Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЖЫЛ БОЙЫ ЖАЛҒАСАДЫ

22 ақпан 2021
РУХАНИЯТ
ЖЫЛ БОЙЫ ЖАЛҒАСАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толатын биылғы мерейтойлы жылға ақын атындағы аудан үлкен мән беріп отыр. Қаңтар айында аудан бойынша арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, жыл бойына атқарылатын шаралар ауқымы белгіленген болатын. Мерейлі іс-шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуын аудан әкімі Бағдат Әлиев жіті назарына алды.

Жуырда аудан басшысы мерейтойға дайындыққа байланысты зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, жыл бойы өткізілетін іс-шаралардың реті мен мән-маңызын талқылады. Белгіленген барлық іс-шараларды жоғары деңгейде атқару төңірегіндегі ой-пікірлер ортаға салынды. Жиында осы шараларды көпшіліктің ауызбіршілігімен, ұйымшылдығымен лайықты өткеру үшін ең алдымен «Бабалар рухына тағзым» қоғамдық қорының қуаттылығын арттырған жөн деп табылды. Жиынға келіп, өз ой- ұсыныстарын айтқан азаматтарды мұқият тыңдап, назарына алған Бағдат Байшалұлы кездесуді қорытындылай келе осы шараға жауапты болып танылған комиссия мүшелерімен апта сайын бас қосып, ұйымдастыру жұмыстарының барысын қадағалап отыратынын білдірді.
Айта кетсек, Жамбылдың 175 жылдығына арналған аудандық іс-шаралар жоспарында абыз-ақын шығармашылығынан сыр шертетін таңдамалы жинақ және естеліктер топтамасын шығару, аудан елді мекендерінде Жамбыл Жабаевқа көше атауын беру, ақынның өнегелі өмірі жайлы бейнебаян түсіру, Уәлихан Қалижанның «Жамбыл» атты кітабын қазақ, орыс тілдерінде шығарып, тұсаукесерін өткізу, республика аумағында ақын есімін иеленген аудандар мен ауылдарға экспедиция ұйымдастыру, Жамбылға арналған суретшілер көрмесін өткізу белгіленген.
Бұл айтылғандардан басқа, Нұр-Сұлтан қаласындағы ақын ескерткішіне тағзым,  «Ленинградтық өренім» жырына арқау болған Санкт-Петербург қаласына экспедиция, Алматы қаласындағы Жамбыл көшесі мен ақын ескерткішіне барып қайту, Жамбыл облысына сапарлау, «Сүйінбай сазы» халықтық фольклорлық-этнографиялық ансамблінің концерттік бағдарламаларын, спектакль дайындау көзделіп отыр. Сондай-ақ әдеби кештер, «дөңгелек үстел», ақын ұрпақтарымен жүздесу, танымдық сағаттар, ақындар айтысы, жыр мүшәйрасы, үздік шығармалар байқауы, Жамбылдың әдеби мемориалды музейінің көшпелі көрмесі сияқты өзге де шаралар жыл бойы жүзеге асырылмақшы. 
Көптеген шаралар жастардың қатысуымен өткізіледі. Бұл орайда ақынның шығармашылығы мен тұлғасын дәріптеуге бағытталған көпшілік флешмобтар, «open air», челлендждер, инсталляциялар, перфоманстар және  қазіргі заманғы жастар іс-шараларының өзге де жасампаз түрлері өткізіліп, олар ғаламторда, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде белсенді насихатталатын болады. 

Серік САТЫБАЛДИЕВ
Жамбыл ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Транзиттік әлеует трансформацияланады

Транзиттік әлеует трансформацияланады

Бүгін, 11:36
Орталық Азия мен Қытай елдері жаңа жоспарларды қабылдады

Орталық Азия мен Қытай елдері жаңа жоспарларды қабылдады

Бүгін, 11:30
Талдықорған орталығында отшашу атқан тұрғын жауапкершілікке тартылды

Талдықорған орталығында отшашу атқан тұрғын жауапкершілікке тартылды

Бүгін, 11:00
729 қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

729 қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

Бүгін, 10:30
Халықтың орташа жасы өсіп, егде жастағылардың үлесі артып келеді

Халықтың орташа жасы өсіп, егде жастағылардың үлесі артып келеді

Бүгін, 10:06

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.