Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ПОЛИЦЕЙЛЕР АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

26 ақпан 2020
САЯСАТ
ПОЛИЦЕЙЛЕР АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Ауғанстанда әскери борышын өтеуге аттанған талай бозбала қан майданда қаза тапты. Міне, сол Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына да 30 жылдан асыпты. Осыған орай, Талдықорғандағы қалалық тұрғын үй шаруашылығы ғимаратының мәжіліс залында облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы 1-полиция батальоны басшылығының ұйымдастыруымен игілікті шара өтті.

Жиында полиция қызметкерлері зұлмат соғыстың зардабын көрген Шормақ Ілиясовпен, Сәкен Нұрқаевпен жүздесті. Шарада он сегізінде от кешіп, тас жастанған батырлар сұрапыл соғыстағы оқиғасын айтты. Сонымен қатар, жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында ел мен жер, тіліміз бен салт-дәстүріміз жайлы әңгіме өрбітті.

Жиын барысында Ауған соғысының ардагері Шормақ Ілиясов:

– Қаншама жас осы белгісіз қырғында қан кешті. Сол батырларды еске алу мақсатында әр жылдың 15 ақпанында гүл шоқтарын қойып, еске алу күні аталып өтеді. Желтоқсанда Ауғанстанға кірген, ақпанда Кеңес әскерлерінің шыққан күндеріне байланысты түрлі шара ұйымдастырылып жатады. Бүгінде интернационалист жауынгерлерге арналған үлкен шара өтуде. Кездесуді өткізуге мұрындық болған облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерлеріне алғыс білдіремін, – деп ақжарма тілегін ақтарды.

Ауған соғысының аяқталғанына орай қаламызда түрлі шара өткізіледі. Батырларға арналған әрбір игілікті іс – ол өткенге құрмет. Сонымен қатар, болашақ жастарға патриоттық тәрбие беріп, отаншылдыққа баулитыны анық. Өйткені, Отан үшін оқтан қаймықпаған бабалардың кешегі ісі – батырлық, бүгінгі әр сөзі –тарих. Отан алдында адал қызмет атқарып, елі мен жері үшін сұрапыл соғыста қаһармандық танытқан ардагерлерге құрмет көрсету — болашақ ұрпақтың борышы.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.