақ» деп айқайлайды.

Атышулы бейнежазбаға байланысты газетіміздің меншікті тілшісі Ұлбосын Исабек Талғар ауданының әкімдігіне сұрау салып көрді. Алайда аудандық әкімдік қызметкерлері жауап беруден жалтарып, істің мән-жайын түсіндіріп бере алмаған. Ал бас дәрігердің өзінен жауап алу тағы мүмкін болмаған. Талғар ауданы әкімінің баспасөз хатшысы бұл мәселеге қатысты: «Енді пресс конференция болып жатқан. Бір кісі тұрып, бас дәрігерге ақшаның бәрін қайда кетірдің деген ауанда сұрақтар қойды. Содан ол жынданып, қолымен столды ұрып, тұрып, шығып кетті. Болды», — деп шолақ қайырды.

Бүгінгі таңда үстелді жұдырықпен ұрған аурухананың бас дәрігеріне қатысты тексеріс басталды.

«ҚР Еңбек кодексінің 64-бабы, 1-бөлігінің 4-тармағына сәйкес, Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан комиссия құрылды. Арнайы топ Талғар аудандық ауруханасының бас дәрігері Н.Күлсейітовтің этикалық әрекетіне қатысты мәселені қарайды. Қабылданған шара хабарланатын болады», — делінген Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Қазақпаратқа» шыққан ресми мәлімдемесінде. Алдын ала мәлімет бойынша, жиналысқа келген тұрғынның ашу тудырған сұрағы ауруханада дәрілердің жетіспеуі жөнінде болған.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Транзиттік әлеует трансформацияланады

Транзиттік әлеует трансформацияланады

Бүгін, 11:36
Орталық Азия мен Қытай елдері жаңа жоспарларды қабылдады

Орталық Азия мен Қытай елдері жаңа жоспарларды қабылдады

Бүгін, 11:30
Талдықорған орталығында отшашу атқан тұрғын жауапкершілікке тартылды

Талдықорған орталығында отшашу атқан тұрғын жауапкершілікке тартылды

Бүгін, 11:00
729 қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

729 қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

Бүгін, 10:30
Халықтың орташа жасы өсіп, егде жастағылардың үлесі артып келеді

Халықтың орташа жасы өсіп, егде жастағылардың үлесі артып келеді

Бүгін, 10:06

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.