Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Әлихан Смайылов ХВҚ-ның республикадағы миссиясының басшысы Николя Бланшемен кездесті

21 қараша 2023
САЯСАТ
Әлихан Смайылов ХВҚ-ның республикадағы миссиясының басшысы Николя Бланшемен кездесті
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен ХВҚ-ның республикадағы миссиясының басшысы Николя Бланше Қазақстан мен Халықаралық валюта қоры арасындағы таяу және орта мерзімді перспективаға арналған ынтымақтастық жоспарларын талқылады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Кездесу барысында Үкімет Халықаралық валюта қорымен серіктестікке үлкен мән беретіні және оның Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайтыны аталып өтілді.

Биылғы маңызды оқиғалар – Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиеваның Қазақстанға сапары және Алматыда Кавказ, Орталық Азия елдері және Моңғолия үшін әлеуетті дамыту жөніндегі өңірлік орталықтың ашылуы болды.

Әлихан Смайылов атап өткендей, бүгінде ел экономикасы жаңа жағдайларға бейімделіп, тұрақты өсім көрсетуде.

Атап айтқанда, 10 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 4,9%-ды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 12,6%-ға өсті.

Бұл алдағы уақытта, атап айтқанда, 2024 жылы оң динамика үшін қажетті шарт болып табылады.

Сонымен қатар Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен шараларын жүзеге асыру нәтижесінде инфляцияның айтарлықтай баяулауы байқалады.

Үкімет басшысы халықаралық рейтингтік агенттіктердің Қазақстанның тәуелсіз несиелік рейтингін инвестициялық деңгейде растағанын айтты.

Сондай-ақ қазан айында Moody’s агенттігі рейтинг бойынша болжамын «тұрақтыдан» «позитивке» дейін жақсартты.

Премьер-Министрдің сөзінше, қазіргі уақытта Қазақстанда салық-бюджет саясатын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Бюджеттік процестерді оңтайландыруға, бюджетаралық қатынастарды жақсартуға және жалпы мемлекеттік қаржыны басқару сапасын арттыруға бағытталған жаңа Бюджет кодексі әзірленуде.

Бұдан бөлек, жаңа Салық кодексі жасалып жатыр.

«Біздің басты міндетіміз – макроэкономикалық тұрақтылықты және тұрақты экономикалық өсуді әрі қарай қамтамасыз ету. Осы тұрғыда Халықаралық валюта қорына тұрақты қолдау көрсеткені үшін ризашылығымызды білдіреміз», — деді Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Николя Бланше Қазақстанның болашақта ауқымды экономикалық өсуге қол жеткізуі үшін қуаты мен мүмкіндіктері жеткілікті екенін атап өтті.

«Біз республиканың қарқынды өсу жолындағы амбициясын көріп отырмыз және қол жеткізген жетістіктерін ескереміз. Прогресс көптеген салада байқалады. Бұл өсімге қандай жолмен қол жеткізілетіні өте маңызды. Біз кеңестеріміз бен ұсыныстарымызда дәл осы жолдарды көрсетеміз. Біздің ойымызша, жеке сектор мемлекеттің қолдауымен жетекші рөл атқаруы керек», — деді ХВҚ-ның Қазақстандағы миссиясының басшысы.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның қаржы секторын одан әрі жетілдіру және дамыту үшін өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін растады

Дереккөз: Kazinform.
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

105 жаста да сайлаудан қалған емес

105 жаста да сайлаудан қалған емес

Бүгін, 13:31
Мәслихат есімді аудан тұрғыны өз таңдауын жасады

Мәслихат есімді аудан тұрғыны өз таңдауын жасады

Бүгін, 13:19
Рұқсатсыз аң атпа

Рұқсатсыз аң атпа

Бүгін, 13:00
№447 сайлау учаскесінде «Әуенді Текелі» концерттік бағдарламасы өтті

№447 сайлау учаскесінде «Әуенді Текелі» концерттік бағдарламасы өтті

Бүгін, 12:45
Майдангер Ысқақ Құсайынов дауыс берді

Майдангер Ысқақ Құсайынов дауыс берді

Бүгін, 12:43

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.