Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЖЕКЕ БРИГАДАСЫ БАР ҚҰРЫЛЫСШЫ ӘЙЕЛ ЖҰМЫСЫ ЖАЙЛЫ СЫР БӨЛІСТІ

8 наурыз 2021
РУХАНИЯТ
ЖЕКЕ БРИГАДАСЫ БАР ҚҰРЫЛЫСШЫ ӘЙЕЛ ЖҰМЫСЫ ЖАЙЛЫ СЫР БӨЛІСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінде тек ерлер немесе әйелдерге арналған мамандықтардың шегарасы жойылуға шақ қалған. Ер-азаматтар нәзікжандылардың жұмысын шебер меңгерсе, арулар да ауыр саналатын тірліктің бел ортасында жүр. Солардың бірі — «Сурмак» құрылыс фирмасының жобалаушы-құрылысшысы Нұрғайша Түйтебекова. Оның ыстығы мен суығы қатар жүретін құрылыс саласында жүргеніне 30 жылға жуықтады. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Кербұлақ ауданына қарасты Басши ауылының тумасы Нұрғайша Сламбақықызы балаларын асырау үшін құрылыс саласына келген. Оқу оқиын десе, сәбилеріне қарайтын адам жоқ. Құрылыс – жұмысы ауыр, жауапкершілігі жоғары, тек ер азаматтарға арналған мамандық сынды. Соған қарамастан кейіпкеріміз бірте-бірте қара жұмысқа кірісіп кеткен көрінеді. Басында ауыр көрінген жұмысын бүгінде бес саусағындай біледі.

– Ең алғаш құрылыс нысанына келген кезім. Жанымдағы аға-әпкелер өз тілдерінде сөйлеп жатқандай көрінді. Содан  бетон, арматура, шатыр, еден, қабырға деген сөздерді естігенде ерсі көрінетін. Тіпті, үйреніп кете алмайтындай болдым. Балаларымды, олардың болашағын ойладым. Сөйтіп жүріп өзімнің де «левкас», «штукатурка» деп сөйлеп кеткенімді аңғармай қалдым, – деген Нұрғайша осыдан 28 жыл бұрынғы бір оқиғасын есіне алып, күлді.

Кейіпкеріміздің өзінің саласы туралы сүйіспеншілікпен айтқанына қарап, қызықпай қоймайсың. Әр қаланған кірпіші, сыланған қабырғасы үшін кеудесін мақтаныш сезімі кернейді. «Мына үйлердің кафелін төсегенмін. Ана тұрған жатақхананың іргетасын құйысып едім», – деген ол зейнетке шықса да құрылыстан қол үзгісі келмейтіндігін айтады.

Нұрғайшаның бүгінде өз бригадасы бар. Мемлекеттен бөлек жеке тапсырыстарды да қабылдайды. Айлықтарына көңілі толады. Ең аз дегені 150-200 мың алған. Ал, алматылық құрылыс компаниясымен істегенде 250-300 мың айлық алған кездері болған.

Басында айтқанымыздай, құрылысқа әйелдердің екінің бірі бата бермейді. Құрылысшының нысандағы әр күні қауіп пен қатерге толы. Сан алуан оқыс оқиғалар кездесіп жатады. Соған қарамастан қара басын қатерге тігіп, күнде құрылыс нысанына келеді. Материалдық жағдайдан бұрын, жүрек қалауы болған сала Нұрғайша Сламбақықызының сана-сезімін баурап алған көрінеді. Ең бастысы, бірге жұмыс істеп жүрген жандарға деген сенімнің болуы дейді.

– Жұмысым өзіме ұнайды, елдің бәрі шенеунік бола бермейтіні белгілі. Халыққа баспана салып беретін адам да керек емес пе?! Бай бол, бағлан бол, әкім бол, құрылысшы бол, ісіңді адал атқарып, маңдай терің сіңген ақыңды алсаң болғаны, – дейді кейіпкеріміз.

Құрылысшы Нұрғайшаның қолтаңбасы Нұр-Сұлтан, Алматы қаласындағы баспана мен зәулім ғимараттарда қалған. Ол бастапқыда қыз баласына жат деп таңдаған жұмысы бүгінде үлкен сұранысқа ие екеніне әбден көзін жеткізді.

Апайымыздың үлкен ұлы да құрылыс саласында жүр. Қайрат Бектеров екеуі екі ұлынан тараған 6 немересінің қызығын көріп отырған сүйікті ата-әже.

Еңлік АРЫҚБАЙ

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59
Қаратал ауданында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Қаратал ауданында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Бүгін, 13:30
Асыл тұқымды мал шаруашылығы: Қазақстан мен Германия ынтымақтастықты нығайтады

Асыл тұқымды мал шаруашылығы: Қазақстан мен Германия ынтымақтастықты нығайтады

Бүгін, 13:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.