Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

БАЛА ЗОРЛАҒАН ПЕДОФИЛ ӨМІР БОЙЫНА БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

18 қаңтар 2021
САЯСАТ
БАЛА ЗОРЛАҒАН ПЕДОФИЛ ӨМІР БОЙЫНА БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысында көршісінің баласын ұрлап, оны жертөлелердің бірінде зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Жаға ұстатар қылмыс жайлы Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, 2020 жылдың 7 наурызында Н.есімді ер адам мас күйде көршісінің кішкетай баласын ұрлап кеткен. Баланың қарсылығы мен айқайына қарамастан, аузын жауып, оны ешкім көрмейтін жеке тұрғын үйдің жертөлесіне апарып, жұдырықпен ұрған.

Салдарынан бала есін жоғалтып, дәрменсіз күйде, зорлық-зомбылық пен жыныстық әрекетке ұшырады. Сотта сотталушы айыпты мойындамады, әрекеттің дәлелденбеуіне байланысты өзін ақтауды сұрады.

Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы мен жәбірленушінің заңды өкілі соттан ер адамды Қылмыстық кодекстің 125-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағы,120-бабының 4-бөлігі, 121-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп тануды және өмір бойына бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындауды сұрады.

Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, куәгерлердің айғақтарымен, сот-сараптамалық зерттеулердің нәтижелерімен дәлелденді. Сондықтан, сот жаза тағайындау кезінде қылмыстың аса ауыр санатына жататынын, қылмыстың сипатын, сотталушының жеке басын, оның ішінде қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын, жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жайларды ескерді.

«Сот оны Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-бөлігі 5-тармағы, 120-бабы 4-бөлігі, 121-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды және оған қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде жазасын өтей отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза тағайындады», — делінген Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының «Қазақпаратқа» шыққан мәлімдемесінде. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

16 қараша 2026
Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

16 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

16 қараша 2026
Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

16 қараша 2026
Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

16 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.