Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ: МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ АДВОКАТТАРҒА ДА ЕНГІЗІЛДІ

6 қаңтар 2020
САЯСАТ
БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ: МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ АДВОКАТТАРҒА ДА ЕНГІЗІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі — Заң) сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап адвокаттар мен заң консультанттарының кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыру енгізілді.

Мәселен, Заңның 36-бабы және 77-бабында көрсетілгендей, адвокат және заң консультанты шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.

Осы баптардың ережелеріне байланысты адвокат және заң консультанты кәсіби жауапкершілікті сақтандыру шарты болмаған кезде заң көмегін көрсетуге құқылы емес.

Сақтандыру төлемі клиенттерге адвокат және заң консультанты абайсызда мынадай кәсіби қателер жасаған жағдайда ғана жүргізіледі:

1) іс жүргізу мерзімдерін өткізу;

2) құжаттарды дұрыс ресімдемеу;

3) клиентке жасалатын заң әрекеттерінің салдары туралы хабарламау, бұл оған зиян келтіруге әкеп соғады;

4) клиенттің құжаттарын жоғалту немесе бүлдіру;

5) мәліметтерді заңсыз жария ету.

Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру құнының мөлшері республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында қызметін жүзеге асыратын адвокаттар және заң консультанттары үшін – 1000 еселенгеннен кем емес, өзге адвокаттар және заң консультанттары үшін – 500 еселенгеннен кем емес АЕК мөлшерін құрауы тиіс.

Адвокаттар мен заң консультанттарының кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыруды енгізу азаматтарға адвокат немесе заң консультанты құқықтық көмек көрсету туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда сақтандыру өтемін алуға мүмкіндік береді.

Сақтандыру шартында сақтандыру объектісі, сақтандыру жағдайы, сақтандыру сомасы, тарифтік мөлшерлеме, сақтандыру сыйлықақысы, франшиза, мерзімі және сақтандыру аумағы көрсетілуге тиіс. «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар заңды тұлға сақтандырушы бола алады.

Адвокаттар мен заң консультанттарының кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыру азаматтарға білікті заң көмегін алуға кепілдік береді.

А.АРАП

Алматы облысы бойынша әділет департаментінің басшысы

Сурет ғаламтордан алынды

 

Қатысты жаңалықтар

Тәуелсіздіктің төл белгісі

Тәуелсіздіктің төл белгісі

Бүгін, 08:08
Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.