Талдықорған: +4°C
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕКТІҢ» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ КІМДЕР?

15 ақпан 2019
РУХАНИЯТ
"ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕКТІҢ" ЖЕҢІМПАЗДАРЫ КІМДЕР?
WhatsAppTelegramFacebook

«Ең бірінші бақытым халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін»  деп тебіренген, қазақ поэзиясының тарланы атанған Мұқағали Мақатаевтың туғанына – 88 жыл. Мұзбалақ ақынды Жетісу жұрты биыл да ескерусіз қалдырмады. Қалыптасқан дәстүр бойынша облыс әкімінің қолдауымен шаһарымыздағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында ақынның өлеңдеріне жазылған «Жырлайды жүрек» атты ән байқауының гала-концерті өтті.

 

Қазақ поэзиясына таудай үлесін қосып кеткен ақынға арналған бұл байқау осымен он екінші рет өткізіліп отыр. М. Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндер мен жаңа орындаушыларды анықтап, жастар арасында өнерге деген құштарлықты арттыру, сондай-ақ, ел болашағы саналатын жас буындардың шығармашылық деңгейін көтере отырып, хас өнер иесінің мұрасын халыққа кеңінен насихаттау – аталмыш шараның басты мақсаты.

Байқаудың шымылдығы ақынға арналған арнайы театрландырылған көріністен бастау алды. Тұла бойды шымырлатып, ақын бейнесін көз алдыға әкелген әсерлі қойылымнан кейін облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Көлбаев ақын жайлы ой қозғап, үміткерлерге сәттілік тіледі. 

Жігерлі  сөзден соң тартысты бәсеке бірден басталып кетті. Өнерпаздар дәстүрлі және эстрадалық әндерден өнер көрсетіп, екі кезең бойынша сынға түсті. Әдеттегідей ақтық сынға іріктеліп, үздік деген 13 әнші жолдама алды. Ал олардың бағасын ҚР еңбек сіңірген әртісі, Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның жеке дауыстағы әншісі Қанат Құдайберген, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Жұматай Оспанұлы, халықаралық байқаулардың лауреаты Бауыржан Мырзабеков, облыстық халық шығармашылығы орталығының бөлім меңгерушісі Асқар Нұрмұхаметов  саралап, төрелік етті.

Қатысушылар белгілі бір аспапта өздерін сүйемелдеу арқылы және жанды дауыспен өнерлерін ортаға салды. Кеш барысында қатысушылар ақынның «Сәби болғым келеді», «Күрең күз», «Сарыжайлау» сынды танымал туындыларын орындап,  тыңдармандардың ықыласына бөленді. 

Байқау соңында әділқазылардың шешімімен үздіктер анықталды. Бұл тұста  дәстүрлі ән номинациясы бойынша Қарасай ауданынан келген Ерғали Ағайдаров бас жүлдеге ие болды. Одан кейін Кербұлақ ауданынан Азамат Үмбетов пен алакөлдік Рауан Ексілов бірінші және екінші орындардан көрінді. Райымбек ауданының түлегі Бауыржан Күмісбек пен Ұйғыр ауданының өнерпазы Қастер Қабдел үздік үштікті түйіндеді. Ал эстрада аталымы бойынша көзге түскен ескелділік «Самғау» квартеті оқ бойы оза шапты. Бірінші орынды қараталдық Айнұр Букенова қанжығалады. Балқаштық Ердуман Бейбітұлы екінші сатыдан көрінсе, көксулық Мерей Құдайбергенов пен талдықорғандық Аружан Жылқыбайға үшінші орын бұйырды. Сондай-ақ, қалған үміткерлер ынталандыру сыйлықтарымен және байқауға белсенділік танытқандары үшін Алғыс хаттармен марапатталды.

Рүстем ҚАНАПИЯНОВ

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

6 қараша 2026
Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

6 қараша 2026
Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

6 қараша 2026
Дін және қоғам

Дін және қоғам

5 қараша 2026
Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

5 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.