Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 30 КЕЛІГЕ ЖУЫҚ МАРИХУАНА ТӘРКІЛЕНДІ — ПОЛИЦИЯ

17 шілде 2022
САЯСАТ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 30 КЕЛІГЕ ЖУЫҚ МАРИХУАНА ТӘРКІЛЕНДІ - ПОЛИЦИЯ
WhatsAppTelegramFacebook

Жуырда Алматы қаласындағы өкілдік ғимаратында Алматы облыстық мәслихатының «Экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, депутаттық өкілеттіктер мен этика» және «Денсаулық сақтау, білім, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет, тіл, этносаралық қатынастар және ішкі саясат мәселелері» бойынша тұрақты комиссияның отырысы өтті.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе: «Алматы облысында есірткі, психатроптық заттар, сол тектестер және прекурсолармен байланысты қылмыстарды ескерту, анықтау, олардың жолын кесу және ашуға қатысты атқарылып жатқан жұмысы» туралы баяндаманы Алматы облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы басшысының орынбасары Аян Исабеков жасады. Есірткі саудасы мен пайдалану жағдайларын әшкерелеу, қылмыскерлерді жауапқа тарту барысында атқарылып жатқан өзге де жұмыстарды саралай келіп, Аян Ерболғанұлы жыл басынан бері Талғар және Қонаев қалаларында есірткі жасайтын екі зертхананың әшкереленіп, тиісті шаралар қабылданғанына да тоқталды. Сол сияқты, Алматы облысы аумағында жыл басынан бері салмағы 27 келі болатын кептірілген марихуананың тәркіленгенін, «Қарасора ­­– 2022» іс-шаралары бойынша құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсірумен айналысқан 10 жағдайдың анықталғанын депутаттар назарына ұсынған.

Осыдан кейін халық қалаулылары баяндамашыға сұрақ қойып, жағдайды жақсарту үшін қандай шаралар қолдану қажеттігіне баса назар аударды. Бұл жерде Алматы облысында тәркіленген заттардың құрамын анықтайтын зертхананың жоқтығы, былтыр 64 млн. теңгеге сатып алынған құралдардың бүгінге дейін орнатылмай тұрғаны да  айтылды.

Екінші мәселе бойынша «Алматы облысында маскүнемдікке, ішімдікке, нашақорлыққа және уытқұмарлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстар туралы» баяндаманы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева жасады. Лейла Пернебайқызының сөзінен бұл жерде де жағдай күрделі екенін аңғаруға болады. Облыстағы емдеу мекемелерінде маскүнемдер және нашақорларды емдеуге біршама жағдай жасалынғанымен, мәселе түбегейлі шешілмей келеді екен. Ең бастысы, осындай зиянды нәрсеге құмарлардың  жыл өткен сайын жасарып келе жатқаны ойландырады.

Депутаттар қоғамды іштен ірітіп жатқан әдеттерден сақтанудың жолдарын бірлесе шешуге ұсыныс жасады. Бұл жерде ауыл шаруашылығын көтеруге қабілетті жастардың ішімдікке салынып, қалада жүруі, оқушылар арасында электронды шылымды шегушілердің күн өткен сайын артып келе жатқаны әңгіме өзегіне айналып, осыған тоқтау салар шаралар жүзеге асырылуы қажеттігі айтылды.                                              

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Ел қауіпсіздігінің маңызды тірегі

Ел қауіпсіздігінің маңызды тірегі

Бүгін, 16:30
Қазақстанда Қызыл кітапқа енген сілеусінге алғаш рет GPS-қарғыбау тағылды

Қазақстанда Қызыл кітапқа енген сілеусінге алғаш рет GPS-қарғыбау тағылды

Бүгін, 14:39
Мемлекет басшысы Ливан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Ливан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін, 14:36
Арқар фототұзаққа түсті

Арқар фототұзаққа түсті

Бүгін, 13:30
Жаңа Азаматтық кодекс: шарт міндеттемесімен берік болуы тиіс

Жаңа Азаматтық кодекс: шарт міндеттемесімен берік болуы тиіс

Бүгін, 12:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.