Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ҚАҢТАР ТРАГЕДИЯСЫ БОЙЫНША 717 АДАМ СОТТАЛДЫ — БАС ПРОКУРОР

28 шілде 2022
САЯСАТ
ҚАҢТАР ТРАГЕДИЯСЫ БОЙЫНША 717 АДАМ СОТТАЛДЫ - БАС ПРОКУРОР
WhatsAppTelegramFacebook

Нұр-Сұлтанда Бас прокурор Берік АСЫЛОВТЫҢ төрағалығымен алқа отырысы өтті. Онда прокуратура органдарының бірінші жартыжылдықтағы жұмысының қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.

Жыл басынан бері Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін прокурорлар күшін Қаңтар трагедиясының себептері мен егжей-тегжейін анықтауға, террорлық шабуылдар мен жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар мен белсенді қатысушыларын анықтауға бағыттады. Бүгінгі күні осы оқиғаларды тергеу нәтижелері бойынша сотқа 474 қылмыстық іс жолданды, 717 адам сотталды (жаппай тәртіпсіздік жасау, ұрлық, тонау, қаруды сақтау және алып жүргені үшін).

Қылмыстық процесті кезең-кезеңмен жаңғырту жалғасуда. Үш буынды модельді енгізу аясында прокурорлар 189 мың процессуалдық шешімді тексерді. Жыл басынан бастап прокурорлар ерекше тәртіп негізінде аса ауыр қылмыстар бойынша 570 айыптау актісін толтырды. Жалпы, «прокурорлық сүзгінің» арқасында тергеудің сотқа дейінгі сатысында азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылу фактілерінің саны азайды.

Қылмыстық орбитаға тартылған азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға ерекше назар аударылуда. Жыл басынан бері 1077 тұлғаға қатысты негізсіз қылмыстық қудалау тоқтатылды. Қызметтік үй-жайлардан және уақытша ұстау изоляторларынан 512 адам босатылды.

Прокурорлардың бастамасы бойынша 634 адамға қатысты сот үкімдері заңға сәйкестендірілді, 130 сотталушының жағдайы жақсарды, 15-і ақталды. Әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлардың актілері бойынша 8 мыңнан астам заң бұзушылық жойылды. Бюджетке 15 млрд.теңгеден астам қаражат қайтарылды. Әр түрлі жауапкершілікке 14,5 мың адам тартылды.

Кедендік реттеу және сұйытылған мұнай газы нарығы саласында тәртіп орнатылды. Елеулі заңбұзушылықтар, ұрлық пен сыбайлас жемқорлықтың «көлеңкелі» схемалары ашылды.

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау, медициналық бұйымдарға баға белгілеу мәселелері, ірі көтерме сауда базарларының қызметі және басқа бойынша тексерулер жүргізілді. 184 мыңнан астам адамның еңбек құқықтары қалпына келтірілді, 1,1 млрд.теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек өтелді.

Азаматтық, әкімшілік және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша 2,1 мыңнан астам сот актілері түзетілді, 6,7 млрд.теңгеге бюджет шығындарының алдын алынды.

Қадағалаудың басым бағыттарының бірі – бизнесті қорғауда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Мәселен, кәсіпкерлік саласындағы заңбұзушылықтар бойынша 845 қадағалау актісі енгізілді, 212 млн.теңгеден астам сомаға 5,5 мың әкімшілік өндіру тоқтатылды, 6,2 мыңнан астам заңсыз тексерулер мен бақылаудың өзге де нысандарының жолы кесілді және күші жойылды, 650-ден астам адам жауапкершілікке тартылды.

Қадағалаушы орган алдында тұрған міндеттердің ауқымдылығы мен маңыздылығына назар аудара отырып, Берік Асылов прокурорлардан азаматтардың конституциялық құқықтарын, бизнес пен мемлекет мүддесін кешенді қорғауға, сондай-ақ қылмыстылықпен күресте үйлестіруші ролін күшейту керектігін талап етті.

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Ел қауіпсіздігінің маңызды тірегі

Ел қауіпсіздігінің маңызды тірегі

22 қараша 2026
Қазақстанда Қызыл кітапқа енген сілеусінге алғаш рет GPS-қарғыбау тағылды

Қазақстанда Қызыл кітапқа енген сілеусінге алғаш рет GPS-қарғыбау тағылды

22 қараша 2026
Мемлекет басшысы Ливан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Ливан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

22 қараша 2026
Арқар фототұзаққа түсті

Арқар фототұзаққа түсті

22 қараша 2026
Жаңа Азаматтық кодекс: шарт міндеттемесімен берік болуы тиіс

Жаңа Азаматтық кодекс: шарт міндеттемесімен берік болуы тиіс

22 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.