Талдықорған: +9°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

БАУЫРЖАН БАЙБЕК ПЕН ЖАНБОЛАТ МАМАЙДЫҢ СОТЫ: БІРДЕ-БІР ДӘЛЕЛ ЖОҚ

13 тамыз 2021
САЯСАТ
БАУЫРЖАН БАЙБЕК ПЕН ЖАНБОЛАТ МАМАЙДЫҢ СОТЫ: БІРДЕ-БІР ДӘЛЕЛ ЖОҚ
WhatsAppTelegramFacebook

Заңгер Айжан Тәшенова Бауыржан Байбектің ар-намысын, абыройын және іскерлік беделін қорғау жөнінде Жанболат Мамай мен Инга Иманбаеваға қарсы талап-арызы бойынша аудандық соттың шешіміне берілген апелляциялық шағымға пікір (қарсылық) енгізді. Бұл туралы «Жетісу» газеті заңгердің Facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлады.

Заңгердің айтуынша, қоғам белсендісі Жанболат Мамай мен оның әйелі Инга Иманбай негізгі сот отырысында қаншалықты дәлел келтіре алмаса, апелляциялық шағымы да соншалықты дәйек-дәлелсіз.

— Атап айтқанда, аппеляциялық шағым Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 404 және 427-баптарының талаптарына сәйкес келмейді, себебі, бұл құжатта (қосымша тіркеп отырмын) іс үшін маңызы бар және шешімнің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болатын жаңа фактілер немесе бірде-бір нақты дәлел келтірілмеген. Шағым заңды түрде дұрыс рәсімделмеген. 8 беттің ішіндегі 7,5 беті – бұл тек шағым түсіріп отырған сот шешімінен үзінділерден тұратын фактілердің сипаттамасы мен заң нормалары ғана. Яғни, осыған дейінгі бүкіл отырыстардағыдай Ж.Мамай мен И.Иманбаева және олардың жалғыз қалған заңгері бірінші сот инстанциясының шешімін екі ғана абзацқа сыйып кеткен бос сөзбен және расталмаған дәлелдермен дауламақшы, — деп жазды Айжан Тәшенова.

Заңгердің айтуынша, ерлі-зайыптының Бауыржан Байбек туралы таратқан мәліметтері толықтай жалған және негізсіз. Сондықтан да олар сотқа өз сөзін дәлелдейтін нақты құжаттар өткізе алмаған көрінеді.

— Таңқаларлығы сол, бұған дейін «масштабты коррупция» фактілері туралы барлығын сендіргісі келген Ж.Мамай мен И.Иманбаева өздерінің берген шағымдарында тек 2 мәселе – «Қазақфильм» АҚ жер учаскесі мен автобус сатып алу туралы айтқан. Нақты айтқанда, жауапкерлер сотқа қандай да бір жаңа құжат пен маңызды дәлел келтірмеген. Ал бұл екі мәселе де бұған дейін бірінші инстанциядағы сотта барлық растайтын құжаттарды зерттей отырып, егжей-тегжейлі қаралған болатын, — деді заңгер.

Еске салайық, аталған апелляциялық сот отырысы 16 тамызға жоспарланған. Бұған дейінгі болған сотта белсенділер Жанболат Мамай мен Инга Иманбай жеңіліп, Бауыржан Байбек туралы жариялаған видеоматериалдарын интернеттен өшіруге міндеттелген болатын. Толық мәліметті осы жерден (үстінен басыңыз) ала аласыз.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бүгін, 19:21
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Бүгін, 18:58
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

Бүгін, 18:01
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Бүгін, 17:55
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мейірбекова Раушан Білісбекқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мейірбекова Раушан Білісбекқызы

Бүгін, 17:52

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.