Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЖЕТІСУДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АДАМДАРЫ «АЙТҰМАР» СТИПЕНДИЯСЫН ИЕЛЕНДІ

29 наурыз 2022
РУХАНИЯТ
ЖЕТІСУДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АДАМДАРЫ "АЙТҰМАР" СТИПЕНДИЯСЫН ИЕЛЕНДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Әр сайынан саз қалықтап, әр бұтасынан өлең өрген киелі Жетісу жері ақын-жазушыларға, сазгерлер мен суретшілерге кенде емес. Шығармашылық адамдарын қолдау, еңбегіне серпін беру мақсатында дәстүрлі түрде Алматы облысы әкімінің стипендиясы беріліп келеді. Наурыз айының соңында аталмыш шараның шырайы жаңа сипат алып, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен жергілікті ақын, жазушы, суретші, композиторларға «Айтұмар» атты облыс әкімінің арнайы стипендиясы табысталды.

Шарада алғашқы болып құттықтау сөзді облыс әкімінің орынбасары Арслан Дәндібаев алды. Ол:

– Ең бірінші баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Өнер мен мәдениетке өзіндік үлесін қосып, елге ерең еңбегімен танылып, жер жаннаты Жетісуды дәріптеп жүрген баршаңызға шексіз алғысымды білдіремін. Өздеріңізге белгілі, облыс әкімінің қолдауымен жыл сайын ақын, жазушы, музыканттарды ынталандыру мақсатында стипендия беріліп келеді. Бұл өнерге деген қолдау деп түсінген жөн, – деп жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, өңірдің өнеріне өз үлесін қосып жүрген жандарға арнайы марапаттарын табыс етті.

Айта кетелік, облыс әкімінің «АЙТҰМАР» арнайы стипендиясын ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әміре Әрін, драматург, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Лидия Егембердиева, балалар жазушысы, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әли Ысқабай, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Орысбай Әбділдәұлы, композитор, Ақсу ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі Мұратхан Егінбаев, композитор, ҚР Мәдениет қайраткері Таңатар Алшабеков, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Нүсіпбай Әбдірахым, ақын, Сарқан ауданының Құрметті азаматы Жомарт Игіман, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Гүлнар Өмірзақова, айтыскер ақын, журналист, Панфилов ауданының Құрметті азаматы Айтақын Бұлғақов, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Серік Сарыбай, ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Егемен Қазақстан» газетінің Алматы облысы бойынша меншікті тілшісі Қалмахамбет Мұқаметқали, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Гүлбақыт Қасен, Сағыныш Намазшамова, Роза Сейілхан, Торғын Тұрлыбаева, ақын, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Ақпарат саласының үздігі Жұматай Әміреев, ақын-аудармашы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Жүкел Қамайұлы, жазушы Мәди Алжанбай, суретшілер Марат Әбдіреев, Есет Дәуренбаев, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Отан патриоты» медалінің иегері Жангелді Немеребай, жазушы Асхат Өмірбаев, ақын, «Janr» Жетісу әдеби клубының мүшесі Асыл Сұлтанғазы, ақын, «Janr» Жетісу әдеби клубының мүшесі Азамат Нұрмұхан иеленді.

Өз кезегінде облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін сөз сөйледі.

– Қай мемлекет болсын өркениеттік деңгейі оның әдебиеті мен мәдениетіне байланысты. Әлемге атын жайған еліміздің еңселі әдебиеті мен өрісті өркениетінің ежелден дамыған атамекені осы Жетісу жері деп танимыз. Ел ішінде Ұлытауды ұлт ұясы десе, Жетісуды елдің жүрегі деп айшықтаймыз. Осынау байтақ өлкенің әдебиеті мен мәдениеті дамып, қаламгерлердің шырайлы шығармалары көптеп өмірге келсін деген ақжарма лебізімді білдіргім келеді, – деп рухты тасытар ақжарма тілегін ақтарды.

Айбоз ақыннан кейін белгілі сазгер Мұратхан Егінбаев, Қазақстанның Халық әртісі Алмахан Кенжебекова, драматург Лидия Егембердиева, суретші Марат Әбдіреев, «Janr» Жетісу әдеби клубының президенті Есболат Айдабосын сөз алып, рухани шараның мәні мен маңызын айшықтап, марапатқа ие болған өнер адамдарына деген ақжарма тілектерін арнады.

Кәмилә ТҰЯҚОВА

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.