Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЖЕТІСУЛЫҚ КӘСІБИ БҮРКІТШІ ЭТНОАУЫЛ АШУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫР

16 ақпан 2021
РУХАНИЯТ
ЖЕТІСУЛЫҚ КӘСІБИ БҮРКІТШІ ЭТНОАУЫЛ АШУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫР
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісулық кәсіби бүркітші Қуаныш Исабеков туристерге арналған этноауыл ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы «Жетісу» газеті «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Алматы облысындағы баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Бүркітші Қуаныш этноауыл өзі туған Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылының маңында бой көтерсе дейді. Елдімекен Алматы қаласынан 141 шақырым жерде орналасқан.

— Дәл осы жер түлкі, қоян мен басқа да аңдарды аулауға ыңғайлы. Жыл сайын құсбегілікті тамашалауға 20-30 турист келеді, олардың көбісі Еуропадан. Бүркітшінің өнері шетелдіктердің қызығушылығын тудырып отыр, — дейді Қуаныш Исабеков.

37 жастағы Қуаныш әкесі мен атасынан мұра болып қалған істі жалғастырып келеді. 16 жасында ол бүркітті алғаш рет қолға үйретіп, содан бері құсбегілікпен айналысады. Отбасымен бірге ұлттық құсбегіліктің ерекшеліктеріне арналған «Жеті қазына» мұражайын да ашқан.

Қуаныш — республикалық және халықаралық деңгейдегі бүркітшілер байқауының жеңімпазы. Енді өзінің сүйікті ісін табыс көзіне айналдырғысы келеді. Қазір оның жеті бүркіті, екі қаршығасы, екі ителгісі және сегіз тазы иті бар.

— Туристер үшін аң аулау ісі, біздің табиғатымыз бен әдет-ғұрпымыз өте қызықты. Әдетте құсбегілік маусымы қазан айында басталып, ақпанның ортасына дейін жалғасады. Дәл осы кезеңде туристер бірнеше топпен келеді. Олар біздің тұрмысымыз бен бүркітпен аң аулаудың ерекшеліктерімен танысады. Туристер Канада, Ұлыбритания, Швеция, Германия, Франциядан. Олардың арасында кәсіпкерлер, саяхатшылар мен фотографтар көп. Кейбірі, тіпті, жыл сайын келеді, — дейді ол.

Пандемияға байланысты 2020 жылы бүркітшілер ауылында туристер болмады. Алайда ата кәсіп иелері үшін ішкі туризмді дамыту бағыты ашылды. Өткен жылы Қуаныш Исабеков Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасынан кеңес алып, бизнес негіздерін оқытатын «Бизнес мектеп» жобасына қатысты. Кейін «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша қайтарымсыз грант алуға өтінім берді.

Жоба сәтті шығып, комиссия жобаны қаржыландыруды мақұлдады. Енді осы қаражатқа жас кәсіпкер өз ойын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

— Қуаныш Исабеков «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша қайтарымсыз 3 миллион теңгенің грантын алды. Енді ол осы қаражатпен кәсібін бастайды, — деді Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Диас Бейсенбеков.

Істің басы-қасында болып, кәсіпті жүргізуді отбасы қолға алмақ. Қуаныш үш бала тәрбиелеп отыр. Ол балаларын кішкентайынан бастап құсбегілікке баулып келеді.

— Бүркіттер ерекше қамқорлықты қажет етеді. Оларға жақсы күтім жасау керек, сүйіспеншілік таныту керек, сонда ғана сізді тыңдайды. Құсқа айқайлап үйрете алмайсың. Сонымен бірге, бүркітші жаман әдеттерден аулақ, таза жүруі маңызды. Себебі, аспанда биікте қалқып ұшатын құс бәрін сезеді, — дейді ол. Мұнымен қоса, Қуаныш Исабеков құсбегілік саласы мемлекеттік қолдауды қажет етеді деп санайды.

— Мысалы, бүркіт немесе тазыны ұстау оңай шаруа емес. Жазда бүркіт күн сайын 2-3 келі ет жейді. Сол себепті субсидиялауды енгізу қажеттілігін қарастырып көру керек. Қалай дегенде де ынталандыру шаралары қажет. Моңғолия мен Қырғызстандағы бүркітшілер Қазақстандағы құсбегілік өнерінің дамуына тәнті. Себебі, біздің елде бұл өнермен айналысатын жастар саны көп, — дейді ол.

Бүгінде бүркітші әрі кәсіпкер Қуаныш Исабеков құсбегіліктен Шығыс Қазақстан облысы мен Түркия Республикасында өтетін жарысқа қатысуға дайындығын пысықтап жатыр.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.