Талдықорған: +25°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЖЕТІСУ ӨЛКЕСІ КӨНЕ ЕСКЕРТКІШТЕРГЕ БАЙ. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА — 90 ЖЫЛ!

16.02.2022
РУХАНИЯТ
ЖЕТІСУ ӨЛКЕСІ КӨНЕ ЕСКЕРТКІШТЕРГЕ БАЙ. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА - 90 ЖЫЛ!
WhatsAppTelegramFacebook

Қасиетті де көрікті Жетісу өлкесі – табиғаты жайқалған жұмақ мекен. Асқар Алатауы мен ұлан-байтақ жерінің асты-үсті тұнып тұрған кеніш. Киелі мекеннің солтүстік-шығысында ақжал толқынды Балқаш, алқалы Алакөл, оңтүстігінде Тянь-Шянь тауы, одан беріде Іле, Күнгей, Кетпен жоталары, оңтүстік-шығысында Жетісу Алатауы және көптеген шөлейтті-шөлді алқаптар орналасқан. Мұның бәрі табиғаттың тұмсалығын танытатын ғажайып байлықтарымыз.

Тарихи жылнамаға назар аударсақ, биыл 10 наурызда Алматы облысының құрылғанына 90 жыл толғалы отыр. Адам үшін тұтас бір өмір болса, бұл уақыт шежіре үшін қысқа сәт. Осы кезең ішінде өңір жанданды, жаңғырды. Талай жетістіктерді тарих бедерінде сайратты. Сол кездегі Орталық атқару комитеті кеңесінің №39 хаттамасымен 1932 жылы 10 наурызда Алматы облысы құрылды және оның құрамына 18 аудан кірген-ді.

Алматы облысының қалыптасуы талай күрделі белестерден өтті. Тоқсан жылдың жартысынан көбін  Жетісу өңірі кеңестік, социалистік жүйеде өмір сүреді. Дегенмен, бұл кезеңде де халықтың ой-санасы оянып, елімізде мәдениет, білім, ғылым салалары өркендеді. Алып құрылыстар салынып, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы дамыған кезең болғандығын да айту жөн болар. Бұл жылдары республиканың батысы мен шығысын жалғастыратын ең ірі құрылыстарының бірі – “Түрксіб” теміржол магистралы салынды. Қазақ ауылдарын күшпен коллективтендіру, оны Голощекиннің “ерекше тәсілімен” жүргізу нәтижесінде 1932-1933 жылдары қазақ жерінде жаппай ашаршылық орын алды.

Ресми мәлімет бойынша, халықтың тең жартысы аштықтан қырылып, мыңдаған отбасы жанын сауғалап Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мен Иранға көшіп кетуге мәжбүр болды. Одан беріде Жетісу халқы Екінші дүниежүзілік соғыстың жеңіспен аяқталуына да зор үлес қосты. Атақты Панфилов дивизиясының ерліктері мен тылдағы еңбекші халықтың ерен еңбегі ел жадында.

Тың игеру мақсатында Алматы облысының Жамбыл, Қаскелең, Іле аудандарында кеңшарлар құрылып, мол астық өнімдері алынды. Мұның бәрі облыстың кешегі күні.

Бүгінде Жетісу өңірінде халық шаруашылығында, өндірісте, әлеуметтік инфақұрылымдарда үлкен өзгерістер бар. Алматы облысы республикадағы ауыл- шаруашылығы өркендеген өлке. Егін шаруашылығында бидай, күріш, жүгері, арпа, сұлы мен қант қызылшасын өсіруде облыс жетекші орын алады. Соңғы кездері облыста мал шаруашылығы жаңа бағытта дами бастады. Асыл тұқымды мал өсіру ғылыми негізде іске асырылуда. Жылқы шаруашылығы Райымбек, Балқаш, Көксу, Сарқан, Еңбекшіқазақ аудандарында ерекше қарқынмен дамыды.

Жоғарыда атап өткеніміздей, ірі аграрлық-өнеркәсіптік аймақ болғандықтан жеміс концентраттарын шығару зауыты, күріш, соя өңдеу фабрикалары, “Бахус” шырын-шарап зауыты, “Фудмастер” сүт өнімдері компаниясымен қатар құс өнімдерін өндіру фабрикалары да өңірде жұмыс істеуде. «Мойнақ» гидроэлектростансысы, «Батыс Қазақстан, Батыс Қытай» мұнай-газ құбыры, Жетіген-Қорғас теміржол құрылысы өңір экономикасына оң ықпалын тигізуде. Сонымен қатар, облыс халық шаруашылығын  электр қуаты және газбен тұрақты қамтамасыз ететін ауқымды іс жүйелі жүргізіліп келеді. Медицина саласы бойынша көптеген ауруханалар, диагностикалық орталықтар ашылып, ел игілігіне қызмет етуде.

Емдеу орындары заманауи шетелдік медициналық жабдықтармен жасақталып, санитарлық көліктер пайдалануға берілді. Облыстың көрікті жерлеріне орналасқан “Қапал-Арасан”, “Керімағаш” “Алма-Арасан”, “Алатау” және басқа да санаторийлар халықтың денсаулығын жақсарту, жаппай сауықтыру орындарына айналған.

Алматы облысында халық біліміне ерекше мән беріледі. Түрлі кезеңдерде облыста сапалы білім беретін 700-ден аса мектеп, лицейлер, колледждер, халық шаруашылығына, әлеуметтік инфрақұрылымдарға аса қажетті мамандар даярлайтын орта және жоғары оқу орындары ашылды. Республика және шетелге танымал білім беру мекемелері сапалы білім, саналы тәрбие беру мақсатында үлкен жетістіктерге жетті.

Жетісу – өнер дарыған, қазақ мәдениетін әлемге танытқан, тарландар мен көрнекті қайраткерлер өмір сүрген қазыналы жер. Жыр мен думанға толы өлке. Жыр алыптары – Сүйінбай, Жамбыл, Кенен, Үмбетәлі, Сара Тастанбекқызы, ақиық ақын М.Мақатаев, Т.Молдағалиев, Ж.Жақыпбаев, жазушы Ә.Әлімжанов, суретші Ә.Қастеев, қазақтың өнер тарландары М.Төлебаев, Ә.Бейсеуов, Д.Рақышев сынды көптеген дарабоздардың кіндік қаны тамған қасиетті жер. Сонымен қатар, мемлекет және қоғам қайраткерлері Т.Рысқұлов, О.Жандосов, Н.Алдабергенов, З.Нұрқаділов,  А.Сәрсенбаевтардың атамекені. Алматы облысының мемлекеттік архив сақтауындағы жеке қор иелері, соғыс ардагерлері А.Асқаров, С.Серкебаев, Б.Балтағұлов сынды бірегей тұлғалар қазынасы бай мұраларымыздың бір бөлшегі.

Өнер саласында облыстық филармония, драма театры, көптеген Мәдениет үйлері, кітапхана, мұражайлар жұмыс істесе, облыс көлемінде спортқа, дене тәрбиесіне баса көңіл аударылғанын ерекше атап өткіміз келеді. Спорттың барлық түрінен әлемдік, республикалық, облыстық, аудандық деңгейлердегі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға қол жеткізу спорт саңлақтарының басты мақсаты болса, бұл тұғыр өңіріміздің ажарын айшықтай түсетіні де даусыз. Лондон Олимпиадасында Жетісу өңірінің саңлақтары Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедовалар Олимпиаданың ең жоғары жүлдесі “Алтын медальді” иеленді.

Алматы облысының жері – тарихи, табиғи, көне мәдени ескерткіштермен әлемге танылған. Іле өзенінің Дегерес, Матай тұсындағы “Патша қорғаны”, 31 қорғаннан тұратын “Бесшатыр” қорғаны, мыңнан астам жартастағы “Таңбалы тас суреттері” әлемдік деңгейдегі құнды жәдігеріміз. ЮНЕСКО тізіміне енген, шамамен 2,5-3 мың жыл өмір сүрген сақ жауынгерін бейнелейтін тарихи ескерткіштер ғасырлық құндылықтардан сыр шертеді.

Облысымыздың құрылғанына 90 жыл толуына байланысты  барша жетісулықтарды, өңіріміздің экономикалық дамуына, болашақ білімді де парасатты, ғылым мен техниканы терең меңгерген ұрпағымыздың өркендеп-өсуіне үлес қосып жүрген азаматтарды мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

Ұлмекен ӘЛМӘМБЕТОВА,

Алматы облыстық архивінің құжаттарды мемлекеттік есепке  алу және сақталуын қамтамасыз ету бөлімінің қойма меңгерушісі

Қатысты жаңалықтар

TopIQ.kz: оқушылар неге бұл платформаны таңдап жүр?

TopIQ.kz: оқушылар неге бұл платформаны таңдап жүр?

26.06.2026
Журналистер құрмет төрінде

Журналистер құрмет төрінде

26.06.2026
Әке беделі – ұлт беріктігінің тұғыры

Әке беделі – ұлт беріктігінің тұғыры

26.06.2026
7-сыныпқа дейін смартфонға шектеу қойылмақ

7-сыныпқа дейін смартфонға шектеу қойылмақ

26.06.2026
AI Opportunity Partnership: Еліміздің технологиялық дамуына жаңа серпін

AI Opportunity Partnership: Еліміздің технологиялық дамуына жаңа серпін

26.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.