Талдықорған: +8°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

КЕҢЕС БЕРІЛДІ

3 қараша 2021
САЯСАТ
КЕҢЕС БЕРІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Журналистер үйінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев пен облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Атсалим Идигов «Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында кездесу өткізді.

Мемлекеттік қызметкерлер мен журналистер қатысқан жиында сыбайлас жемқорлықты жою тақырыбы және оның пайда болу себептері талқыланып, заңнамадағы жаңалықтар мен өзгерістер толыққанды түсіндірілді. Жандос Сағындықұлы қазынаға жеті миллиард теңгеден астам қаржы қайтарылғанын хабарлай келе:
– Бүгінгі таңда тоғыз айдың ішінде тіркелген 87 қылмыстық құқықбұзушылықтың 68-і сыбайлас жемқорлыққа қатысты. 155 адам жауапкершілікке тартылса, оның 20-сы облыс, қала, аудан көлеміндегі бірінші басшылар. Қылмыстардың көпшілігі білім беру саласына тиесілі. Біз сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін жүйелі жұмыс атқарып жатырмыз. Адам бойында қоғам дертіне қарсы мәдениетті қалыптастырудың негізі – дұрыс білім мен тәрбие. Қозғалған іс бойынша соттың шешімі шығып, адам бас бостандығынан айрылатын болса, жазасын аяғына дейін өтейді. Оларға жазаны өтеуде шартты түрде мерзімінен бұрын босату жүрмейді. Кейін өмірбақи мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік ұйымдарда қызмет етуге тыйым салынады, – деді.
Алматы облысының Құрметті азаматы Атсалим Идигов сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін бірнеше факторларды атап өтті.
– Халық мемлекеттік қызметтерді алуды тездету үшін білім беру және медициналық мекемелерде, сондай-ақ, құқық қорғау органдарында заңбұзушылыққа барады. Сондықтан жалпы жүйенің ашықтығын қамтамасыз етіп, Грузия, Швейцария немесе Сингапур сияқты санаулы елдерден үлгі алу керек, – деген Атсалим Идигов адал еңбек қағидаттарын қалыптастыру, сондай-ақ қаржылық ресурстарды бақылау бойынша ұсыныстарын жеткізді. 
Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнеүзіктер көрсетіліп, қойылған сұрақтарға жауап берілді.  Жиыннан кейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Адал Көмек» жобасы аясында «Сити плюс» сауда орталығында халыққа тегін құқықтық кеңес берілді. Заңгерлер, адвокаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері тұрғындарға әлеуметтік қолдау, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, азаматтық, отбасылық, еңбек, мұрагерлік заңнама бойынша мәселелерді жан-жақты түсіндіріп берді.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

21 қараша 2026
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

21 қараша 2026
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

20 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.