Талдықорған: +8°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Жылыту маусымына облыс бюджетінен 10,9 млрд.теңге қарастырылған

13 шілде 2023
РУХАНИЯТ
Жылыту маусымына облыс бюджетінен 10,9 млрд.теңге қарастырылған
WhatsAppTelegramFacebook

Былтырғы қақаған қыста Екібастұз қаласында орын алған төтенше жағдай жұрттың есінен әлі кете қойған жоқ. Қылышын сүйреп қыстың да келетін уақыты алыс емес. Демек, алдағы қыстың да қалай болатыны белгісіз. Сондықтан жылыту маусымына дайындық қарекеті де осы бастан пысықталып, жүйелі жұмыс жүргізу керек-ақ. Дегенмен, Жетісу облысында осыған дейін ерекше жағдай орын алған жоқ. Жылу желілері мен жылыту қазандықтарына жүргізілген жаңғырту жұмыстары жылдан жылға жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.

Алдағы жылыту маусымын қауіпсіз өткізу үшін облыс бюджетінен 10,9 млрд.теңге қарастырылған. Оның 3,7 млрд. теңгесі жылумен жабдықтау нысандарын жөндеуге, ал 7,2 млрд. теңгесі отын сатып алуға бағытталған. Сондай-ақ, кәсіпорындардың меншікті қаражатынан 1,1 млрд. теңге көзделген. Энергия кәсіпорындары үшін жылыту маусымына 365 мың тонна көмір, 10,1 мың тонна мазут дайындау керек. Осыған орай «Талдықорғанжылусервис», «Алакөлжылу», «Сарқанжылу» «АсуТВК»  «Панфиловсуқұбыры» мекемелері мен «Жылыту орталығы» ЖШС-лардың көмір және мазут сатып алуына бюджеттен 1,8 млрд. теңге бөлінген. Бюджеттік ұйымдарға көмір және дизель отынын жеткізу, жеке секторды көмірмен толық қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстар да ретімен жалғасуда. Сондай-ақ, 1648 көпқабатты тұрғын үй және бюджет саласының 936 объектісін қысқы жылыту маусымына дайындау жұмысы қадағалануда.

Орталық қазандықтарды жаңғырту, жылу және электр желілерін жөндеу жалғасуда. Ағымдағы жылы Талдықорған, Текелі қалалары мен Алакөл, Панфилов, Сарқан аудандарындағы жылумен жабдықтау нысанын жаңғыртуға, салуға және ағымдағы жөндеу жұмысына бюджеттен 3,7 млрд. теңге бөлінген. Сол қатарда Талдықорған қаласындағы №4 қазандықты газбен жылытуға ауыстыру және Текелі қаласындағы «Алатау» шағынауданындағы жылу желілерін қайта құру және салу, Алакөл ауданы, Үшарал қаласындағы қазандықты қайта жаңарту, Панфилов ауданы, Нұркент ауылының жылу желісін кеңейту, Сарқан ауданының Сарқан қаласының қазандығын ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары жүргізілуде. 

Жылу желісі мен көздерін қайта жаңарту аясындағы жоспар Қаратал мен Панфилов аудандары және Талдықорған қаласында қарқынды жүруде. Бүгінде облыстық бюджеттен «Басқуат» қазандығын қайта құру және кеңейту» жобасына түзету жүргізуге 500 млн. теңге бөлініп, жұмыс жүргізілуде. Ол келесі жылы наурыз айында аяқталып, алдын ала мөлшерленген құны 25 млрд. теңгені құрайтын жоба 2024-2025 жылы жүзеге асырылмақ. Электрмен жабдықтау жобасына да облыстық бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, 205 шақырымнан астам электр желісі қайта жаңғыратын болады. 

Демек, аймақта қысқы жылыту маусымына дайындық жұмысы қарқынды жүруде және оған керекті қаржы мөлшері де жеткілікті.

Қ. ОМАРАҚЫН
Фото: көрнекілік үшін

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Бүгін, 19:34
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бүгін, 19:21
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Бүгін, 18:58
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

Бүгін, 18:01
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Бүгін, 17:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.