Талдықорған: +7°C
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЖОБА ЖАРИЯ ТАЛҚЫЛАНДЫ

19 желтоқсан 2018
РУХАНИЯТ
ЖОБА ЖАРИЯ ТАЛҚЫЛАНДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыстық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, жиында үш мәселе қаралды.  «Алматы облысының 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешімінің жобасы, облыс әкімдігінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі «Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» №402 қаулысының күші жойылды  деп тану туралы қаулысының жобасы, облыс әкімдігінің «Қазақстан Республикасы Үкіметіне Алматы облысында ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін бекіту туралы ұсыныс енгізу туралы» қаулысының жобасы жария талқыланды.

Алғашқы мәселеге байланысты арнайы баяндама жасаған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірханов көпшілікке келер жыл жүзеге асырылатын жобаларға облыстық бюджеттен бөлінген қаржыны таныстырды.
– Ең төменгі жалақы мөлшерінің өзгеруіне байланысты азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге республикалық бюджет есебінен ағымдағы нысаналы трансферттер үшін 6,3 мың теңге қарастырылды. Жалпы әлеуметтік салаға жұмсалатын қаражат 53 пайызды құрайды (238 млрд. теңге), – деп қарастырылған қаржының тізімін таныстырды. – Республикалық бюджет қаражаты есебінен қарастырылған 16,8 млрд. теңгенің 492,2 млн. теңгесі тілдік курстар өтілінен өткен мұғалімдерге үстемақы төлеуге; 281,2 млн. теңгесі оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымшаақы төлеуге; 11,5 млрд. теңгесі жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне қосымша- ақы төлеуге; 3,9 млрд. теңге ұлттық біліктілік тестінен өткен және бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мұғалімдерге педагогикалық шеберлік біліктілігі үшін қосымшаақы төлеуге; 97,9 млн. теңгесі мектеп педагог-психологтарының лауазымдық жалақысын өсіруге; 129,2 млн. теңгесі мектеп педагог-психологтарының педагогикалық шеберлік біліктілігі үшін қосымшаақы төлеуге жұмсалады. Білім саласы бойынша 2019 жылға республикалық бюджет есебінен 7 жобаның құрылысын жалғастыруға 3,1 млрд. теңге, жергілікті бюджет есебінен 2,4 млрд. теңге бөлінеді, оның ішінде қоса қаржыландыруға 238,1 млн. теңге,  5 жаңа нысан құрылысына 2,3 млрд. теңге және жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 606,2 млн. теңге қарастырылған.
Баяндамашының айтуынша, бюджеттен бөлініп отырған қаржы білім саласымен қатар денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту сынды салалардың жұмысын жандандыруға жұмсалады. Осыған орай облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірхановқа сұрақ қойған Қоғамдық кеңес мүшелері өздерін толғандырған сауалдардың жауабын алып, 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджетінің жобасына ашық дауыс берді.
Жиында қаралған облыс әкімдігінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі «Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» №402 қаулысының күші жойылды  деп тану туралы қаулысының жобасы, облыс әкімдігінің «Қазақстан Республикасы Үкіметіне Алматы облысында ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін бекіту туралы ұсыныс енгізу туралы» қаулысының жобасы ашық талқыланып, Қоғамдық кеңес мүшелерінің қолдауын тапты.

Мәди Aлжанбай

Қатысты жаңалықтар

Депозиттерге салық салынады деген ақпарат – жалған

Депозиттерге салық салынады деген ақпарат – жалған

Бүгін, 14:52
Балқаш пен Алакөлге 11 млн балық шабағы жіберіледі

Балқаш пен Алакөлге 11 млн балық шабағы жіберіледі

Бүгін, 12:54
Мемлекет басшысының жолдауы Жетісу облысында қалай жүзеге асырылуда?

Мемлекет басшысының жолдауы Жетісу облысында қалай жүзеге асырылуда?

Бүгін, 12:35
Несие төлемін азайтуға кімдер құқылы және ол үшін не істеу керек?

Несие төлемін азайтуға кімдер құқылы және ол үшін не істеу керек?

Бүгін, 11:57
Дін және мемлекеттік қызмет

Дін және мемлекеттік қызмет

Бүгін, 11:40

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.