Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ТӨРАҒАСЫ АЛМАТЫ ӨҢІРІНЕ КЕЛДІ

6 ақпан 2021
САЯСАТ
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ТӨРАҒАСЫ АЛМАТЫ ӨҢІРІНЕ КЕЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Қарасай және Іле аудандарында болып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Алдымен Қарасай ауданына ат басын тіреген Алик Жатқамбайұлы мұндағы Ұмтыл және Жібек жолы ауылдық округтерінде болып, ауылдық әкімдік ғимаратының жай-күйін өз көзімен көрді. Мұнда тозығы жеткен ғимараттардың орнына заман талабына сай кеңселер тұрғызу мәселесі көтерілді. Сол сияқты Елтай ауылдық округіне қарасты Береке ауылындағы 28 жылдан кейін қалпына келтірілген Мәдениет үйіне арнайы келіп, руханият ордасының жұмысына оң бағасын берді.

Осыдан кейін Іле ауданының Боралдай ауылында ат басын бұрған ол «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай етіп күрделі жөндеуден өткізілген сервистік әкімдіктің жұмысымен танысты.

Бұл жерде Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев жаңаша жұмыс жасауға көшкен әкімдіктің міндеттері туралы түсініктеме беріп өтті. Жоғары лауазымды тұлғаның ел ішінде жүргенінен құлағдар болған Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты «Жастар» саяжайының тұрғындары Дәрігүл Бекнұсқаева, Кәмшат Қабулова, Айман Бекімшіновалар Алик Жатқамбайұлының қабылдауын өтініп, келісімін алғаннан кейін өздерінің арыз-шағымдарын ауызша жеткізді. Тұрғындар негізінен саяжайда заңсыз жиналатын қаражат пен ауыл әкімі және саяжай басшысының дөрекі әрекеттерін тілге тиек етті. Оларды мұқият тыңдаған агенттік төрағасы айтылған жайларды назарға алып, мұқият тексеру жүргізуге уәде берді.

Осыдан кейін Іле аудандық әкімдігінде Алматы облысының азаматтық сектор өкілдерімен, инвесторларымен, кәсіпкерлерімен және қала, аудан әкімдерімен кездесу өткізілді.

Атап айтқанда, жиынға Іле, Жамбыл, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Балқаш, Талғар аудандарының және Қапшағай қаласының әкімдері, сондай-ақ, аталған аудандардың ірі компания өкілдері қатысты. Басқосуды Алматы облысы әкімінің орынбасары, «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің кураторы Рустам Әли жүргізіп отырды.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Ернар Мақажанов өзі басқарып отырған мекеменің өткен жылы атқарған жұмыстары мен 2021 жылға арналған жоспары туралы баяндады. Баяндама барысында бейнематериалдар көрсетіліп, қоғамды іштей мүжіген жегіқұрттың зияны жайлы айшықты көріністер жұрт назарына ұсынылды.

Осыдан кейін Алматы облысы бойынша ақпараттық-ағарту штабының мүшесі, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ректоры Қуат Баймырзаев сөз алып, өткен уақыт аралығында жасаған жұмыстары мен қоғамдағы парасаттылық мәдениетін қалыптастырудағы азаматтық қоғамның рөлі туралы баяндады.

Ал облыс бойынша арнайы мориторинг тобының төрағасы Виктор Викторович Тен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріндегі арнаайы мориторингтік тобының рөлі, 2021 жылға арналған жоспары» турасында кеңінен тоқталып өтті.

Жиында Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев пен Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуанышбек Қашқымбаевтар да сөз алып, күн тәртібіне қойылып отырған мәселе бойынша өңірлерде атқарылып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Жиынды агенттік төрағасы Алик Шпекбаев қорытындылап, облыс аумағында жергілікті атқарушы органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының іске асыруы жайында, сондай-ақ, «Жетісу-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында атқарылған жұмыстарға қатысты өз ойын ортаға салды. Қоғамды іштей ірітетін қатерлі індет — жемқорлықтың алдын-алуға қатысты ұсыныстар мен шаралар кеңінен тарқатылды.

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

Қарасай, Іле аудандары

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

16 қараша 2026
Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

16 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

16 қараша 2026
Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

16 қараша 2026
Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

16 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.