Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 100 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫНДЫ АРАЛАП ШЫҚТЫ

9 қазан 2020
САЯСАТ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 100 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫНДЫ АРАЛАП ШЫҚТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысында учаскелік инспекторлар 100 мыңға жуық тұрғынды аралап шықты. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті хабарлады.

Алматы облысының полицейлері «Учаске» шарасының аралық нәтижесін шығарды. 7 қыркүйектен бері құқық қорғау органдары тұрғын үйлерді аралау шараларын 98803 рет ұйымдастырған, оның ішінде, кездесулер мен әңгімелесулер 30994 пәтер, 64775 жеке үй және 7568 саяжай тұрғындарымен өткізілген.

— Іс-шара нәтижесінде белгілі тұрғылықты жері жоқ 33 адам анықталып, 317 кәмелетке толмаған азамат ұсталды, оның ішінде, алкогольдік ішімдіктер ішкені және қоғамдық орындарға мас күйінде келген 7, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болған 15, қаңғыбастық жасаған 5 адам бар. Олардың барлығы бейімдеу орталықтарына орналастырылды. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 284 жасөспірім ұсталды. Тіркелген атыс қаруларының иелері де назардан тыс қалмады. Берілген рұқсатқа сәйкес қару иелеріне қатысты 190 құқықбұзушылық дерегі анықталды, оның ішінде, 143 дерек — қаруды сақтау қағидаларын бұзуға байланысты, ал 47-сі қайта тіркеу қағидаларын бұзу дерегі. Заңсыз сақталған 70 ойық ұңғылы қарудың патрондары және 83 атыс қаруының ұңғылары тәркіленді, олар анықталған кемшіліктер жойылғанға және салынған айыппұлдар төленгенге дейін полицияда қалатын болады, — деп атап өтті Алматы облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Бағдат Әшімов.

Барлық анықталған және әкімшілік жауапкершілікке тартылған құқықбұзушылардың жалпы саны 15858 адамды құрады. Олардың қатарында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер, ата-аналардың балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы, тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау, белгіленбеген орындарда сауда жасау, ұсақ бұзақылық, жалпы пайдалану орындарын ластау, алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу, тіркеусіз тұру, көші-қон заңнамасын бұзу секілді құқықбұзушылықтар бар.

— Бұл алдын алу іс-шарасы, басқалар сияқты, ең алдымен, криминогендік жағдайды жақсартуға бағытталған. Біздің міндетіміз — қылмыстың жасалуының және ауыр зардаптардың туындауының алдын алу және болдырмау. Полицияның белсенділігі, заңсыз әрекеттер үшін туындайтын жауапкершілікті көрсету халықты тәртіпке келтіреді және көптеген азаматтар осы процеске қатыса отырып, полиция қызметкерлеріне қоғамдық тәртіпті сақтауда белсенді көмектеседі, — деп толықтырды Бағдат Әшімов.

Іс-шара ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасады.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Қағазбастылық пен мектептегі тәртіп мәселесі қалай шешіледі?

Қағазбастылық пен мектептегі тәртіп мәселесі қалай шешіледі?

Бүгін, 09:49
Халық үнінен нақты шешімге

Халық үнінен нақты шешімге

Бүгін, 09:43
Негізгі Заңда жеке деректерді қорғау мен ауыл бюджетін арттыру мәселелері бекітілді

Негізгі Заңда жеке деректерді қорғау мен ауыл бюджетін арттыру мәселелері бекітілді

Бүгін, 09:18
Ғалымдар қатерлі ісікті гендік деңгейде анықтап, жасушалық өнімдер әзірлеуде

Ғалымдар қатерлі ісікті гендік деңгейде анықтап, жасушалық өнімдер әзірлеуде

Бүгін, 09:07
Ет қақтап, шұжық айналдырған

Ет қақтап, шұжық айналдырған

Бүгін, 09:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.